315
тәсілдер өз кезеңіндегі қазақтың
жалпыхалықтық тіліндегі
нормаларға негізделген. Оның ішінде ертеден келе жатқан
кейбір морфологиялық тұлғаларды Абай активтендіріп өз
қаламына тән, стильдік ерекшелігі ретінде қолданған. Сол
кездегі кітаби тілдік кейбір тұлғаларды Абай өлеңдерінде
(бірді-екілі діни тақырыптысында болмаса) мүлде пайдалан-
бай, прозалық шығармаларының да кейбіреулерінде арнаулы
мақсатпен әдейі қолданған.
Сөйтіп,
бір жағынан, ХІХ ғасырдың ІI жартысындағы
қазақ әдеби тіліне тән, оның ішінде проза жанрына тән, екінші
жағынан, Абайдың өз стиліне тән кейбір грамматикалық тұлға-
тәсілдер қазіргі нормадан біраз ерекшеленіп, өзгеше келеді.
Олардың басты-бастылары мыналар.
Морфология саласында:
1. -мақ жұрнақты тұлға Абайдың поэзиясында да,
проза-
сында да өте актив және өнімді. Оның қызметі де қазіргіден
кең: бұл тұлға қимыл есімі, абстракт зат есім, етістіктің
мақсатты
келер шағы, супин категорияларын білдіреді. Бұл
– қазақ тілінің өз тәсілі, Абайдан өзге үлгілерде де бар, бірақ
Абайдағыдай өнімді емес.
2. Келер шақтық есімшенің барыс жалғаулы тұлғасы
(барарға, жазарға) осы күнгі
-у жұрнақты тұйық етістіктің ба-
рыс жалғаулы түрінің орнына едәуір жиі қолданылған және ол
Абайдың бүкіл тіліне тән. Бұл да – өзге түркі тілдік емес, қазақ
тілінің ертеден келе жатқан өз тәсілі. Абайдан өзге нұсқаларда
да бар, бірақ сиректеу.
3. Ортақ етіс тұлғасының көптік категорияны беру қызметі
бар, бірақ бірте-бірте әлсіреп бара жатқан сипатта.
4. Ауыспалы шақтық болымсыз тұлғаның ыкшамдалған ва-
рианты
(отырман, тұрман) жиі қолданылған. Бұл да – қазақ
тілінің көне өз тәсілі. поэзия тіліне тән. Абайда активтенген.
5. Есімшенің
-тын, сын есімнің
-дай жұрнақтарының,
мен,
да шылауларының
-тұғын, -дайын, менен, дағы тәрізді толық
варианттары параллель қолданылған. Бұлар поэзия шартына
байланысты Абай өлеңдерінде кезек қолданылса, прозасында
көбінесе толық түрлері пайдаланынған. Бұл құбылыс – Абай
кезеңіндегі ауызекі сөйлеу тілінің де, сол тұстағы жаңа туған
прозалық стильдердің де нормасы.
316
6. Септіктердің бірінің орнына бірі ауысып қолданылуы бар.
7. Кітаби тілдік
-дүр, -мыш аффикстері, негізінен, Абайдың
прозасының тілінде өте сирек ұшырасады. Стильдік мотивпен
қолданылған.
Синтаксис саласында (прозалық шығармалары тілінде):
1. Күрделі ұзын-ұзақ конструкциялар бар. Олар: құрмалас
сөйлемдер мен бірыңғай жайылма мүшелері бар сөйлемдер.
Бұл – Абай тұсындағы қазақ прозасына тән тәсіл, бірақ Абайда
бұлардың өзгелерден принципті айырмашылығы бар.
2.Синтаксистік параллелизмдер көзге түседі. Бұл – Абай
прозасына оның поэзиясы тілінің тікелей еткен әсері. Синтак-
систік параллелизмдер – Абайдың ең сипатты индивидуалдық
белгілерінің бірі.
3. Сөйлем мүшелерінің, құрмалас сөйлем компоненттерінің
орын алмасып келген сәттері бар. Бұл – ауызекі сөйлеу
нормасының ықпалы. Абайда өте аз, өзге нұсқаларда едәуір.
4. Ауызекі сөйлеу стилінде құрылған сөйлемдер бар. Олар
– толымсыз сөйлемдер мен дәнекер шылаулары түсіріліп
берілген конструкциялар.
Төл сөзді конструкцияның берілуінде ертеден келе жатқан,
сол кездегі әдеби тілге тән тәсілі де (сөйлемнің
деп-ке аякта-
луы,
айтты, деді, сөйледі, сұрады тәрізді сөйлеу етістіктерінің
екі реттен қайталап келуі), жаңа тәсілдері де (осы күнгі
нормативтік тәсілдер) бар. Абай мен Ыбырай – бұл салада
алғашқы жол көрсетушілер.
Міне, қазіргі нормамен салыстырғанда, сай келмейтін,
«ерекшелік» принципімен
алынған грамматикалық тұлға-
тәсілдердің Абай тіліндегі басты топтары
– осылар.