43
Кітаби тіл Абайдың өзін де бір шарпып алғанын білеміз.
Бала кезінде, ақындығы балаң кезінде өзінің бойын керне-
ген талантқа қай әдеби тілді қолдану керектігін санамен де,
тәжірибемен де таңдап білерлік дәрежеге жетпей тұрған
кезінде Абай да кітаби тілді қолданып көрді. Әрине, бұл жерде
шешуші фактор – тілдегі ізденісі емес, әдеби творчестводағы
ізденісі, яғни шығыс әдебиетінен, классикалық әдебиеттен
күш, тірек іздеуі, бірақ осы ізденіс еріксіз тілді де іздеткен.
Тапқаны – шағатай тілі. Бірақ ең күшті Абай танушылар
айтқандай, бұл тапқанынан тез айнып, өзге арнаға – өз ақындық
арнасына түседі. Соған орай шағатай тілінен де бас тартады.
Әрине, әуелі тілден емес, шығыстан іздеген творчестволық
әдістен, мазмұннан бас тартады, ал бұл – тілін де өзгертеді.
Абайдың қазақ әдеби тіліндегі орнын тіл мамандарының
ішіндегі тұңғыш рет бұдан 30 жылдан астам бұрын соншама
зор білімдарлықпен, нақтылы талдау жасап сөз еткен проф.
Құдайберген Жұбанов ұлы қаламгердің ең маңызды еңбегі,
«еленбей келе жатқан ерекшелігі» деп алдымен осы жайды ай-
тады. Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан,
Татария сияқты елдердің XIX ғасырдағы ең күшті қалам иелері
(Мақтымкули, Бабич, Маржани, Насири т.б.) шығармаларын
таза өз халықтарының тілінде жаза алмай, «араб-парсы сөздерін
көп енгізген бүйреткі тілде» жазғанын дәлелдей келіп, проф.
Қ.Жұбанов Абайдың барлығынан озат шығуы «таза халық
тілімен жазып тұрып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісінен
шығарғандығында» деп түйеді
45
.
Шынында да, бұл – ескермейтін ерекшелік емес. Өйткені
Абай тұсындағы қазақ өмірінде кітаби тілдің формальдық
та (діни әдебиеттің күшеюімен байланысты), материалдық
та (жалпы кітап, газет шығару ісінің жандануымен бай-
ланысты) күш ала бастаған және Қ.Жұмалиев айтқандай,
«шағатайшылау, парсышылаудың үстіне татаршылау келіп
қосылған» болатын. Мұны сол кездің өзінде-ақ басы ұлы ға-
лым Шоқан Уәлиханов болып, қазақпен орыстың демократ-
тық бағыттағы интеллигенттері сезіп, қауіптерін білдіріп, орыс-
шылап айтқанда, тревога көтерді. Ы.Алтынсарин қазақ тілінде
жазылған бірде-бір кітап жоқ, балалардың оқып жүргені та-
тарша кітаби тілде жазылғандар, олардың тілі қазақтың қалың
45
Достарыңызбен бөлісу: