60
егіншілікпен айналысатын аудандардан астық сатып алып,
оны шом артқан түйе керуенімен тасып, қазақ арасына әкеліп
сататын адамдарды
ақшомшы деп атаған
58
. Бұл сөз астық таси-
тын көлік атынан
(шом артқан түйе>шом>шомшы) ауысып,
қимыл иесін де, керуен атын да білдірген тәрізді. Салыстыр,
Абайда: Қаз,
тырна қатарланып қайтса бермен, Астында
ақ
шомшы жүр, ол – бір керуен (I, 71). Зерттеуші диалектологтар
ақшом сөзімен қазіргі абайлық, шұбартаулықтар (әрине, тек
осы екі аудандағылар емес болар) ұзақ жолға жүрген керуенді
атайды деп көрсетеді.
Күләпара да – қазақ арасына тегіс тараған киім атауы емес
(өзге облыстарда
далбай, жалбағай т.б. аталады). Ол – қысы
қатты, жауын-шашыны мол орталық және шығыс аймақтарда
боранда не жауында тымақтың сыртынан киетін баскиім. Абай
бұл сөзді этнографиялық суреттеме өлеңіне («Ойланып ойға
жеттім жүз жылғы өткен»)
кіргізіп, жүз жылғы өткен киім
ішінде санағанымсн,
күләпара – Абайдың өз тұсында да, тіпті,
қазірде де бар сөз.
Жарияланған материалдарға қарағанда,
дарқан сөзі Ал-
маты өңірінде «ұста» мағынасында
қолданылатын жергілікті
ерекшелік ретінде кездеседі
59
. Абай тексіндегі
дарқан да дәл
осы ұғымда: Үшінші,
«дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым»
немесе «ағеке, нең кетеді осы ғанамды істеп бер», – дегенде...
(II, 189). Бұл сөйлем қолөнер туралы жазған 33-сөзінде.
Сондай-ақ Абайдың: «Боламын деп жүргенде
болат қай-
тып, Жалын сөніп, жас жүзін басады өзім (1, 218)» деген жол-
дарындағы
болат сөзі де –
біздіңше, әдеби тілдегі металл
атауы емес, Шығыс Қазақстан
60
аймағындағы «көздің нұры,
қарашығы» деген ұғым беретін жергілікті сөз болар дейміз.
Күсу етістігі де бұрын қазақ даласында тегіс қолданылмаған-
ға ұқсайды. Өткен ғасырдағы батыс, солтүстік ақындарының
ешқайсысынан бұл сөзді кездестірмейміз. «Безу, күдер үзу,
қашу» мағынасындағы
күсу сөзін Абай өте жиі пайдаланған:
58
Сулейменов Б. Аграрный
вопрос в Казахстане последней чертверти XIX в. и
нач. XX в.
- Алма-Ата, 1963. - С. 247.
59
Дарқан сөзінің «ұста» мағынасында қолданылуы, әрине, тек жалғыз Алматы
емес, оған жалғас Шығыс Қазақстан, Семей аймақтарында да болуы керек не өткенде
болған болу керек. Біз Алматыны ғана атағанда жарияланған материалға
(Досқараев
Ж. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. - II бөлім.
- Алматы, 1955. - 41-б.) қарадық.
60
Бұл да сонда.
61
«Ойға тоймас қызықты қиялдан
күс» (I, 239). «Жалмауыздай
жалаңдап, Ар-ұяттан
күсіппін» (I, 250). «Қайтіп суып жалғаннан
күсе аламыз» (I, 217). Сондай-ақ:
малдан күсу (I, 272),
жан-
нан күсу (I, 281). Осыған сүйеніп, Қ. Мұхаметхановтың Абай
жолдарына: «Көрмей тұрып
күсемін Темір көзді сарайды» деп
текстологиялық түзету ұсынуы
61
өте дәлелді. Бұл етістік Ду-
латта да бар: «Елім десе елеріп, Жаннан мүлде
күткен ер» (76).
Бұл қатарға тағы да 5-10 сөз қосып мысалдар санын өсіре
түсуге болар еді. Қысқасы, бұдан біз қазірдің өзінде тара-
лу аумағы тар жергілікті кейбір
сөздердің Абай текстерінде
орын алған фактісін көреміз. Сондай-ақ біз қазіргі кезде
Қазақстанның шығысынан басқа аймақтарға тән деп тау-
ып жүрген диалектизмдердің де Абай тілінде кездесетіндігін
байқаймыз. Мысалы, Абайда
жалаңқая сөзі бар:
«Жалаңқая
жат мінез жау атады» (I, 28). Мағынасы әйтеуір бір жағымсыз
қылықты білдіру болу керек. Түркменияда
тұратын қазақтар
тілін зерттеуші Ә. Нұрмағамбетов бұл сөзді ол тұрғындар
«сұрқия, сұм, жалдап» мағынасында қолданады дейді.
Жа-
лаңқая сөзі көрші қарақалпақ тілінде «өсекші, жалдап» дегенді
білдіреді. Бұл сөздің өткенде таралу шегі кеңірек болғанға
ұқсайды. Өйткені осы сөзді «сұм, сұрқия, жалдап»
деген
ұғымда Абай өзі жасамағаны аян.
Шыныны батыс тұрғындарынша
шөлмек деп атау Абай-
да мақал ішінде кездеседі: «Мың күн сынбас, бір күні сынар
Достарыңызбен бөлісу: