Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§2 Өлкені тануда тарихи және мәдени ескерткіштердің орны



Pdf көрінісі
бет10/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§2 Өлкені тануда тарихи және мәдени ескерткіштердің орны. 
§2.1 Өлкетану жұмыстарындағы тарих және мәдениет 
ескерткіштерінің маңыздылығы 
 
Тарихи-мәдени ескерткіштер тарихшы-өлкетанушы үшін заттай дерек көзі 
болып табылады. Алайда тарихи-мәдени ескерткіштерін тек қана өлкетану 
объектілері ретінде ғана қарамау керек, сонымен бірге адамзат қызметіне 
тікелей әсер ететін белгілі бір қоғамдық қатынастың өнімі ретінде де 
қарастырған жөн.
Тарихи-мәдени ескерткіштерге: 
- тарихи ескерткіштер: маңызды тарихи оқиғалармен, қоғам мен 
мемлекеттің даму барысымен, азаматтық және Ұлы Отан соғысымен, ғылым 
мен техниканың, адамдар тұрмысының даму барысымен, танымал саяси, 
мемлекеттік, әскери, халықтық, ғылым, әдебиет және көркемөнер тұлғалары 
өмірімен байланысты ғимарат, құрылыс, естелікті орындар мен заттар; 
- көркемөнер ескерткіштері: монументалды, сурет, сәндік-қолданбалы 
және басқа өнер түрлерінің өндірістері; 
- архитектура мен қала құрылыстары: азаматтық, өндірістік, әскери, 
мәдени архитектура құрылыстары; архитектуралық ансамбльдер мен кешендер, 
тарихи орталықтар, кварталдар, аудандар, көшелер, ежелгі жобаның 
қалдықтары, ежелгі қалалар қалдықтары т.б.; 


37 
- археологиялық ескерткіштер: қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныс-
мекендердің, бекіністердің, өндірістің, каналдардың, жолдардың, ежелгі 
молалардың, тас мүсіндердің, тас суреттерінің (петроглифтер), ежелгі 
заттардың қалдықтары кіреді.
Тарихи-мәдени ескерткіштер әр түрлі болып келетіндіктен, онда сақталған 
мәліметтердің сипаты да түрліше болып келеді. Оларға ортақ нәрсе – заттай 
дерек көзі болып табылатындығы және әрқайсысының айналадағы ортаға 
сәйкес немесе құбылысқа сәйкес көңіл-күй қалдыратындығы. Осындай 
ерекшеліктері өлкені зерттеп-танып білуге зор ықпал етеді. 
Тарихи-мәдени ескерткіштер бір-біріне қарама-қарсы екі қызметтен 
тұрады. Біріншісі, жаңа мәліметтер іздеу мақсатында субъектінің (адамның) 
белсенділігін арттыру рөлін атқарады. Екіншісі, олардың өздері теориялық 
білімді өз бойына жинақтаған объекті рөлін атқарады. 
Тарихи мәдени ескерткіштердің көп бөлігі анықталып, қорғауға алынған. 
Алайда, кейбір маңызды ескерткіштер, әсіресе жергілікті мазмұндағы 
ескерткіштер әлі де белгісіз болып отыр. Өлкетанушылардың маңызды 
міндеттерінің бірі 
осындай 
ескерткіштерді 
мемлекет 
қорғауындағы 
ескерткіштер тізіміне енгізу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, оларды 
анықтау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет