Абилкасимов Б. Язык газеты «Дала уалаяты» . Автореф. канд. дисс. - Алма-Ата,
1961. - С.21.
310
былай қойғанда, интонацияға құрылып, ауызекі әңгімелеу
стилінде берілген сойлемдерді табамыз. Мысалы, бұған бір-
екі сөзді толымсыз сөйлемдердің жиі кездесуі жатады: «Бірлік
қандай елде болады, қайтсе тату болады. Білмейді» (II, 163).
Соңғы баспаларда екінші сөйлемді алғашқыдан сызықша
арқылы жазып жүрміз, бірақ одан сөйлем табиғаты өзгермейді.
Білмейді деген толымсыз сойлемнің мағынасы ауызекі сөй-
леуде алдындағы сөйлемдерден интонациямен айқындалып
түсінікті болып шығады. Мына мысалдар да осы тәрізді:
«Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе» (II, 168);
«Тағдырдың жарлығын білесіздер – өзгерілмейді» (II, 175);
«Ойлайды: жалынтып бердім деп. Ақымақтығынан ойлайды»
(II, 176).
1-сөзіндегі Ел бағу? Мал бағу? Ғылым бағу? Балаларды
бағу? деген толымсыз сөйлемдердің сұраулық мағынасы тек
интонация арқылы танылады, әйтпесе мұнда бұл категорияны
жасап тұрған ешбір грамматикалық белгі жоқ. Бұл да – ауызекі
сөйлеу тілінің синтаксисіне жататын тәсіл.
Құрмалас сөйлем компоненттерінің арасында мағынасы
жағынан тұруға тиісті бірақ, сондықтан, себебі, ал тәрізді жал-
ғаулықтар қолданылмай құрылған конструкциялар да, біздің-
ше, ауызекі сөйлеу нормасына жуық тұрады, өйткені бұлардың
қызметін интонация атқарады. Абайда бұл типтес сөйлемдер
системалы түрде едәуір мол кездеседі: «Бағар едім, [бірақ]
қалайша бағудың мәнісін де білмеймін» (II, 157); «Жоқ,
ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ, [сондықтан]
білгеніңді кімгс үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың» (II,
157); «Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады,
[сондықтан] орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпе-
нен азайт» (II, 162). Абайда әсіресе сондықтан жалғаулығы
түсірілген (дұрысырағы, пайданылмаған) сөйлемдер жиі
кездеседі.
Сондай-ақ ал, және жалғаулықтары да сұранып тұратын
құрылымдар бар: «Бірақ жас бала қызыл ошақтан қорқушы
еді, [ал] бұлар тозақтан да корықпайды екен» (II, 163); «Сон-
да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, [және] қай
көп үйреніпті» (II, 180).
311
Бірақ бұл сөйлемдердің барлық жағынан дұрыс құрыл-
ғандығы соншама, жалғаулықтардың орнын ғана ашық қал-
дырып, қоя салуға дайын етіп қойғандай сезіледі. Бұлар –
қазіргі жалғаулықты салаластардың белгілі бір сатыдағы
прототипі тәрізді, өйткені қазақ әдеби тілінде жалғаулықты
салаластардың жүйелі нормаға айналуы – тіпті соңғы кездердің
жемісі екені аян.
* * *
Абай прозасының синтаксисіне байланысты ең соңғы
әңгіме – оның Абай қаламына ғана тән стильдік бір ерекшелігі.
Ол әңгіме – Абай «Қара сөздерінің» тіліне поэзия тілінің
әсері, атап айтқанда ұйқасқа, өлшемге құрылған синтаксистік
параллелизмдердің қолданылуы туралы. Бірыңғай мүшелерге
байланысты жоғарыда да айттық, Абай прозасында ұйқасып
немесе бірдей тұлғаға койылып, не болмаса сөз саны бір-
дейлестіріліп келтірілген параллель бірыңғай мүшелер,
тіркестер, жеке сөйлемдер жиі кездеседі. Мысалы: «Ол мал
көбейсе... сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ» (II, 159);
«Қыстауы тарлық қынса, арызы жеткендік, сыйы өткендік»
(II, 159); «Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, ай-
нымас көңіл, босанбас буын керек екен» (II, 173). Бұл –
тіркестерден болған параллелизмдер. Сондай-ақ Абайдың
жеке сөйлемдері де кейде өлең тәрізді біркелкілікті сақтайды:
«Ашулансам – ызалана алмаймын, күлсем –қуана алмаймын»
(II, 166); «Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ» (II, 165);
«Жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да
қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді,
бұлар неден болса да ұялмайды екен» (II, 163); «Биік мансап –
биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп
ұшып қыран да шығады» (II, 193).
Синтаксистік параллелизмдер – Абай өлеңдерінің ең
көрнекті стильдік белгілерінің бірі. «Сегіз аяқ» сияқты әрбір
шумағы бірнешс параллельден тұратын тұтас шығармасын
былай қойғанда, Абайдың көптеген өлеңінен бұл тәрізді
қатарларды жиі кездестіреміз: «Қадірлі басым, Қайратты
жасым Айғаймен кетті, амал жоқ» (I, 91); «Бойы бұлғаң»
деп басталатын бір ғана шығармасында: «Бойы бұлғаң, Сөзі
312
жылмаң; Бас құрасып, мал сұрасып; Сөз қыдыртқан, Жұрт
құтыртқан; Ел қағынды, Мал сабылды; Түзде мырзаң, Үйде
сырдаң; Айтты – көндім, алды – бердім» тәрізді тармақтар
параллель қатарлар түзеді. Ол үшін Абай морфологиялық
оформлениенің біркелкілігін де (қыдыртқан – құтыртқан;
бұлғаң – жылмаң), антонимдік қатарларды да (үйде – түзде)
пайдаланады. Бұлар әрқайсысы – бір-бір тармақ болып кел-
ген параллельдер. Ал бір тармақтың өз ішінде параллель
түзеп тұратын тіркестер аз емес: « Сыртқа пысық келеді, көзге
сынық» (I, 39); «Кей құрбы бүгін тату, ертең бату» (I, 39).
Сөйтіп, поэзиясының синтаксисінде өзі қалап, индив-
идуалдық стильдік белгі ретінде қолданған параллелизм тәсі-
лін Абай едәуір мөлшерде прозасының тілінде де пайдаланған.
Достарыңызбен бөлісу: |