Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет148/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

берейін» (II, 152) – Ақыры осы ойыма келген нәрселерді қағазға 
жаза берейін деп (немесе – жаза беруді) ойладым. «Әрнешік 
білмек керек: жоғарғы жазылмыш екі түрліден басқаиман 
жоқ» (II, 173) –...иман жоқ екенін... білмек керек.
Бұл конструкцияны қарапайым инверсиямен шатастыруға 
болмайды. Сөйлем мүшелерінің (немесе жай сөйлемдердің) 
жай ғана орындары алмасып келгенде, олар өз тұлғаларын 
сақтап тұрады, ал мына құрылыста толықтауыш бағыныңқы 
басыңқыдан кейін орналасу правосына өз баяндауышын 
тиянақты тұлғаға (ашық райға) келтіру арқылы ие бола-
ды. Әдетте мұндай сөйлемдерді сыртқы грамматикалық 
оформлениесіне қарап, салалас құрмалас деп тануға тиістіміз, 
ал мағынасына келсек, бұл – сабақтастардың айрықша бір түрі 
тәрізді. Бұрынырақ жарияланған бір мақаламызда бұл тип-
тес сөйлемдерді орыс синтаксисінін әсерінен пайда болған 
грамматикалық калька болар деген жорамал айтқанбыз
247
. Оған 
себебіміз мұндай сөйлемдердің Абайға дейінгі немесе тұстас 
нұсқаларда кездеспейтіндігі болатын. Бірақ, екінші жағынан, 
логикалық ой екпіні түскен компоненті бірінші позицияда 
келтіретін халықтың ауызекі сөйлеу тілі нормасынан пайда 
болған, Абай активтендірген тәсіл болар деп те тұспалдауға 
болады. Қайткенде де бұл – Абайда белгілі бір система түрінде 
келетін синтаксистік амал.
Құрмалас сөйлемдердің құрылысына қарағанда, Абай текс- 
терінде сөйлем мүшелерінің позициялық құрылысында әдет- 
тегі нормадан ауытқушылық біраз жиірек кездеседі. Бұлар әр- 
түрлі, бірақ көбінесе тұрлаусыз мүшелердің өздеріне қатысты 
мүшеден (көбінесе баяндауыштан) кейін орналасуы ұшыра- 
сады. Мысалы: «Әрбір байқаған адам білсе кереккүлкіөзі 
247
Сыздықова Р. Абайдың прозалықшығармаларындағы күрделі ойдың берілуі // 
Қазақтілі тарихы бойынша зерттеу. - Алматы, 1965. - 51-б..


309
бір мастық екенін, әрбір маскісіден ғафил көп өтетұғынын 
да,әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын» 
(II, 1
61); «Ешбір қазақ көрмедім малды иттікпен тапса да, 
адамшылықпен жұмсаған» (II, 168); «Не қылса да сөзді 
ұктырса болады оларға» (II, 179); «Екі етек жайылып, екі көзің 
аспанда масқара болып кеткенің өлгеніңше» (II, 218).
Бірақ бұларды да салыстырмалы шекпен алғанда көбірек 
деп отырмыз, әйтпесе мүшелерінің дұрыс орындарында келген 
сөйлемдердің жалпы санынан шығып қарағанда, бұлар да өте 
аз. Жоғарғы келтірілген 3-4 мысалдың үстіне ең көп болғанда 
тағы 3-4-еуі ғана қосылар. Ал бұл 7-8 факт алты баспа табақтай 
Абай прозасына шаққанда мүлде мардымсыз құбылыс болып 
шығады. Және сөйлем мүшелерінің орны ауысып жасалған 
жағдайларды Абайдан өзге текстермен салыстырып қарасақ 
та, соңғыларда Абайға қарағанда әлдеқайда көбірек екенін 
байқаймыз. Ыбырай да оқта-текте: келді әуелі шабақ (1955 
жылғы басылуда әуелі шабақтар келді деп «түзетілген») 
тәрізді конструкция кездесіп қалады. «Дала уалаяты газеті» 
тәрізді баспасөз тілінде де мұндай фактілер аз кездеспейді, оны 
зерттеушілер сөйлемнің орыс тілінен дұрыс аударылмауына 
байланысты қарайды
248
.
Азаматтық тақырыптарға жазылып, көпшілікке арналған 
кітапшалар тілінде де, фольклорлық үлгілердің қара сөзбен 
берілген бөліктерінде де, қысқасы, XIX ғасырдағы қазақ проза-
сында сөйлем мүшелерінің (көбінесе толықтауыш, пысықтауыш 
пен баяндауыштың, кейде бастауыш пен баяндауыштың) 
нормативтік орындары ауысып келуі әлдеқайда жиі сипатты 
белгі болған. Бұл құбылыс Абай мен Ыбырай прозаларында 
ғана едәуір тежеліп, осы күнгідей сөйлем мүшелері өз пози-
циясын сақтап, қатал нормаға түскен деп батыл тұжырымдай 
аламыз.
* * *
Абай прозасының синтаксистік құрылысында ауызекі 
сөйлеу тілінің ізі жоқ емес. Ғасырлар бойы әдеби жазба тілдің 
де нормасы болып кеткен, деп-пен аяқталатын сөйлемдерді 
248


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет