Тақырыбы: Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата01.03.2023
өлшемі1,63 Mb.
#70738
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Дәрістер

 
Пайдаланылған әдебиет 
5. Аскаров Е.С., Балапанов Е.К., Койшибаев Б.А. Ғылыми зерттеулердің негіздері. Оқу – 
әдістемелік құрал. Алматы-2005. 182 бет.
6. ЖұмашоваЖ.А. Ғылыми зерттеу жүргізу әдістемесі. https://openu.kz/kz/courses.
7. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ЫСБН 
9965-822-54-9. 
8. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова 
Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. 
Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ЫСБН 9965-752-06-0.


25 
Клетканың жалпы морфологиясын окып-үйрену зерттеу әдістерінің дамуына тығыз 
байланысты. Гистологиядағы негізгі зерттеу әдісі — клеткаларды, үлпалар мен органдарды 
микроскопиялау. Қазіргі кездін өзінде де жарык микроскопы зерттеу қүралы ретінде өзінің маңызын 
жойған жоқ. Бірак та тірі материал өзінің мөлдір және жеке клеткалардың қалың болуына 
байланысты зерттеуге қолайсыз. Сондыктан көбінесе фиксацияланған (бекітілген) материалмен 
жүмыс істелінеді. Одан жүка кесінділер дайыңдап, оларды түрлі бояғыштармен бояиды. 
Қалындығы 5-10 мкм кесіндіні арнаулы қүрал микротом арқылы дайындайды. Сапалы бекіткіш 
объектінің тірі күйіндегі күрлымьш көп өзгертпейді. Бекіткіш үлпаны тығыздайды және автолиз 
процестерін токтатады. Кейбір бекіткіш сүйықтар белгілі күрылымдардын бояулармен боялу 
қабілетін арттырады. Жиі қолданылатьш бекіткіштер: формальдегид, қосхромдық қышқыл калий, 
сірке, пикрин және осмий қышқылдары мен этил спирті. Жақсы бекіткіш сүйықтардың қоспалары 
көпшілігі оларды үсьшған зерттеушілердің аттарымен аталған (Буэнің, Карнуаның қоспалары). 
Бекіткеннен кейін объектіні үлпаға сіңетін ортаға батырады (мысалы, целлоидин немесе парафин). 
Осы тығыздаушы заттар жаксы сіңу үшін үлпанын бөлшегінен этил спиртінін көмегімен суды 
ығыстырып шығарады, содан кейін кислолға немесе толуолға салады. Алдьш-ала істелетін бұл екі 
кезең үлпаға парафин сіңу үшін қажет. Жылы сұйық парафин үлпаға сіңеді де, қатып калады. 
Микротомнын көмегімен парафин блогынан шыныға бекитін жүқа кесінділер дайындалады. 
Кесінділерден парафинді ксилолдың көмегімен шығарады. Осыдан кейін кесіндіні бояиды. 
Көбінесе ұлпаны гематоксилинмен және эозинмен бояиды. Гематоксилинмен боялатын 
құрылымдар-ды базофильдік деп атайды. Эозинкышқыл бояу байланыстыратьш клетканың 
компоненттерін ацидофильдік немесе эозинфильдік дейді. Бүл күрылымдарды тірі клеткада бел-
сенділік күйінде көру үшін әр түрлі микроскоптар шығарылған: фаза-контрастық, поляризациялық, 
флуоресценттік, тағы басқалары. Бұл микроскоптардың бәрі жарықты пайдалануға негізделген. 
Соңғы 
кезде 
электрондык 
микроскоп 
та 
кен 
қолданылып 
жүр.
Электронды микроскопты 1931 жылы Девиссон мен Калбек Германияда шығарған. Клетканың 
біршама анық көрішсін Руска мен Кнолль 1934 жылы алған болатын. 1950 жылы алғаш рет 
ультражұқа кесінділер алынған. Электронды микроскопқа препарат дайындайтын қүралды 
ультрамикротом деп атайды. Электронды микроскоптың көрсету мүмкіндігі өте жоғары. 
Электронды микроскоп жа-рық микроскопына қарағанда клетканы 100000 есе артық үлкейтеді. 
Қазіргі электронды микроскоптың керсеткіштік мүмкіндігі 0,1-0,3 нм-ге дейін жетеді. Клетканың 
барлық ультрақұрылысын молекулалық деңгейде зерттеуге мүмкіншілік береді. Электронды 
микроскопта жарық сәулесінің орнында электрондар ағысы қолданылады. Жа-рық 
микроскопындағы объектив пен окулярдың ролін электронды микроскопта электромагниттік 
линзалар 
атқарады. 
Сөйтіп 
объектішң 
бейнесі 
экранға 
түседі.
Электронды микроскоппен зерттеу үшін үлпалар бөліктерін негізінде жарық микроскопымен 
зерттегендей өңдеуден өткізеді. Бекітуді ерекше ұқыптылықпен жүргізу керек, себебі 
макромолекулалық деңгейге дейінгі клетканың құрылысын сақтау қажет. Көбінесе екі рет бекітуден 
өткізеді — алдымен глутаральдегидте немесе формальдегидте. Кейін осмий ангидритының 


26 
ерітіндісінде бекітеді. Сіңіру ортасы ретінде жасанды смола, аралдит немесе эпон қолданылады. 
Қалыңдығы 50-100 нм кесіндіні әйнек пышақтармен дайындайды. Радиоавтография әдісі метабо-
лизмдік 
процестердің 
динамикасын 
зерттеуге 
мүмкіншілік 
береді.
Радиоактивтік изотоптармен танбалаған молекулалар-ды, мысалы фосфордын Р32, кеміртегінің С14 
және сутегінің — тритий Н3, изотоптарын организмге енгізеді. Сіңген ра-диоактивтік молекулалар 
клетканың белгілі бөліктерімен химиялық реакцияға түседі, ал олардың бар, жоқтығы мен орньш 
радиоавтография тәсілімен анықтайды. Қүрамында радиоактивтік зат бар парафинді кесінділерді 
фотоэмульси-ямен жауып, бірнеше күн қараңғыда үстайды. Радиоактивтік ыдырау үлпаның изотоп 
бар жерінің қараюына әкеліп соғады. Гистологиялық қүрылымдарды зерттейтін сапалық талдау 
тәсілдерінің ішінде кең тарағаны цито- және гистохимиялық әдістер. Бүл әдістердің негізінде 
клеткалардың, үлпалар мен органдардың қүрылымында химиялык заттардың таралуын анықтау 
мақсатында химиялық реакциялар-ды пайдалану жатады. Қазіргі гистохимиялык әдістер 
құрылымдардағы амин қышқылдарын, белоктарды, нуклеин қышқылдарын, көмірсуларды, 
липидтерді байқауға және ферменттердің белсенділігін анықтауға мүмкіншілік береді.
Гистохимиялық әдістер мүздатылған кесінділерді бояу кезінде жиі қолданылады, бірақ та 
парафинді кесінділерді де пайдалавуға болады. Соңғы жылдары гистохимиялық тәсілдерді 
электронды микроскопиялық әдіспен бірге жүргізу, болашағы мол жаңа бағыттың — электронды 
гистохимияның дамуьша әкеліп соқты. Қазіргі кезде сапалық тәсілдермен бірге үлпалар мен 
клеткалардағы түрлі заттардың мөлшерін анықтайтын сандық гистохимиялық әдістер қолданылып 
жүр.
Липидтерді зерттеген кезде бекітілген үлпаны парафиндеуге болмайды, себебі спирттер арқылы 
өткізген кезде липидтер ериді. Сондықтан оны криостатта мүздатылған күйінде кесу керек. Этил 
спиртінде сусыздандыру үлпаның көлемін кемітеді. Суды лиофилизация (мүздатылған күйінде 
кептіру) тәсілімен жоюға болады. ұлпаны тез мүздатады (мысалы сүйық азотпен), содан кейін 
төменгі температурада вакуумде сусыздандырады. Лиофилизацияланған үлпаның бөлігін 
формальдегид 
буында 
бекітеді 
де 
парафинге 
салады.
Биологиялық жүйелердің қүрылысы мен функциясы жөніндегі толық мәліметтерді алу үшін 
қүрылымдарды тірі күйінде зерттеу керек. Үлпалардың колдан өсіріп зерттеуді организмнен тыс 
(in vitrum) (латынның әйнек деген сөзі) және организмнің өзінің қүрамында (in vivo) жүргізуге 
болады. Ұлпаларды іп vitro жағдайында қолдан өсіру тәсілінде клеткалар мен үлпалардың стерилдік 
жағдайда арнаулы қоректік ортада шыны камераларда (организмнен тыс) өсіреді. Бүл кезде 
клеткалар тірі клеткалардын негізгі қасиеттерін үзақ уақыт (он жылға дейін, тіпті онан да көп) 
сақтайды. Тірі клеткаларды кинопленкаға түсіріп алуға да болады. Тірі клеткаларды зерттеген кезде 
микрохирургия әдісін де қолданады. Микроманипуляртор деп аталатын қүралмен клетканы кеседі, 
ішінен бөліктерін шығарып алады. Операцияның барысын микроскоп арқылы байқайды. Микрохи-
рургиялық құралдар - өте кішкентай шыны қармақтар, инелер, капиллярлар. Микроманипуляцияны 
арнаулы камераларда жүргізеді. Рентгенструктуралық талдау әдісі рентген сәулелерінің дифракция 
құбылысына негізделген цитоплазма мен ядроның құрамына кіретін белоктардың, нуклеин 
кышқьглдарының және басқа заттар молекулаларының құрылысын зерттеу үшін қолданады. Бүл 
тәсіл молекулалардың кеңістіктегі орналасуын аныктауға, олардың ара қашықтықтарын өлшеуге 
мүмкіншілік береді. 
Дәріс 7. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет