Әдебиеттер: 2,3,5,7,9, 10, 12,14,16,17,20.
№4 дәріс тақырыбы: Ұлттық әдебиеттанудағы әдебиет
теориясының қалыптасуы мен дамуы
Дәріс тезисі: Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық
фольклордан бергі үзілмес арнасы. XIX ғасырдағы поэзия өнеріне
қатысты арнайы пікір, толғамдар. Ш.Уәлихановтың «Манас»
жырын, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» лиро-эпосын жазып алып,
насихаттауы. Ы.Алтынсаринның ауыз әдебиеті үлгілерін жинау,
жариялаудағы еңбегі. Абай шығармаларындағы поэзияның
әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пйымдаулар.
20
«Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалятының газетінде»,
«Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінде, «Айқап» журналында
әдеби-эстетикалық талап–тілектердің өсіп-толысуы үшін атқарған
рөлі. М.Жұмабавтың Ақан сері, Базар жырау, Ә.Диваев туралы
мақалалары. Ж.Аймауытовтың М.Жұмабаев шығармашылығын
талдайтын еңбегінде стиль, әдеби әдіске қатысты пікірлер.
А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926) – қазақ
әдебиеттанудағы алғашқы теориялық кітап. Байтұрсынов
қисындаған теориялар мен терминдер ұлттық көркемдік таным
мен қазаққа тән көркем ойлау сипаттарына негізделді. 1920-30
жылдардағы әдеби сын. Зерттеу және айтыс-дау сарындағы
мақалалар.
Прокультшілер.
Тұрпайы
социологизм.
Ғ.Тоғжановтың
Абай,
Мағжан
шығармашылығы
жайлы
кітаптарының мәні. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин,
Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов сияқты көрнекті қаламгерлер айтқан ой-
тұжырымдардың шығармашылық әлемімен тығыз байланысы.
Ұлттық әдебиеттануда әдебиет теориясын арнайы қарастырған
Қ. Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» (1938), Е. Ысмайыловтың
«Әдебиет теориясының мәселелері» (1940), З. Қабдоловтың
«Әдебиет теориясының негіздері» (1970) тәрізді теориялық
еңбектер өз заманының сұранысына сай біраз уақыт
қажеттілігімізді өтеген іргелі дүниелер. Е.Ысмайловтың,
Қ.Жұмалиевтің «Әдебиет теориясы» пәні бойынша дайындаған
оқулықтарының әдебиеттану ғылымдарының негіздерін танып-
білудегі орны. З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты жоғары оқу
орындары филология факультеттерінің студенттеріне арналған
оқулығындағы жаңалықтар. Өлең құрылысы мен поэтикалық тіл
табиғатын зерттейтін З.Ахметовтың еңбектері. Поэзия және
проза, драма поэтикасын, жанрлар сырын сарапқа салатын
зерттеулер. М.Қаратаевтың реализм, эстетика табиғатына
байланысты мақала зерттеулері. Лирика, поэма жанрларын
таразылайтын
С.Қирабаев,
М.Базарбаев,
М.Дүйсенов,
Ә.Нарымбетов, Қ.Мәшһүр-Жүсіптің еңбектеріндегі ой-толғамдар,
Т.Кәкішевтің әдеби-сын, Р.Нұрғалиевтің драмадағы поэтика,
мазмұн мен пішін байланысына орай жазылған кітаптарындағы,
Р.Бердібаев,
Ш.Елеукенов,
Н.Ғабдуллин,
Ж.Дәдебаев,
Т.Есембеков, А.Жақсылықов сияқты ғалымдардың проза, роман
болмысы жайлы еңбектеріндегі ғылыми-эстетикалық тұғырнама.
21
Т.Қожекевтің сатира жанрларын берген анықтама, талдаулары.
Салыстырмалы
әдебиеттану.
Ш.Сәтбаева,
Л.Әуезова,
Н.Жуанышпеков, Б.Мамыраев, М.Маданова т.б. еңбектері.
Коммуникативтік поэтика мәселелері. Қазақ әдебиеттануының
әдебиет тарихы, фольклористика саласындағы табыстары.
Салыстырмалы әдебиеттану.
Достарыңызбен бөлісу: |