Дебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет15/41
Дата27.02.2023
өлшемі0,79 Mb.
#70335
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Әдебиеттер1,3,5,8,9, 10, 12,14,19,23,27,29,36,42. 
 
№ 10 дәріс тақырыбы: Шығарма әлемі. Әлем және 
шығарма.
Әдебиет теориясындағы уақыт және кеңістік 
категориясы 
Дәріс тезисі: Шығарманың көркемдік әлемі – болмысты 
көркемдік тұрғыдан игеру мен қайта өделген шындық. 
Шығарманың ішкі әлемі шындық әлемді, оның өзгерісін 
танытады. Ал көркемдік әлем – шектеулі элементтер арқылы 
әлемнің тұтас образы бейнеленетін ерекше көркем жүйе. 


32 
«Қысқартылған Ғалам» (Н. Л. Лейдерман) 
Шығарманың көркемдік әлемі. Көркемдік психологизм. 
Уақыт пен кеңістік. Сюжет пен тартыс. Сюжет элементтері. 
Композиция түрлері. М.Әуезовтің «Қилы заман» романы, 
О,Бөкейдің «Атаукере» романының сюжеттік-композициялық 
ерекшеліктері. Қазақ романдарындағы уақыт пен кеңістік Көркем 
сөз бен мәтін. Лингвистикалық поэтика мен стилистика. Мәтін 
және диалогтық қатынас. Мәтін құрамы. Мәтін туралы пікірлер 
(М.Бахтин, Ю.Лотман, Ж.Деррида, Р.Барт).Шығармашылық әлем 
және әдеби болмыс. Жазу кезеңдері.Шығармашылық процестегі 
ой өзегі. Мақсатты ізденіс. Жазушы өмірбаяны. Жоспар құру, 
қосымша деректер жинастыру, фактілерді анықтау. Түптұлғаны 
таңдау, іріктеу. Әр суреткердің шығармашылық үдерісі. 
Қозғалыстағы заттар мен неше түрлі үрдістер кеңістік пен 
уақыттың шеңберінде өтіп жатады. Ең жалпы түрде алғанда, 
кеңістік деп заттар мен құбылыстардың бірінің жанында бірінің 
орналасуын айтамыз, ал уақытқа келер болсақ, ол - дүниедегі 
болып жатқан уақиғалардың бірінің соңынан екіншісінің келуі. 
Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан 
бастап осы уақытқа шейін, негізінен, екі көзқарас қалыптасты. 
Олар: субстанциализм - кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы 
негіздерінің 
бірі 
ретінде 
қарайды 
және 
релятивизм 
(салыстырмалы) - кеңістік пен уақыт қозғалып жатқан неше түрлі 
материалдық объектілердің формалары, соған бағынышты. Әрбір 
көркем мәтін нақты әлемді бейнелейді., оның өмір сүру пішіні – 
Уақыт пен кеңістік. Өнер түрлерінің ішінде әдебиетте уақыт пен 
кеңістік еркін пайдаланылады. Көркем әдебиеттің әр түрлі 
мақсатқа сай (сюжет дамыту, психологизм) уақытты тығыздай 
алатын, қысқартатын, созатын мүмкіндігі бар. Сөз өнерінің әрбәр 
тегі уақыт пен кеңістікті өзінше таңдайды. «Параллель кеңістік» 
деген де ұғым бар. «Поэтикалық үнем» заңы бойынша көркем 
уақыт нақты уақыттан қысқа болады, яғни поэтикалық уақыттан 
көркем уақыт тез өтеді. Көркем уақыт пен кеңістік категориялары 
шығармашылық сананың дамуына тікелей тәуелді. Әрбір әдеби 
әдіс пен бағыттың көркем уақыт пен кеңістік жөнінде өз 
ұстанымы бар. Көркем мәтінде автор уақыты, мәтін уақыты, 
оқырман уақыты, сюжет уақыты қатар өмір сүреді. Күнтізбелік 
уақыт, концептуалды уақыт, перцептуалды уақыт ұғымдары. 


33 
Уақыт пен кеңістік категорияларының әдеби туындыдағы автор, 
образ, сюжет, стильмен тығыз байланысы. Көркем мәтіндегі 
кеңістіктің түрлері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет