[Введите текст]
30
1.3 Баспасөздегі әдеби айтыстар әлемі
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі ренессанстық
рухани құбылыстар, жаңашыл бағыт-бағдарлар, таланттар
шоғырының көрінуі, ұлттық мәселелердің концептуальды
түрде көтерілуі бір кезең ұрпақтары үшін аз болмаса
керек-ті.
Көркем әдебиет туралы айтыстар арқылы сол
кезеңнің көркем шежіресін, сынның деңгейін, әдебиеттің
жалпы
ахуалын
тануға
болады.
Оны
Ыдырыс
Мұстанбаевтың 1928 жылғы “Жаңа әдебиеттегі” ”Біздің
таластарымыз” атты мақаласында осы айтыстарды
жинақтай келе, былай дейді: Осы күнгі әдебиет
айтыстарымыздағы талас мәселелер: 1) Ақын кім.
Ақынды қалай бағалау керек. 2) Ескі мұраларды қалай
пайдалану керек. Кімнен үлгі алу керек. 3) Осы күнгі
ақындарымызға үйрену керек пе, жоқ па?. Олардың
қандай кемшіліктері бар?. Жолбикелер кім?. Олармен
арамыз қандай болуы керек?- деген сияқты көптеген
сауалдарға жауап іздейді. Және осы айтыс, дау-дамайдың
маңында тағы да С.Мұқанов көп көзге түседі. Оның
“Еңбекші қазақта” (1926, 14, 15 октябрьде) жарияланған.
“Көркем әдебиет туралы” мақаласында Қазақстан
автономия алған алты жылда әдебиет қандай жетістікке
жетті деген сауал төңірегінде ой өрбітеді. Осы алты
жылда еңбекші шаруадан шыққан жазушылардың
аздығын, олардың білімінің таяздығын, Мағжан,
Жүсіпбек, Мұхтарлардың кітаптарын есепке алмайтынын,
қазақ әдебиетін тек еңбекшілер арасынан шыққан
жазушылар ғана жасауы тиіс деген өзінше бір қисын,
түйін жасайды автор. “Еңбекші қазақ” газетінің 1, 12, 26
сандарындағы әдебиет туралы бұл айтысқа М.Әуезұлы,
Қ.Кемеңгерұлы,
Ерғали
Алдоңғаров,
Абдрахман
Байділдин, Мәжит Дәулетбаев, С.Мұқанов т.б. белгілі
жазушылар мен ақындар қатысты. Біз талдағалы отырған
Қошкенің мақаласы Сәбит Мұқановқа қарсы мақала.
Кейін Сәбит Мұқанов “Көркем әдебиет туралы
қорытынды пікірім” (“Еңбекші қазақ”, №№ 4, 5, 1, 27)
деген мақаласымен айтысты қайта жалғастырады. Сәбит
сөзіне көңілі толмаған Қошке “Сәбитпен айтысты
доғардым” (“Еңбекші қазақ”, 1927, 30 қаңтар), - деп қысқа
ғана жауап қайырады. Бұған қарсы Сәбит тағы да “Мен
айтысты доғармаймын” дегенмен, Қошке тарапынан пейіл
болмаған соң айтыс одан әрі қарай жалғаспайды.
“Көркем әдебиет туралы” бұл айтысқа төрелік
қорытынды пікірді білдірген “Екеу” деген бүркеншік
атпен (“Еңбекші қазақ”, 1927, 3 тамыз) Ж.Аймауытов пен
М.Әуезовтің мақаласы жарияланады. Халқымыздың екі
бірдей талантты ұлдары әдебиет туралы айтыстарда белең
алған жеке басқа тиісу, туындыны таптық тұрғыдан
талдау секілді солақай саясаттың жөнсіздігін, өркениетті
елдердегідей: “үйірге жаңа түскен сәурікше бірін-бірі
сауырламай, мүйіздемей, сынаса да өздерін емес, сөздерін
сынауды үйренсек”, - деген түйін-тұжырым айтады.
Он жылға созылған әдеби тартыста С.Мұқановтың
“Еңбекші қазақ” газетінің 1923 жылғы 1 наурызда шыққан
[Введите текст]
31
санында “Қара тақтаға жазылып жүрмеңдер, шешендер!”
деген мақаласы өте шулы болды. Мақала тақырыбының
өзі меңзеп отырғандай мұнда шынында да даулы
мәселелер көп көтерілді, жөнсіз сынау жол алды.
С.Мұқанов бұл атақты мақаласында халқымыздың бетке
ұстар біраз азаматтарына кір келтіріп, тапшыл
көзқараспен
сынап-мінейді.
Оның
сырын
“20-30
жылдардағы қазақ әдебиеті” деген монографиядағы
“Әдебиеттегі жаңа дәуір” деген мақала авторы
Б.Дәрімбетов былай түсіндіреді: “1923 жылы Орынборда
Ахмет Байтұрсыновтың 50 жылдығына арналған
салтанатты мәжіліс болып өтеді, сол кеште С.Сәдуақасов
“Ақаңның алдында” деген баяндама жасайды. Міне, осы
баяндама көңіліне жақпаған С.Мұқанов жоғарыдағы
мақаласын жазған. С.Мұқановтың сайтанын қоздырған
баяндамада С.Сәдуақасов қазақтың үлгі тұтар бес
азаматының атын атайды. Олар: Кенесары, Шоқан,
Ыбырай, Абай, Ахмет Байтұрсыновтар болатын. Бұл тізім
мен сөзі дуалы С.Сәдуақасовтың оларды мадақтауы
С.Мұқановтың
жынын
қоздырып,
аталған
алаш
ардақтылары жөнінде аузына ақ ит кіріп, қара ит шығады.
Мәселен, Ыбырай туралы С.Мұқанов былай дейді: “…
Сондықтан еңбекшіл таптың адамдары Алтынсариндей не
қазақ болмай, не орыс болмай, не діншіл, не саясатшыл
болмай өлгендерді ауызға алуға арланады…” десе, Абай
туралы: “Жеті атасы би, тобықтыны бір шыбықпен
айдаған тұқым. Қай күнде де ақсүйекте ұлтшылдық та,
ақжүректік те азғантай болатын еді! Арғын-найман
жиылса, таңырқаған сөзіме, қайран сөзім қор болды,
тобықтының өзіне!… деген өлеңі өзінің кім екендігін
сездіреді. Бұл сөзінен: бір кезде арғын-найманды билейтін
Абай қазір қолынан сыйы кетіп, ақыр аяғы өзінің
тобықтысына да қадірсіз болғандығын, оған Абайдың
назаланатынын көрсетеді”, - деп жазады. Кенесары,
Шоқан, Ахмет жөнінде де осы мағынадағы сөздер бұл
мақалада жеткілікті.
Мәселен: “… Ахаң қазақтың Ахаңы болса, мен
Жақаң деп жүрген Міржақыптың “Оян, қазақтағы”
мәслихати, тариқати, шариғати, мағрифати, табиғати,
қайриати, жамиғати дегендері соқыр кісі болмаса, көзі
барға ноғайға еліктегендігін көрсетіп отыр. Ахаңды алсақ,
ол жалпы қазақтың Ахаңы емес, қазақтың ақ
жағалыларының,
байларының,
болмаса,
көзсіз
көбелектерінің Ахаңы… Қысқасын айтқанда, ақ жаға
мырзалар Ахаңды Ахаң демей, құдай деп шоқынып
отырса да еркі. Бірақ қазақтың еңбекшілері Ахаңның
ұранына қосылмайды. Дүние жүзінің кедейлерінің бірлік
ұранына қосылады.
Ахаңа беретін бағасы – етікшінің шеберлігін
мақтағандай-ақ, Ахаңның өлеңшілігі, Әліпби жазғандығы.
Сондықтан,
шешендер,
тілмарсып
Ахаңды
еңбекшілерге майлап өткіземін деуді қоюы жөн. Еңбекшіл
қазақтың арасынан Ахаңа орын жоқ. Ахмет – байдың
Ахаңы, күле кіріп, күңірене шығып жүрген арамзалардың,
болмаса, ақ жағалылардың әкесі. Еңбекшілердің Ахаңы да
емес, әкесі де емес, досы да емес. Еңбекшіл қазақтың әкесі
[Введите текст]
32
– өзінің қолын теңдікке жеткізген өктәбір төңкерісі. Енді
шешендерге айтатыным: қисынсыз сайраймын деп
еңбекшілдердің
қара
тақтайына
жазылып
қалып
жүрмеңдер”, - деп сөзін түйіндеген. Сәбит Мұқановтың
“Еңбекші қазақ” газетінің 1923 жылғы 1 наурыз күнгі
санында жарияланған бұл мақаласы сол кездегі ең даулы
айтысқа айналды.
С.Мұқановтың бұл мақаласына қарсы жауап берген
С.Сәдуақасов “Қазіргі дәуір – іс дәуірі” деген еңбегінде:
“… Бұл пікір сырттан қарағанда, рас, жаңа сықылды.
Бірақ мұның негізі дұрыс емес. Біз ескіге қарсы болғанда
оның шын шіріген, ескірген жеріне қарсымыз. Осы
күнгіні гүлдендірудің орнына бүлдіретін, шірітетін, ілгері
басуға бөгет болатын жеріне қарсымыз. Біз өткен
заманнан осы күнгінің арасын шорт кесіп тастамаймыз.
Менен бұрынғының бәрі ескі, менікі ғана жаңа, сол жаңа
өзіме жетеді, өзімді қанағаттандырады деп біз еш уақытта
да айта алмаймыз”, -деген даналық сөзін бүгінде уақыт-
төреші дұрыс бағалап отыр.
Жоғарыдағы мақаладағы алты жылда алған биігіміз
қайсы деген С.Мұқановтың қате пікірлерін Қошке
Кемеңгеров те батыл сынап: “Сәбит басқаны көрмесе де,
Бейімбет пен Сәкенді көруі керек еді. Басылған
пьесаларды, газет-журналдардағы өлеңдерді, әңгімелерді
көруі керек еді. “Қартқожа” сияқты романдарды көруі
керек еді. Осының бәрі алты жылдың жемісі емес пе?».
(“Еңбекші қазақ”, 1926, 1 декабрь), - дей келе – “Алдымен
6 жылдың ішінде Сәбиттің өзі ілгерілеп отыр. Әдебиетке
көзқарасын кеңейтіп отыр. Ертеректе Абай мен Ақанды
іске жарағысыз қылған Сәбит: “… ұлтшылдықты
отаршылық туғызды. Масаны әжетке жаратып... Заманды
әркім билемек деп Абайдан мысал келтіріп отыр”, - деп
Сәбиттің өзіне шабуыл жасайды. Сол арқылы 6 жылдың
әрбір жазушыға еткен әсерін, олардың ой-өрісінің өсіп,
тәжірибесінің молайып келе жатқанын мойындатады”.
9
Қ.Кемеңгеровтің Мағжанға байланысты ойлары
“Көркем әдебиет әңгімелері” (айтыс ретінде) атты
мақаласында жан-жақты баяндалады. Автордың осы
ойларына кеңірек тоқталар болсақ, сол кезеңнің хал-
ахуалын, сыр-сипатын, үнін тереңірек танып, толық уақыт
панорамасын кеңірек көрген болар едік. Алты беттік
зерттеуде сол кезеңнің көркем айнасы кеңінен көрініп тұр,
Сәбиттің үлкен уайымының бірі ұлтшылдардың көркем
әдебиеті көп басылып кетті дейді… Өзі ұлтшыл
болғанмен, бұқара, кедей тұрмысын жазатын болса, не
айып,
шамы
бар.
Жүсіпбектің
пьессаларынан,
“Қартқожасынан” қандай кінәмшіл адам болғанымен
ұлтшылдықтың исін таба алмас. Мұхтардікі де осындай.
Орыстың бұрынғы жазушыларында Достоевский мен
Феттен оң пікірлі жан өтпейді. Осы күнде соларды далаға
тастап жатқан жоқ. Осы күнде қалай дәріптеп отырғанды,
Пушкин, Толстойды қалай құрметтейтінді ақын Сәбит
жақсы білуі керек, - дей келе, – Қазақ әдебиетінде тойып
секіретін күн әлі туған жоқ, – деп қатты ескерту жасайды.
Өзінің көлемі шағын болса да іргелі зерттеуге бергісіз бұл
9
121-б.
[Введите текст]
33
мақалада Бұхаринның “өнер дегеніміз – сезімдерді
суретпен жүйелеу” деген сөзін алға тарта отырып,
ұлтшылдардікі көп басылса, көркемдігі үшін басылған
шығар”, - деп тұжырым жасайды. Және осы еңбекте
көркем жазушылық пен жәй жазушылықтың арасы жер
мен көктей деп, олардың шеберлік пен көркемдік
өлшемдері жайлы ойларын, кез-келген көркем шығарма өз
кезеңінің көркем шежіресі болатындықтан “… нені болса
да заманына, тарихи жағдайларға қарай бағалау керек”
деп тұжырым жасай келе, бұл ойын нақты мысалдармен
дәлелдейді: “Оян, қазақ” пен “Шолпан” шыққанда жазба
әдебиет қандай күйде еді. Мұны Сәбит ескермейді.
Орыстың әдебиеті жаңа басталған дәуірде Карамзин,
Дмитриев, Державин сықылдыларды әулие аспан көрген.
Осы күнде солардай жазушыларға, ақындарға орыс
оқушылары пысқырып та қарамайды”, - деп шеберлікті
әдебиет көркемдігінің шыңы деп қарайтындығын
көрсетеді. Осы салыстырулар арқылы Сәбитке сабақ
берумен қатар, өзінің де талғамының жоғары екендігін
танытады.
Осы мақалада Сәбиттің кішкене үгіт, кішкене айғай
керек дегенін сынайды. Ол: “Үгіт, айғай пайдалы шығар,
бірақ онымен ақын, жазушы шығаруға болмайды. Және
Сәбиттің ойынша ақын тегінде: “… үйренумен, атақты
жазушылардан үлгі алумен суретші болатын көрінеді”, -
деген ойларының орашолақтығына мысқылдай отырып,
былай жауап береді: “… Мен де (мақтанып жіберейін) бір
қазақтың баласындай орыс әдебиетімен таныспын, өлең
жазу әдісін де білемін, бірақ қанша тырбансам да,
Мағжандай болатын емеспін. Таланттың өзгешелігі жан,
дене құрылысына байланысты. Үйретумен, атақты
жазушылардан үлгі көрсетумен Сәбит Мағжандай ақын
қылатын болса, мен Сәбиттен оқыр едім”, - дейді.
10
Осы
мақаласында қазақ әдебиеті игеруі тиіс көптеген
тақырыптарды атай келіп, ұлттық әдебиетке мынадай
анықтама береді: “Мінеки, осы тақырыптардың бәрі
көркем әдебиеттің толық еншісі болса, сонда ғана толық
ұлт әдебиеті болады. Сонда ғана қазақ ұлтының өзгешелігі
айқын көрінеді, - дей келе, Жоғарыдағы тақырыптар
азаматтық құқын алса, жазушылар ұйымдасу керек. Әзірге
қазақ әдебиетінде 2 ағым бар: “біреуі – кедейшілдік,
екіншісі бұқарашылдық”. Қалай да болса, әдебиетшілер
ұйымы туралы мәселені шешетін мезгіл жетті.
Қандай ұйым болса да, негізі көркем әдебиетті
гүлдендіру болу керек”, - дейді. Сөз соңында қазақ
қаламгерлері де жараны бетімен, таңбаны тексермей,
ауруды сау қылмай, күн шығысты құлдықтан құтқарған
октябрь төңкерісін кінәламай, қазақ ұлтының өткен,
қазіргі дәуірдегі тұрмысын көркем әдебиет айнасына
түсіру керек.
“Сәбитпен айтысты доғардым”, - деп Сәбит сынды
теріс пікірлі жандармен пікірталасқа түсіп, уақытын қор
етпейтінін ескертеді.
С.Мұқановтың “Көркем әдебиет туралы қорытынды
пікірім” мақаласы Қызылорда қаласында шығып тұрған
10
125-б.
[Введите текст]
34
“Қызыл Қазақстан” журналының 1-ші санында (1927
жылы 5 январьда) жарияланған. Мақала 12 тараудан
тұрады. Мұнда Мұқанұлы Сәбит: “Менің көркем әдебиет
туралы жазған мақалама “Еңбекші қазақ” газетінің 267-
санында Көшкенің қарсы жазған мақаласы басылды.
«...Мен бұл мақаламда кекету, мұқату деген ойдан
аулақпын. Менің ойым – Қошкенің қателескен жерлерін
көрсетіп, көркем әдебиет туралы өзімнің қорытынды
пікірімді жазу. Мәселенің тетігі Қошкеге тірелгендіктен
алдымен оның жазған сөздерінің біраз терістерін айтып
кетуді мақұл көрдім”, - деген алғы сөзбен бастайды. Бұл
тек Қошкеге жауап ретіндегі сөз ғана емес, көркем
әдебиет туралы сол кезеңдегі ой бөлісу, пікір алысу және
көркемдік жөніндегі әдеби айтыстың нағыз өзі десе де
болғандай. Әрине, бұл мақаладан сол кездегі уақыт
ағымы, ой мен таным, талғам мен білім деңгейі де
сезілмей қоймайды. Дегенмен бұл мақаланың құндылығы
әдеби айтыс арқылы сол кезеңнің ақиқаты да айтылады:
“… Мағжанның атын атап ол да үйренген десек, Қошке
пышақ ала ұмтылудан қашатын емес. Азар болса, одан
жаман тулар (тағы да айтайын), Мағжан түгіл, Абай да
үйренген, Абай да еліктеген », - дей келе Абайдың күшті
ақын болған себебін орыс поэзиясынан үлгі алғандығын,
әсіресе оның өлеңдерінің ең сұлуы – Теректің сыйы –
Лермонтовтікі”, - деп түйін жасайды. Сондай-ақ, осы
мақаласында Мағжанға деген өзінің сын көзқарасын
толық
айтып
салуға
тырысады:
“…Мағжанның
өлеңдерінде 75 пұрсент еліктеу бар. Мағжанның еліктеген
ақындары:
Тоқаев,
Рамеев,
Пушкин,
Лермонтов,
Бальмонт, Соловьев, Мережковский, Блок – осы
ақындардың өлеңдеріне еліктеген, кәттә тәржіма қылып,
өз өлеңім деген Мағжаннан жүздеген өлең табуға болады.
Бұған таласуға жол жоқ”ы сынға алады. Мағжанға деген
жүрек қыжылын аямай төгеді. Тіпті қыза келе Қошкенің
өзіне де тиісе кетеді: »... Үйренбей, білмей, Қошке қанша
тырбанса да Андрей Белый бола алмайды», - дейді.
Сөйтіп, ол бастапқы өз ойынан қайтпай, оны нақтылап,
тереңдете түйіндейді: Таланты ұйықтап жатқан кісіге
ақылдың керегі жоқ. Ал таланты бар кісіге де ақын бол,
ақын бол деп қақсай бергенмен, тағы да түк шықпайды.
Оған айтатын ақыл үйрен, біл болу керек. Біздің еңбекші
жазушылардың бұл ұлы міндетінің біреуі».
Ал, “ІІІ. Бізде қазір неше бағыт бар”, - деген тарауда
автор Ғаббастың ұлтшылдарға таққан белгісінің ең
қолайлылысына Қошке ие бола кетіп, өзіне бірнеше кісіні
серік қылып ала қойғысы келген. Сөйткенде де қазақта
әдебиеттің екі-ақ бағыты бар. Біреуі – бұқарашылдық,
біреуі – кедейшілдік деген тым оңай олжаға ие болған
екенсіз, азамат Қошке. Шапанға қызығып қоңсы қонамыз
деуіңіз жарайды. Бірақ бадырайып тұрған жұмысты
жасыру ұятырақ болар! Қазақтың көркем әдебиетінің
қазіргі бағыты екеу емес, үшеу: - деп олардың
әрқайсысына жеке-жеке мінездеме береді.
Сондай-ақ, автор әдебиеттің өз категорияларын да
ұмытпайды. “ҮІІ. Мазмұн мен пішін туралы” (Форма и
содержание) деген тараушада еңбекші жазушылардың әлі
[Введите текст]
35
жетіспей жатқан кемшілігі ретінде – өлеңнің мазмұны
мен пішінін түгел түсіре алмауы екендігін айта келіп, өз
замандастарының осы реттегі кемшіліктеріне баса назар
аударады. Мәселен, Мағжанды ескі өмірді жырлайды,
бірақ бұл да мазмұн! Бірақ мазмұн деген нәрсе өмірге
сүйкімді болмаса, қасиетсіз болмақ, дей келе екі түрлі
мысал келтіре отырып, нақты мәтіндерді талдау арқылы
өз ойын дәлелдегісі келеді.
1. Әуелі мақтау керек бір құдайды,
Басқадан нұрлы қылды күн мен айды,
- мазмұны қандай. Күн мен айды жарық қылған құдайды
мақтау керек. Осы да мазмұн ба. Жоқ. Ол – діннің кезінде
мазмұн еді. Қазір ойыншық мазмұн, -дейді.
2 … Ертедегі адамдардың бәрі де ер,
Түн жағында ел бар екен, орыс дер,
Сол ерінен айрылған
Алты алаштың жүрегінде дерт екен.
деген өлеңде қандай мазмұн бар?. Кешегі адамның бәрі ер
де бүгінгі адамның бәрі жасық па?. Осы да мазмұн ба?»,-
деп сауал тастай отырып, мазмұн жағынан біздің еңбекші
жазушылар мақтана алады. Қазақтың еңбекші табы өскен
сайын, еңбекші жазушылары өрттей қаулап келеді.
Сондықтан еңбекші жазушылардың жазған сөзінің
мазмұнына пішіні ілесе алмай отыр деп кемшілікті де
көрсете кетеді.
С.Мұқановтың бұл мақаласына келесі жауапты
белгілі қоғам және әдебиет қайраткері С.Сәдуақасов
береді. Ол өзінің “Әдебиет әңгімелері” (айтыс ретінде)
деген мақаласында жақсы болсын, жаман болсын әйтеуір
әдебиет туралы баспасөзде пікір туып, айтыс, әңгіме
болғанының өзі сол кездегі рухани сұраныстың өскендігін
көрсетеді. Ол жөніндегі пікірін автор сөз басында-ақ
жақсы бастайды: “... Меніңше, айтыс үшін уайым жеуге
болмайды. Айтыс жаңа пікір, жаңа ой туғызады. Қазақ
әдебиеті өзгеден өлсе де, айтыстан өлмейді. Қазақ
әдебиетін сынау керек. Сынайтын уақыт жетті. Қазақ
әдебиеті ақсаса, сынның көптігінен емес, дұрыс сынның
жоқтығынан ақсап отыр”, - деп орынды сын айтады.
11
1928 жылы Қазақстан баспасының бас редакторы
С.Мұқанов І.Жансүгіровтың 20 б.т. қолжазбасынан 4-ақ
т.б. өлеңдерін таңдап, өзі алғы сөз жазып шығарады.
Бірақ, өз сөзінде ол ақынның өлеңдерін таптық беті айқын
емес деп сынға алады (“Есею жылдары”, А., 1964, - 477 б).
Бұған қатты шамданған ақын “Еңбекші қазақ” (1928, 5
сәуір) газетіне “Бетім анадай емес, мынадай” деген мақала
жариялап:»... сауатсыз, қатесі қалың, кей сөзімнің көзі
жоқ, кей пікірімнің ізі жоқ. Өзім лайықтаған бөлімдерге
бөлінбеген. Қолы шолақ, құлағы шұнақ, мұрны пұшық,
шала туған… Сәбиттің мұнысы – бұқпантайлық,
жасырынбақ», - деп өкпе айтады. Сөзінің соңында : »...
Мәселеге объективно емес, субъективно қарау, өзінше
тыңнан теория табуға талаптану, өзінен өзгеге көнбейтін
асаулық, дүмше молдаша хадистің қарпіне таласушылық
(буквоедство), кейде біле тұра сөз көтеру үшін, өзінің
кедейшілігін сонымен әйгілеу үшін беталды белсенділік
11
251-б.
[Введите текст]
36
қылып дау қозғау, жоқ жерден кінә шұқылау, елді ауру
деу – міне сәбитшіліктің сүйегі осылар”, - деп анықтама
береді.
Сол өтпелі кезеңдегі әдебиет төңірегіндегі айтыс-
даулардағы көп өкпенің С.Мұқанов есіміне байланысты
болып жатуының тегін еместігін, оның себеп-салдарын
аюға таяқ ұстатқандай етіп, ашып берген, оған дәл
диагноз қойған да осы І.Жансүгіровтің ащы да болса
ақиқатына сүйенген анықтамасы болса керек. “Жел
тұрмаса шөптің басы қимылдамайды” дегендей, бізге
көпке шейін көмескі тартып, белгісіз болып келген
шындықтар қазір тәуелсіздіктің арқасында және архивтегі
көп материалдардың, сол кездегі баспасөз беттеріндегі
айтыс-даулардың бүгінгі кириллицаға көшіріліп, газет-
журналдарда ашық және сол қалпында жарияланып
жатқандары, ақтаңдақ беттердің арнайы ғылыми зерттеу
жұмыстары нәтижесінде айқындалып, дәлелденіп жатуы
көп жайдың сырына қанықтырады. Ол айтыс ұзаққа
созылады.
Шын мәнінде 20-30 жылдар – аласапыран арпалыс
дәуірі, жаңа дәуір мен ескінің қалдықтары арасындағы
күрес дәуірі болды.
1929 жылы желтоқсанда Өлкелік партия Комитетінің
V
Пленумы
өтеді.
Ол
пролетариат
әдебиетін
өркендетудегі кедергілерді, жікшілдікті ашып, оларды
жоюдың жолдарын қарастырады. Пленум қаулысына үн
қосу мақсатында Ғ.Мүсірепов “Еңбекші қазақ” газетінде
(1930, 26 қаңтар) деген мақаласын жариялайды. Онда: «...
Сәбит пен Сәкеннің алашорда деген айқайының астынан
жікшілдік иісі аңқып тұрады… Қызылжарға барып Сәбит
ҚазАПП секциясын жамылып жікшілдігін жүргізді»,-
деген кінә тағылады. Осы мақаладан кейін ойындағысын
айтып қалуға тырысқан Ілияс “Жікке жол жоқ” (“Еңбекші
қазақ”, 1930, 17 қараша) атты мақала жариялап, онда
Сәбитті жікшіл деген Ғабит пікірін қолдап шығады.
Ал, Сәбит болса оларға қарсы мақала ретінде
“Ғабитке справка” (“Еңбекші қазақ”, 1930, 13 желтоқсан)
жазып, Сәкеннің жігінде болғаным жікшілдік емес, партия
жолы үшін күрескендік. Мен Ғабит қателерін көрсетсем,
ол жікшілдік бола ма деп ақтала сөйлеп, Ілияспен
татуласу ниеті барлығын мойындайды.
Газет алқасы әдебиетіміздің үш ірі тұлғасына да
ескерту жасап, олардың орынсыз айтысынан өздері
болмаса да оқырмандардың жалыққанын, одан да
жікшілдікті қойып, қазақ пролетариаты әдебиетін
өркендетуге атсалысуға шақырады.
Қазақ АССР-інің он жылдығы қарсаңында ҚазАПП-
тың ұйымдастыру бюросының мүшелері С.Мұқанов,
Б.Майлин, І.Жансүгіров пролетариат жазушыларының
барлық секцияларына, жеке мүшелеріне арнап “Ашық
хат” жазды. Ол “Еңбекші қазақ” газетінің 1930 жылғы 30
қыркүйектегі санында жарияланды. Онда ҚазАПП-тың
1925 жылы маусымда ашылу себептерін және осы бес
жылда
нендей
шаруалар
атқарылғанын,
нендей
кемшіліктерге жол берілгенін, келешектегі нақты
міндеттер қандай деген сауалдар төңірегінде ой қозғайды.
[Введите текст]
37
1932 жылға қарай Алматыда бірлесіп жұмыс істеу
міндеттері жөнінде комсомол белсенділері мен ҚазАПП
мүшелерінің бас қосқан жиналысында Р.Байжасаровтың
баяндамасында Сәкен, Сәбит, Ғабит, Ғаббас, Ілияс,
Бейімбет – бәрі де қатты сыналып, Ү Пленум қаулысын
теріс талқылады деген кінә қойылады. Бұл жаңа қатердің,
өзара саяси айыптасуларға бой ұрғандықтың белгісі еді.
Оның ақыры 1937 жылғы қызыл қырғынға алып
келгені тарихтан белгілі.
1932 жылғы 10 ақпанда ВКП(б) Өлкелік комитетінің
Мәдениет және насихат бөлімі мен Қазақстан марксизм-
ленинизм институтының Сталин жолдастың хатына
байланысты Қазақстанда теория майданындағы күрес
міндеттері туралы “түсіндірме хаты”, аты айтып
тұрғандай әлгі отты одан әрмен өршітті. Көп ұзамай, яғни
1932 жылғы 26-29 ақпанда, Қаз АПП-тың бірінші сьезі
өтіп, қателіктер мен кемшіліктер қатты сынға алынды.
1932 жылы партияның “Көркем өнер ұйымдарын
қайта құру туралы” қаулысынан соң да әдебиет
төңірегіндегі пікірталас созылып, 1934 жылы Қазақстан
совет жазушыларының тұңғыш сьезі өтті де алдында
жойылған Қаз АПП-тың орнына Жазушылар одағы
құрылды.
1933
жылы
республика
басшылығына
Л.Мирзоян келіп, әдебиетте де оң өзгеріске жол
ашылғандай болды. Дегенмен, осы он жылдықтағы әдеби
айтыс-тартыстардың кесірінен, яғни 1927-39 жылдардағы
саяси зобалаң, репрессия кезінде демограф-ғалым
М.Тәтімнің дерегіне сүйенсек, тікелей атылғандар саны 25
мың, ұзақ мерзімге сотталып, ГУЛАГ түрмелерінде
өлгендер – 75 мың, барлығы 100 мың қазақ зиялылары
опат болған екен. (Қазақ ұлтының қасіреті // “Егемен
Қазақстан”, 1996, 18 сәуір). Солардың ішіндегі мерт
болған ақын-жазушылар ұзын тізімді құрауы осы
онжылдықта мерзімді баспасөздерде орын алған қазақ
зиялыларының бір-бірін орынсыз сынға алуының,
әдебиетті тапқа бөліп, әдеби шығармадан көркемдік пен
шеберлікті емес, тапшылдық көзқарасты, тырнақ астынан
кір іздеу секілді саяси сойқанның салқыны екенін сезбеу
мүмкін емес. Қалай десек те, ХХ ғасыр басындағы 20-30
жылдардағы осындай саяси өмір қазақ зиялыларының
қалыптасып,
қазақ
әдебиеті
мен
өнеріндегі,
мәдениетіндегі жаңа өзгерістерімен де есте қалатын
тарихи кезең болғанын ескеру шарт және әсіресе, қазақ
сөз өнерінің, оның әр алуан жанрлық түрлері мен
салаларының кәсіби өсу деңгейлерінің биік деңгейге
көтерілуі тұрғысынан атап өткен жөн
12
.
12
Т.Бейісқұлов. Аласапыранда (мақала) // «Жұлдыз», 2003, № 8.
[Введите текст]
38
Достарыңызбен бөлісу: |