Поэзия тілі, поэтика
Абай қазақтың өзіне дейінгі және өзімен тұстас өлең сөзіне
қатаң талап қойып, кей сәттерін сынай отыра, қазақ поэзия
тілінің жасалу және даму заңдылықтары мен шарттарына
мойынсұнбай кетпеді, өйткені бұл – көркем сөз дамуының
объективті заңдарының бірі. Абай буын саны жағынан өлеңнің
өзіне дейін болмаған жаңа түрін жасағанымен, олардың
барлығы да силлабикалық құрылыс заңдылығына бағынады,
365
өйткені қазақ өлеңінің жасалу табиғатының өзі силлабикалық
буын өлшеміне құрылған. Абай өлеңнің тармақ санымен
ұйқасуына қарай небір алуан жаңа түрлерін ұсынғанымен,
олар өлеңді ұйқасқа құру шартына бағынады, өйткені соңғы
дәуірлердегі қазақ өлеңінің негізгі белгісі – аллитерация емес,
ұйқас. Абай қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің,
метафораның жаңа түрлерін ұсынды, ал олардың қолданылу
принциптері мен жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ
өлеңіне де тән болатын. Бұл шарттан да Абайдың аттап өтуі
мүмкін емес еді. Бірақ осылардың барлығын жетілдіру,
түрлендіру, жаңа сапалық белгілер қосу тұрғысынан по-
эзия тілін дамытуда Абайдың еңбегі орасан зор болды. Абай,
Пушкин сияқты, өлеңнің іші поэтикалық ойға толы болуына
күш салады. Ойға құрылған өлең сол ойды дәл, әсерлі етіп
беретін амал-тәсілдерді іздестіреді. Сондықтан да Абайда
өлеңнің мазмұнын, айтпақ идеясын білдіретін элементтердің
айқындала түсуі басым.
Абай қазақ тілінің сөздік құрамына өзгеріс енгізді. Өзіне
дейінгі ақын-жыраулар тілінде көп қолданылмайтын тұрмыс-
салттық лексиканың, қарапайым сөздерді, терминдік мәнге
ие болған ескі, жаңа атауларды өлең тіліне қосып, оларды по-
эзия тілінің құралына айналдырды. Абай шығармашылығы
тақырыбының бірі және бастысы – адам, оның моральдық
бет-бейнесі, сыртқы портреті, ішкі дүниесі, іс-әрекеті. Және
бұл тақырыптарды Абай бұрынғыдай жалпы түрде, өсиет-
ақыл айту түрінде емес, нақтылы түрде, әр қимыл-әрекетті, әр
мінез-құлықты дәл көрсету сипатында жырлайды. Сондықтан
адамның белгілі бір сәттегі психологиялық күй-қалпын дәл
беру үшін бұрыннан тілде қолданылатын жүрегі лүпілдеу, бу-
ыны босау, сағыну, ләззат алу тәрізді дағдылы сөздермен қатар
қазақ өлең-жырлары тілінде көп кездеспейтін суыну, ысыну,
елең қағу, бос шошу, қызару, сұрлану деген сияқты жай-күй ата-
уларын пайдаланады. Абайда жалпы адамды әр алуан жақтан
бейнелейтін етістіктердің көптігін және олардың образ жасауға
қатысатынын айту керек. Сырт қарағанда, «поэтикалық па-
спорты» жоқ бұртақтау, тыртыңдау, арсаңдау, босқа
талтаңдау, ит көрген ешкі көздену, тізесін созғылау деген
сияқты сөздердің өзіне де стильдік жүк артып, поэзия тілінің
құралына айналдырған.
366
Абай өлеңдеріне көзге елестетіп берілетін образдар тән.
Мысалы, аңға салған құс пен одан қашқан түлкінің суретін
көзге елестетіп беру үшін ақын қайқаң қағу, салаң ету, ау-
зын ашып қоқақтау, қанат-құйрық суылдау сияқты сөздерді
ұтымды пайдалана білген.
Мағына ауыстыру, теңеу сияқты «прозалық» сөздерді пай-
далануды жүйеге айналдырған. Мысалы, бақсының моласын-
дай жалғыз қалу, безгек ауру сықылды жүдететін ғашықтық,
піскен алма секілді тәтті қыз, өмір жолы – иген жақ т.б.
Лексикалық топтардың ішінде тек күнделікті тұрмысқа
қатысты немесе поэтикалық сөз болу қасиеті (мағынасы мен
бояуында) бейтарап сөздерді ғана емес, қоғамның саяси-
экономикалық құрылысына, оқу-білімге, философия мен дінге
қатысты сөздердің поэзия тіліне молынан қатыстырылуы және
көбінің образ жасауға қатысып, көркемдік құралына айналуы
– Абай өлеңдері тілінің бір ерекшелігі. Абай поэтикасында
көзге түсетін тағы бір құбылыс образдардың ауызша әдеби
тілдегідей, көбінесе, қазақ халқының санғасырлық күнкөріс
тіршілігінің негізі – малға немесе өз кезіндегі қазақ тіршілігіне
таныс құбылыстарға байланысты болып келетіндігінде ғана
емес, сол образдардың тыңдығында, бұрын айтылмаған теңеу,
бейнелеулерде. Мысалы, мұнда күлкіні – мәліш саудаға, алыс-
берісті – асықұтысқа, бозбаланы оңғақ бұлға теңеу неме-
се ұрлықпенен қулыққа байлағанда – кестің бау деуі осыны
көрсетеді. Абай талаптың аты, талаптың тұлпары, асау
Достарыңызбен бөлісу: |