13
формаларынан даралайтын белгісі де
адамның шындыққа деген
эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты –
дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық
тұрғыдан игеру. Олар
суреткер қиялы арқылы өңделіп, көркем
образдар түрінде беріледі. Шығарманың суреттеу тәсілі,
құрылымдық келбеті, көркем
бейне жасаудың материялдық
арқауы өнер түрлерінің ерекшеліктерін айқындайды. Осыған сай
өнердің: көркем әдебиет, музыка, мүсін, кескіндеме, театр, кино,
би, сәулет өнері, т.б. түрлері бар. Өнер әр дәуірдің көркемөнер іс -
әрекетінің жалпы міндетіне бағына отырып, бір – бірімпен өзара
байланысқан, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар жеке
түрлерінің жүйесі болып табылады.
Объективті реалдылықтың
қасиеттері мен қырлары әртүрлі және көпжақты.
Мысалы, музыка
адамның ішкі – жан дүниесінің қуанышын, күйзелісін, торығуын
жақсы бере алады, ал адамның сыртқы әдемілігін, үйлесімділігін
мүлдем бере алмайды. Өнердің әр түрінің қайталанбас өзіндік
ерешелігі бар.
Эстетикада өнерді үш топқа бөледі: 1. кеңістіктік өнер –
сәулет, мүсін, бейнелеу т.б. 2. уақыттық өнер - әдебиет, музыка 3.
кеңістіктік – уақыттық өнер – театр Кеңістіктік өнерді
статикалық,
уақыттық өнерді динамикалық, кеңістіктік –
уақыттық өнерді синтетикалық деп атауға болады. Бұларды
қабылдау органының ерекшелігі арқылы да көрсетуге болады:
кеңістік өнер көзбен көріледі, уақыттық
өнер құлақпен естіледі,
ал кеңістіктік пен уақыттық өнер көзбен де, құлақпен бір уақытта
қабылдана береді. Өнер адамның іс - әрекетімен тығыз
байланысты, бұл да оны жіктеуге негіз болады. Сәулет өнері мен
декоративті – қолданбалы өнер еңбек іс - әрекетімен тығыз
байланысты, театр, өнері ойын іс - әрекетімен байланысты.
Көркем өнер іс - әрекетінің табиғатынан
табиғатынан туындайтын
мынадай жіктеу бар. Қолданбалы өнер – сәулет, декоративті –
қолданбалы өнер. Бейнелеу өнері – мүсіндеу, бейнелеу, графика,
көркем, сурет, уақыттық өнер.
Сөйлеу өнері - әдебиет,
Достарыңызбен бөлісу: