Дебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет7/41
Дата27.02.2023
өлшемі0,79 Mb.
#70335
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41
уақыттық өнер. Дыбыс өнері – музыка. Көрсету «ойын» өнері – 
хореография, кино, теледидар, эстрада, цирк – кеңістік уақыттық 
өнер. Сөз өнері іштей – жазба әдебиет, ауыз әдебиеті болып 
бөлінсе, музыкылдық өнер – вокалдық, аспаптық музыка 
түрлеріне бөлінеді. Сахналық өнер – драмалық, музыкалдық, 


14 
қуыршақ, эстрада, цирк, т.б. болып жіктеледі 
Өнердің эстетикалық қызметі арқылы танымдық табиғаты 
мен тәрбиелік сипаты айқындалады. Әрбір тарихи кезеңнің, 
сондай-ақ әрбір халықтың өзіне тән эстетикалдық талап, 
талғамдары болады.
Өнер теориясы бойынша көркем шығармаға негіз болған 
матерялдық арқауына байланысты өнер түрлерінің негізгі үш 
тобы туындайды: 1) мекендік немесе пластикалдық (кескіндеме, 
мүсін, графика, көркем фото, архитектура, т.б.) яғни, көркем 
бейнені кеңістікте түзетін өнер түрлері, 2) мезгілдік (сөз және 
музыка өнері), яғни көркем бейнелерді уақыт кеңістігінде 
құратын өнер түрлері. 3) мекенді-мезгілдік (би, актерлік өнер 
және осыған негізделген аралас түрлер – театр, кино, телевизия, 
эстрада, цирк, т.б.), яғни көркем бейнені белгілі бір уақыт 
кеңістікте түзетін өнер түрлері.
Қазақ әдебиеттануының негізін қалаушы А.Байтұрсынов 
өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде өнер тарауларын 
сәулет (архитектура), сымбат (скульптура), кескін (живопись), 
әуез (музыка), сөз (әдебиет) өнері деп даралап, әрқайсысына дәлді 
анықтама берген болатын.
Өнерде көркем әдебиеттің орны ерекше. «Әдебиет және 
өнер» деп қосарлай айтуымыздың себебі сөз өнері көптеген басқа 
өнер түрлерінің алғашқы негізі болып саналады. Әдебиет басқа 
өнер түрлеріне қарағанда өмір құбылыстарын, сол өмірдегі ақиқат 
шындықты бейнелеп көрсетуге әлдеқайда икемді, адамның ойы 
мен сезімін суреттеп жеткізу мүмкіндігі орасан зор. 
Әдебиеттің материалы – сөз. Сөз кез келген ойды, идеяны 
барынша терең де толық сипаттай алады. Сондықтан да сөз өнері 
– шығармадағы автордың көзқарасын, қаһармандардың әр алуан 
ойлары мен сезімдерін, іштейгі толғаныстарын айқын да анық 
бейнелеп көрсетуге қабілетті өнер саласы.Сөзбен әдеби 
қаһармандар мен оқиғаларды көзбен көріп, қолмен ұстағандай 
етіп бейнелеуге болады. 
Әдебиеттің күші мен мәнінің өзі – сөздің бейнелегіштік, 
көркемдегіштік қасиетіне, оның кез келген оқиғаны не болмаса 
құбылысты эмоционалды, нақтылы талдап қорыта алу 
мүмкіндігіне, өмірді тұтастай қамтып суреттей алатын 
қарымдылығына байланысты болып саналады. 


15 
Әрине, сөз өнерінің мүмкіндігі өте жоғары, бірақ шексіз деп 
айта алмаймыз. Ол кез келген оқиғаны, құбылысты, көңіл күй 
сипатын көз алдымызға елестеткенімен, кино, театр, цирк секілді 
көрсете алмайды. Адамның эмоционалды көңіл күйлерінің тілмен 
айтып жеткізу мүмкін емес нәзік қырларын суреттеуге де кейде 
мүмкіндігі жете бермейді. «Сөзбен адамның эмоционалды көңіл 
күйін суреттеу мүмкіндігі таусылған жерден музыка басталады» 
деген сөз театр мен кино өнерінде жиі қолданылатын тіркес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет