Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану



Pdf көрінісі
бет8/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
 


28 
§1.5 Батыс Қазақстандағы археологиялық зерттеулер 
 
Батыс Қазақстан Еуразияның картасында маңызды табиғи-географиялық 
орынды иеленеді. Табиғи-экологиялық ортасының аймақтылығымен көрінетін, 
солтүстігінде далалық аумағымен, ортасында жартылай құрғақ шөлімен және 
оңтүстігінде Сам, Үлкен және Кіші Борсық сияқты құмды массивтерімен, 
Үстірт тастақ шөлді жазығымен танылатын, зерттелетін тарихи-мәдени 
ауданның өзіндік ерекшелігі Арал-Каспий аймағына адамның ерте заманнан 
қоныстануына жағдай туғызды. Бұл аумақ солтүстігінде Орал тауларының 
жоталарымен, батысында Еділ және Каспий теңізімен, шығысында Сарыарқа 
тауларымен, оңтүстігінде Арал теңізімен шектелген, меридиандық тұрғыдан 
алғанда Оңтүстік Орал тау жүйесінің жалғасы – Мұғалжармен бөлініп жатыр. 
Жоғарыда аталған факторларға орай, зерттеліп отырған аймақ мыңдаған 
жылдар бойына бойлық және ендік бағыттар бойынша өтіп жатқан көптеген 
тайпалар мен халықтардың көші-қон маршруттарының қиылысында болды; 
Еуразияның ертедегі тарихында көрнекті орын алған көптеген айшықты және 
төлтума мәдениеттердің шоғырланған және қалыптасқан орны болып шықты. 
Археологтар тас дәуіріне жақызатын Батыс Қазақстан тарихының ертедегі 
кезеңін зерттеудің ерекшелігі, қандай да бір халықтың немесе өлкенің тарихы 
жөнінде еңбек жазған кезде пайдаланылатын жазба хабарлардың жоқтығына 
саяды. Бұдан кейінгі кезеңдерді – қола және ерте темір ғасырын зерттеу үшін 
ертедегі діни ережелер жиынтығы «Ригведа» мен «Авестаның» тарихи 
деректері, ал кейінгі өкінішке орай, үзік-үзік және толық еместігімен 
ерекшеленетін таяу шығыстық, қытайлық және антикалық авторлардың 
мәліметтері айрықша мәнге ие. Сондықтан осындай зерттеулерді жүргізген 
кезде дерек көздерінің негізгі қоры археологиялық қазбалардың мәліметтері 
болып табылады. Мұндай ерте темір қазбаларының ерекшелігі қазбаларды 
жүргізгеннен кейін зерттеушінің үстеліне тап болған жадығаттардың «үнсіз» 
қалуында. Бірақ, археологтардың мәліметтерінен бас тартудан тарихтың 
тасасында ондаған, жүздеген мың жылдарға созылған үлкен бөлігі қалады, 
екінші жағынан археологиядағы теориялық зерттеулердің әдістері аталған 
дереккөздерді талдаудың негізінде ертедегі тарихи-мәдени үрдістердің даму 
сипаты жөнінде түйіндер жасауға мүмкіндік береді. 
Арал-Каспий 
аймағындағы 
археологиялық 
зерттеулердің 
тарихы 
төңкеріске дейінгі кезеңнен басталады. Орынбор мен оған оңтүстіктен шектесіп 
жатқан Батыс Қазақстан даласының археологиялық ескерткіштерінің бірінші 
тізбесін П.И. Рычков 1762 жылы жасады. ХІХ ғасырдың екінші жартысында 
реформа 
кезеңіндегі 
экономикалық 
өсуге 
байланысты 
аймақтағы 
археологиялық 
зерттеулер 
бесенді 
жүргізіле 
бастады. 
Орынборлық 
өлкетанушылар А.А. Аниховский, И.А. Кастанье, П.Д. Нефедов, А.В. Попова 
және басқаларының еңбегімен ХІХ ғасырдың соңына қарай Орынбор ғылыми 
мұрағат комиссиясының (ОҒМК) атынан жүргізілген барлау және қазба 
жұмыстары өлкенің ертедегі тарихын зерттеудің бастауы болып табылады. 
ОҒМК мүшесі И.А. Кастанье 1910 жылы ертедегі Орынбор өлкесінің 


29 
мәліметтер жиынтығын басып шығарды, оған зерттеліп отырған аймақтың 
археологиялық объектілерінің басым бөлігі енгізілді.
Қазаннан кейінгі кезеңде Батыс Қазақстан даласында зерттеулер одан әрі 
жүргізіліп, дереккөздерін жинақтау үрдісі жалғасын тапты. Осылайша, 1926 
жылы М.П. Грязнов Оралдың оңтүстік жылғаларының бойында орналасқан 
Эбет, Қиялы-Бөрте, Кіргелді, Әлімбет, Теректі және басқаларында ертедегі 
қорғандарды барлау жүргізіліп, оның барысында қола, ерте және орта ғасырлық 
көшпенділер дәуіріне жатқызылатын Оралсай, Құмсай қорғандары қазылды. 
Б.Н. Граков 1930 және 1932-33 жылдары Ор және Сүйіндік өзендері 
бассейіндеріндегі обаларды барлау мен қазу жүргізілді, ол Ордың орта 
ағысындағы Матвеевский поселкесіндегі бірқатар оболарды қазып алды. 
Аймақта түрлі дәуірлердің ескерткіштерін қазу 50-жылдардың ортасында 
жалғасты. 1955 жылы Ақтөбе облысында қола және ерте темір дәуірлерінің 
қорғандарын барлау мен қазу жұмысын В.С. Сорокин басқаратын ИИМК Батыс 
Қазақстан отряды жүргізді. Олар Өлке, Ақжар және Жақсы Қарғалыдағы 
обаларды ашып, Еділ-Жайық даласындағы қола дәуірінің алакөл мәдениетінің 
эталонды ескерткішіне айналған Ордағы Тасты Бұтақ қонысын зерттеудің 
негізін қалады.
60-70 жылдардың соңында А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық 
институтінің археологиялық экспедициясы Г.А. Кушаевтың, сонымен қатар 
Б.Ф. Железчиковтың, В.А. Кригердің басшылығымен көптеген барлаулар 
жүргізіледі, Оралдың оң және сол жағалауы аумағындағы көптеген қорғандар, 
сонымен бірге Алебастрово, Барбастау, Новопавловка, Лебедевка, Жарсуат 
және Көшім, Қособа, Вишневая балка, Свистунгора, Базартөбе сияқты және 
басқа да жерлеу ескерткіштері жатады. Орал педагогикалық институтының 
археологиялық зертханасында түрлі дәуірлерден кездейсоқ табылған 
жәдігерлері жинақталады. 
Қазақ КСР Ғылым академиясы тарих, археология және этнология 
институты Батыс Қазақстан отряды М.К. Қадырбаев пен Ж.Құрманқұловтың 
басшылығымен 70-жылдары Електің жоғары ағысындағы «сармат» 
қарауылдарының қорғандары зерттелді. Сынтас, Бесоба, Жалғызоба, Күміссай 
сияқты бірінші дәрежелі ескерткіштер ғылымның жетістігіне айналды. Ор мен 
Електің бойындағы «мұртты қорғандар» саналатын Усуп І, ІІ қорғандары 
зерттелді және Орск қаласы ауданындағы Оралдың оңтүстік жылғасындағы 
Эбеттегі қола дәуірінің қорғандарын қазу жүргізілді.
М.К. Қадырбаев көмегімен Ақтөбе өлкетану музейінде археологиялық 
отряд құрған тамаша ақтөбелік өлкетанушы В.В. Родионов Ақтөбе облысында 
ертедегі ескерткіштерді іздестіруді кеңінен өрістетті. Егжей-тегжейлі барлау 
мен қазу барысында ол Бесоба, Иманғазы-Қарасу, «Оқу полигоны» және басқа 
қорғандар сияқты ескерткіштерді зерттеді. В.В. Родионовтың Ақтөбе облыстық 
тарихи өлкетану музейіндегі кездейсоқ табылған жәдігерлерді тәртіпке 
келтіруге қосқан еңбегі зор, мұны құруға елеулі үлкен үлес қосты. 1984 жылдан 
бастап Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейі археологиялық отрядын С.Ю. 
Гуцалов басқарды. 1984/85 жылдары отряд Болгарка 1,2 қорғандарын, 


30 
Қызылжар, Жаман Қарғалы ІІ молаларын зерттеді. 1986 жылы Ақтөбе 
облыстық тарихи өлкетану музейінің тікелей қатысуымен ол Ақтөбе 
пединститутының археологиялық экспедициясының қазбаларын ұйымастырды. 
1986-1993 жылдар аралығында Атпа І, ІІ, IV, Жаман Қарғалы І, Целинный І, 
Шығыс Құрайлы І, Танаберген ІІ, Орқаш І және басқалары сияқты молалар 
қазылды. 
80-жылдардың ортасынан бастап Орал облысында Орал облысының 
тарихи өлкетану музейінің отряды Б.Райымқұлов пен Ю.Кочубейдің 
басшылығымен қазу жұмысын жүргізіп, облыстың көлеміндегі бірқатар 
ескерткіштерді зерттеді. 
ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңынан бастап ҚазКСР Ғылым 
академиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің З.С. 
Самашев басқаратын Батыс-Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы 
аймақтағы ертедегі мәдениеттің қызықты ескерткіштерін зерттеді: сақ дәуірінің 
ондаған тас мүсіндері ретінде көрінетін Бәйте типтес жерлеу-ғибадат ету орны; 
Дықылтас жерлеу және ғибадат ету объектісі кейінгі орта ғасырдағы Сарайшық 
қаласы; сармат дәуіріндегі Аралтөбе қорымдары және басқалары. Қазіргі 
уақытта бұл экспедиция Сарайшық қаласын зерттеуді жалғастыруда, энеолит 
қоладағы Тоқсанбай және оба-ғибадат ету орны Үстірттегі Қызыл Ойық 
ертедегі қоныстарын зерттеуде. 
ХХ ғасырдың 90-жылдарында археология саласындағы өздерінің дербес 
қызметін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтының тарих 
факультетінің бітірушілері В.В. Ткачев пен А.А. Бисембаев бастады. Олардың 
жанқиярлық қызметінің арқасында аймақтың тарихы жөніндегі дереккөздер 
базасы әлдеқайда толықты. Осылайша, В.В. Ткачев ерте қола дәуірінен (б.з.б. 
ІІІ мың ж.) ортағасырларға (б.з. І мың ж.) дейін қорымдарды қамтитын Шаншар 
обасын зерттеу жүргізді, сонымен қатар аймақтың ескерткіштерін 
археологиялық зерттеудің тарихында тұңғыш рет тас мүсіндер мен сақ 
дәуірінің стелалары сияқты ескерткіштердің сирек түрі ашылды. А.А. 
Бисембаев 90-жылдардың аяғында Орскінің оңтүстігіндегі, Оралдың сол 
жағалауындағы Салтак І, ІІ; Кенсайран сияқты қола дәуіріне – ортағасырларға 
жататын қорғандарды қазуға қадамдар жасады. 
ХХІ жүзжылдықтың басталуымен аймақтың археология ескерткіштерін 
зерттеуде елеулі рөлді 2002 ж. Батыс Қазақстан әкімдігінің бастамасымен 
ұйымдастырылған Батыс Қазақстан тарих және археология орталығы иеленді. 
Бұл орталықтың далалық отрядтары көшпенді элитаның Қырық Оба ІІ, 
Лебедевка ІІ, қола дәуірінің ор және алакөл мәдениеттерінің, Үлгілі (Елекшар) 
ауылындағы ерте көшпенділер дәуірінің прохоров мәдениетінің қорғандары 
сияқты ертедегі дәуірдің озық ескерткіштері мен басқаларын да зерттеді. 
Осылайша, ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтары мен ХХІ ғасырдың 
басындағы қазбалардың нәтижесінде жинақталған көптеген археологиялық 
жадығат аймақ тарихының бас кезеңіндегі тарихи оқиғалардың тұтастай 
картинасын жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қазбалар мен кездейсоқ тапқан 
жәдігерлердің жадығаттарын қайта зерделеуге алғышарттар жасалды, сонымен 


31 
қатар аймақ халқының ертедегі мәдениетінің генезисіне жаңаша тұрғыдан 
қарауға мүмкіндік пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет