Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§6.3 Тәуелсіздік жылдарында Батыс Қазақстан облысында



Pdf көрінісі
бет79/94
Дата01.03.2023
өлшемі1,73 Mb.
#70849
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   94
Байланысты:
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 
§6.3 Тәуелсіздік жылдарында Батыс Қазақстан облысында 
өлкетанулық жұмыстардың дамуы. 
Бала шыр етіп дүниеге келгеннен, жан-жағын танып, санасы қалыптаса 
бастағаннан бала-бақшада, кейін мектеп пен жоғарғы оқу орындарында 
Отансүйгіштік, патриотизмге баулып, тәрбиеленеді. Патриоттық сезім жалпы 
адам баласының ең алдымен туған жеріне, содан соң еліне деген сүйіспеншілігі, 
өз тілі мен мәдениетін әрдайым құрметпен жоғары ұстап, ұлттық 
құндылықтарын басқа ұлттарға, мемлекеттерге тарату болып саналады. Бұл 
міндеттерді тарих ғылымы, сондай-ақ оның бір саласы тарихи өлкетану курсы 
атқаруда. 
Патриотизм – өзінің, отбасының, әулетінің, туып-өскен өлкесінің тарихын 
білуден басталады. Өзінің тегін, оның тарихын білмеген адам өз халқының 
тарихын білуге ұмтылмайды, оған қызықпайды. Ал мұндай адам басқа 
халықтарды, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтей де, сыйлай да 
алмайды. Бұлай болған жағдайда елімізде бірлік пен береке, ынтымақ 
болмайды, сондай-ақ, туған жерден бастау алатын патриотизм сезімі еліміздің 
ғаламдық өркениет ортасынан өзінің лайықты орнын алуына бірден-бір себеп 
болатын маңызды ерекше өлшемнің біріне айналып отыр. Сондықтан да бүгінгі 
таңда ұлттық тарихымызды, оның негізгі құрамдас бөлігі өлке тарихын жаңа 


195 
қырынан оқып үйренуге деген қызығушылықты, ұмтылушылықты туғызып, 
оны меңгерудің тың оқу-әдіснамалық, ұйымдастырушылық үлгілерін 
қалыптастыратын, Отанын сүюуге баулитын «Тарихи сананы қалыптастыру 
тұжырымдамасы» (1996ж.), «Мәдени мұра» (2003ж.), «Халық тарих 
толқынында» (2013ж.) атты мемлекеттік бағдарламалары, Елбасының 
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан 
халқына Жолдауы (2014ж.), «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты 
мақаласы (2017ж.), «Туған жер» бағдарламасы (2017ж.), т.б. мемлекеттік 
құжаттар қабылданып, бұлардың аясында көптеген істер атқарылды. Елбасы 
сондай құжаттардың бірінде: «Қазір біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырмыз. 
Болашақта өркениетті ел қатарына қосылатын көш бастайтын ұрпақ өсіреміз 
дейтін болсақ, Отан сүйгіш, өз елін, туған жерін сүйетін ұлтжанды, патриоттық 
интернационалдық сезімдерге бай, жан-жақты білімді, дені сау ұрпақ 
тәрбиелеуді еш уақытта естен шығармауымыз керек», - дейді.
Тәуелсіздік жылдарында музей, мұрағат, кітапхана және орта арнаулы 
және жоғары оқу орындары сабақтастықты сақтай отырып, маңызды 
міндеттердің бірі - азаматтық, қазақстандық патриотизм, Отанымыздың тарихи 
өткеніне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастырып, өлкетанулық 
қозғалысты, өлкелік ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға зор үлес қосып 
жатыр.
Батыс Қазақстан облысында өлкенің тарихи-мәдени, археологиялық, 
этнографиялық, жаратылыстанулық, экономикалық жәдігерлерді, өнер 
туындыларын сақтап, қорғап, ғылыми-танымдық экспозициялар арқылы 
көпшілік назарына ұсынып отырған бірден-бір мемлекеттік мекеме – Батыс 
Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі. Оның негізі Орал әскери 
училищесінің оқытушысы М.К. Курилиннің ұйымдастыруымен 1836 жылы 
қаланды. Қазіргі таңда музей 12 филиалымен қоса (Кеңес Одағының Батыры 
М.Мәметованың музей-үйі, Е.Пугачевтың музей-үйі, А.Пушкиннің музей-үйі, 
суретші С.Ғұмаровтың музей-үйі, облыстық табиғат және экология музейі, 
Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музей, С.Датұлы атындағы 
Сырым аудандық тарихи-өлкетану музейі, Жаңақала аудандық Д.Нұрпейісова 
атындағы өнер музейі, Казталов ауданында Көктерек, Ақпәтер ауылдарындағы 
тарихи-өлкетану музейлері және Орал қаласындағы «Рухани жаңғыру» музейі) 
жергілікті тарихи үрдістер мен құбылыстарды шынайы бұйымдар арқылы 
жеткізеді, оның сабақтары мен тағылымын танытады, тарихи сананы 
қалыптастырады, тарихи-мәдени мұраларын құрметтеуге баулиды, туған 
жерінің табиғатын жан-жақты біліп, оны аялауға үйретеді. Осы бағытта 2008 
жылы 2 ақпанда көнеден бастау алып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе 
жатқан халық өнерін насихаттау, жас суретшілермен, өнерпаздармен музейдің 
байланысын нығайту, өмірін өнермен ұштастырған өнер иелерінің 
шыңдалуына, 
өзін-өзі 
танытуға 
мүмкіндік 
туғызу 
мақсатында 
ұйымдастырылған С.Ғұмаров музей-үйінде жас суретшілер мен өнерпаздар 
шығармашылығына арналған «Өнер – өмір айнасы» музей жобасы аясында 
«Абстракт» бағытында жұмыстанып жүрген жас суретші Нұрлан Өмірбекұлы 


196 
Тапауовтың «Самға» тақырыбындағы жеке көрмесі, мемлекет басшысы Н.Ә. 
Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы 
міндеттерді жүзеге асыру аясында наурыз айында ұлттық құндылықтарды 
ұлықтауда тың серпіліс тудырған «Рухани жаңғыру» музейі алғаш рет Орал 
қаласында ашылды. Осы «Рухани жаңғыру» музейінде 2 ақпанда өлке 
тарихынан сыр шерту, Батыс Қазақстан облысындағы киелі жерлермен 
таныстыру мақсатында, өлкетанушы Жайсаң Досболатұлы Ақбайдың, 
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті тарих, 
экономика және құқық факультетінің студенттерінің қатысуымен «Пай, пай, 
киелі неткен жер!» тақырыбында дөңгелек үстел, 1 мамыр күні алаштанушы, 
т.ғ.к. Сүлейменова Дәметкен Досмуханқызының, Жаһанша Досмұхамедовтың 
немере келіні Қуанышқалиева Батима Абдрахманқызының, Жаһанша 
Досмұхамедовтың ұрпақтары Қуанышқалиев Қуандық Бисенғалиұлының, 
Дәулетова Маржантас Қыдырқызының, Сырым Датұлы атындағы тарихи-
өлкетану музейінің меңгерушісі Айнагүл Ойшыбаеваның қатысуымен 
Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің төрағасы, көрнекті қоғам қайраткері, 
білгір заңгер Жаһанша Досмұхамедов қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі 
туралы пікір алмасу және жас буынға дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған 
«Жаһанша Досмұхамедов – Алаштың ардақты қайраткері» атты дөңгелек үстел 
оздырылды, 16 мамырда Батыс Қазақстан облысының киелі орындары 
қатарына кірген Тақсай қорғандар кешені жайлы, Алтын ханшайым туралы жас 
буынға ақпарат бере отырып, Отан тарихына қызғушылықтарын арттыру 
мақсатын ұстанған «Алтын ханшайым қалай табылды?» деген тақырыпта 
студенттердің археологтар Яна Лукпановамен және Қалменов Мұрат 
Дабылұлымен кездесуі ұйымдастырылды.
16 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 
жастарға қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары туралы мағлұмат 
беру, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау арқылы Наурыз нақыштарын ұлттық 
тақырыптар бойынша көрерменге көрсету мақсатында «Наурыз нақыштары» 
атты мәдени-көпшілік шара, 17 наурыз күні Е.Пугачев музей-үйінде №32 
ЖОББМ оқушылары, музей қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының 
өкілдерінің қатысуымен жас ұрпаққа қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз 
мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойларына 
дарыту арқылы шынайлыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуді 
мақсат етіп қойған «Наурыз-Жаворонки» атты фольклорлық-музыкалық 
мерекелік, «Рухани жаңғыру» музейінде Ұлыстың Ұлы күні әз Наурыз мерекесі 
қарсаңында «салт-дәстүрім – таусылмайтын байлығым» атты мәдени-
тағылымды шаралар өтті. 
Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының 2018-2019 жылғы атаулы күндер 
күнтізбесіне енгізілген күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық 
мерейтойы кең көлемді аталып өтілетіне орай, 4-6 сәуір күндері Ықылас 
атындағы халық музыкалық аспаптар музейіне Құрманғазы Сағырбайұлының 
Астрахань облысы Алтынжар ауылында орналасқан «Құрманғазы атындағы 
мәдени орталық» қорында сақталған домбыраның көшірмесі және 


197 
Құрманғазының төл шәкірті Ерғали Есжановтың домбырасы ресми түрде 
музейге табысталды, «Құрманғазы домбырасы музей сахнасында» атты 
үшкүндік көрмеге Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 
қорындағы Дина Нұрпейісованың камзолы, ХІХ ғ. шапаны мен зергерлік 
бұйымдар, 
Атырау 
облыстық 
тарихи-өлкетану 
музейі 
қорындағы 
Құрманғазының дара ауыз мылтығы және шәкірті Дина Нұрпейісованың 
белбеуі қойылды. Ал, 23-29 сәуірде Құрманғазы Сағырбайұлының 
ғұмырнамасының ақиқатын, күйлерінің шығу тарихын, шығармашылық-
қайраткерлік болмысын зерттеп-зерделеу, қазақ музыка мәдениетінде өшпес із 
қалдырған Ақ Жайық өңірінің айтулы, атақты күйшілерінің өмір деректері, 
олардың күйлерін зерттеу және құнды мұраларды қастерлеуді мақсат еткен 
«Ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні» атты ғылыми экспедициясы, 
Қаратөбе ауданы – Жаңақала ауданы – Казталов ауданы Көктерек ауылы – 
Бөкей Ордасы ауданы – Ресейдің Астрахань облысы Володар ауданы 
Алтынжар ауылы маршруты бойынша ұйымдастырылып, оның барысы жайлы 
26 мамырда Ақжайық телеарнасынан «Құрманғазы ізімен» атты хабар 
ұсынылды. Сонымен қатар, 15 мамырда басталып, екі апта бойы Астана 
қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде жабдықталған, рухани жаңғыру 
бағдарламасының және осыған орай құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми 
орталығының құрылғанына бір жыл толуына орай «Батыс жауһарлары» атты 
Батыс Қазақстан облысының 140 тарихи жәдігерлерінен тұратын көрме 
ұйымдастырылды. Осы көрме аясында 15-21 мамыр аралығында Ақ Жайықтың 
киелі жерлеріне қатысты Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 
қорының 128 жәдігерлерінен тұратын «Ақ Жайық сенің орның алабөтен ...» 
көрмесі жұмыс жасады. Сондай-ақ, 29 мамырда саяси қуғын-сүргін 
құрбандарын еске алу күніне орай, тарихи-мәдени мұрамызбен халықты 
таныстыру мақсатында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 
«Шерлі шежіре шындығы» атты мұрағаттық құжаттар көрмесі ашылды. 
Батыс Қазақстан облысында тың өлкетанулық ізденістер мен зерттеулерге 
түрткі болып отырған, негізгі дерек көздерімен қамтамасыз ететін келесі 
мемлекеттік мекеме - 2006 жылы ашылған Ж.Молдағалиев атындағы облыстық 
ғылыми-әмбебап кітапханасының өлкетану бөлімі. Бөлім қызметінің басты 
бағыттары: 1) ақпараттық ресурсты кеңейту мақсатындағы зерттеу жұмыстарын 
жүргізеді; 2) әртүрлі тақырыпта өлкелік библиографиялық басылымдар 
шығарады; 3) «Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтетін және еске 
алынатын күндер тізбегі» ұсыныстық көрсеткішін шығарады; 4) облыстағы 
барлық кітапханалар мен басқа да мекемелерге өлкетану мазмұнындағы 
сұрақтар бойынша әдістемелік және кеңестік көмек береді. 
Өлкетану әдебиеттер бөлімі әмбебап және өлке туралы 4,0 мың данаға 
тарта кітаптар мен құжаттардан тұрады, оның 400 данасы электронды 
тасымалдаушы. Қор құрамына келер болсақ, ол біріншіден, жергілікті мерзімді 
басылымдардан; 
екіншіден, 
өлкетану 
бағытындағы 
авторефераттар, 
диссертациялардан; үшіншіден, төңкеріс кезеңіне дейінгі әдебиеттерден; 
төртіншіден, Орал облысының мекенжай күнтізбелері мен естелік 


198 
кітапшаларынан; бесіншіден, облыс туралы шолулар, есептер, статистикалық 
анықтамалардан; алтыншыдан, «Орал әскери ведомствосы» газетінен тұрады. 
Бөлімнің анықтамалық-библиографиялық аппараты өлке жайында 
анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялардан; өлкелік картотекасынан (өлке 
жайында 70,0 мыңнан астам библиографиялық кітап жазбалары, газет-журнал 
мақалалары); 
айрықша 
және 
белгілі 
күнтізбелердің 
хронологиялық 
картотекасынан; орындалған анықтамалардың мұрағаттарынан; қазақ және 
орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы» деректер жиынтығынан; «Заңгер» 
электронды анықтамалық-құқықтық жүйесінен тұрады.
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының 
Өлкетану әдебиеттер бөлімі 1967 жылдан бастап жыл сайын қазақ және орыс 
тілдерінде «Батыс Қазақстан облысы бойынша аталып өтілетін және еске 
алынатын күндер» тізбегін шығарып келеді. Күнтізбеге жалпыхалықтық 
тарихи, рухани және мәдени маңызы бар оқиғалар, өлкеміздің экономикалық 
және мәдени дамуына ерекше үлес қосқан жекелеген ұйымдардың, мемлекеттің 
қалыптасуы мен нығаюына зор үлес қосқан, Ақжайық өңірінен шыққан 
халыққа 
танымал 
қайраткерлердің, 
ғылым 
мен 
өнердің 
көрнекті 
қайраткерлерінің, 
сонымен 
қатар 
батысқазақстандық 
Кеңес 
Одағы 
Батырларының мерейтойлары енгізілген.
Өлкелік тың зерттеулерге оң ықпал еткен, жоғары білікті ғылыми педагог 
кадрларын даярлауға сүбелі үлес қосқан, 1999-2005 жылдар аралығында қызмет 
еткен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
жанынан ашылған Біріккен Диссертациялық Кеңестің қазіргі таңда әлі де 
өлкелік зерттеулер қызықтыратын әлеует үшін ғылыми құндылығы жоғары 
жадығаттармен танысуға мүмкіндік беруде маңызы зор. Диссертациялық 
Кеңестің мақсаты мен міндеттері күрделеніп, жауапкершілігі артып, аумағы 
кеңейіп, 2005 жылы маусым айынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі 
Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау Комитетінің 
шешімімен осы кандидаттық Диссертациялық кеңестің негізінде Батыс 
Қазақстанның оқу орындарының біріккен, 07.00.02 – «Отан тарихы» (Қазақстан 
Республикасы тарихы) мамандығы бойынша докторлық ғылыми дәреже беретін 
Диссертациялық Кеңес болып қайта құрылды. Бұл БД 14.61.26 Біріккен 
Диссертациялық кеңес мәжілісінде соңғы 2008-2010 жылдар аралығында 
бірнеше кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Атап айтсақ, 2008 
жылы Нығметов Болат Сырымұлының 1941-1991 жылдары аралығында ел 
экономикасының дамуында Жайық-Каспий балық өндірісі шаруашылығының 
алатын орны, оның дамуы, қарапайым еңбек адамдарының қажырлы еңбегі, 
олардың әлеуметтік тұрмысын зерделеуге арналған «Қазақстанның батыс 
өңірінде балық шаруашылығының даму тарихы (1941-1991 ж.ж.)» 
тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын, 2009 жылы Фризен Дмитрий 
Яков-ұлының ХХ ғасырдың басындағы Батыс Қазақстанның аграрлық 
колонизациясының ерекшеліктері қарастырылған, аграрлық қатынастардың 
дәстүрлі көшпелі және жартылай көшпелі құрылымдардың нысанының өзгеру 
шартымен байланысты Батыс Қазақстан аймақтарының мал шаруашылығының 


199 
даму деңгейі, егіншілікті дамыту спецификасын меңгеру және ресей қоныс 
аударушыларының және қазақ халқының егіншілік шаруашылығының 
ерекшеліктерін анықтаған «ХХ ғасырдың басындағы Батыс Қазақстанның 
аграрлық дамуы» атты кандидаттық диссертациясы, Боранбаева Бақтылы 
Сансызбайқызының туған халқының мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда 
құрбан болған Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне тарихи 
тұрғыдан зерттеген «Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі (1875-
1921 
ж.ж.)» 
атты 
кандидаттық 
диссертациясы, 
Гиззатов 
Саялбек 
Махамбетұлының Бөкей Ордасы құрылуының саяси, экономикалық, әлеуметтік 
алғышарттары мен себептері жаңа көзқарас тұрғысынан зерттелінген, ХІХ 
ғасырдың 
бірінші 
жартысында 
елде 
жүргізілген 
аграрлық 
саясат 
хронологиялық реттілікті басшылыққа ала отырып, толыққанды сараланған 
«Бөкей Ордасындағы аграрлық саясат (ХІХ ғасырдың І жартысы)» атты 
кандидаттық диссертациясы, 2010 жылы Абдрахманова Райса Лесқызының 
Батыс Қазақстандағы төңкеріске дейінгі және кеңестік дәуірдегі білім беру 
процесі бірінші рет толық қарастырылған, мұсылмандық білім жүйесінің даму 
ерекшеліктері көрсетіліп, зерттелінген, аймақтың тарихи дамуына өзіндік әсер 
еткен факторлар, тұрғындар құрамы және білім жүйесін жандандырудағы діни 
жағдайлар анықталған, осы кезең оқиғаларының куәгерлерінің естеліктері, 
сонымен қатар жаңа мұрағаттық мәліметтер, зеттеліп отырған мәселе бойынша 
нақты жадығаттар тұңғыш ғылыми айналымға түсіріліп, Батыс Қазақстан білім 
беру мекемелерінің педагогикалық, медициналық, және ауыл шаруашылық 
кадрлерін дайындаудағы маңызды рөлі айқындалған «Батыс Қазақстанда халық 
ағарту ісінің қалыптасуы және дамуы (1841-1941 ж.ж.)» тақырыбында 
кандидаттық диссертациясы, Ермағамбетова Әния Үржімбайқызының Батыс 
Қазақстан қалалардың қалыптасуына негіз болған саяси-экономикалық 
факторларға талдау жасалынған, зерттеліп отырған кезеңде қалалардағы сауда 
ісі мен өндірістің дамуына, нәтижесінде аймақтың экономикалық бейнесінің 
өзгеруіне негіз болған саяси факторлар анықталынған, қала халқының 
қалыптасу көздері (әскери-казактік отарлау, шаруаларды қоныстандыру 
кезеңіндегі көші-қон, отырықшы қоныстарды славян тектес халықтармен 
толтыру, т.б.) талданған, жаңа дерек көздері арқылы қоныстандыру және көші-
қон саясатының жүзеге асырылуы және оның қала халқының қалыптасуына 
ықпалы зерттелген, қала халқының 1897-1917 жылдардағы сандық, ұлттық 
құрамындағы өзгерістер және оған әсер еткен факторлар айқындалған, Батыс 
Қазақстан қалаларындағы демографиялық процестер туралы мәліметтер 
нақтыланып, бұл мәселелерге қатысты тың мұрағат деректері ғылыми 
айналымға енгізіліп, бұрын ғылыми айналымға қосылмаған деректердің 
негізінде қалалардағы мәдениет пен білімнің, тұрмыстық салалардың дамуына 
жаңа сипаттамалар берілген «Батыс Қазақстан қалаларының даму тарихы (ХІХ 
ғ. аяғы – ХХ ғ. басы)» кандидаттық диссертациясы, Жұмағалиева Күләш 
Валитхановна ХІХ ғасырдағы Батыс Қазақстанда тұз кәсібінің құрылымы, 
жүйесі, өндіруден бастап тасымалдауға дейінгі дамуының барлық кезеңдері 
талданылған, этникалық құрамына, тұз кәсіпшіліктерінде орын алған 


200 
қиындықтарға баса назар аударылған «ХІХ ғасырдағы Батыс Қазақстандағы тұз 
кәсіпшілігінің дамуы» тақырыбында кандидаттық диссертациясы, 2010 жылы 
Демеуова Нұргүл Қажымұқанқызының Қазақстанның батыс өңіріндегі ХІХ 
ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы жәрмеңкелік сауданың 
дамуына, аталған кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық өмірдің өзекті 
мәселелеріне, ондағы өзгерістерге баға беруге ұмтылыс жасалынған, ішкі 
рыноктың құрылу ерекшеліктеріне, тауар-ақша қатынастарының дамуына 
жәрмеңкелік сауданың ықпалы қарастырылған, жәрмеңкелердің жергілікті 
халықтың шаруашылық өміріне, өлкенің демографиялық ахуалына, әлеуметтік-
экономикалық, саяси және мәдени аспектілерге ықпалының мәні мен 
маңыздылығы ғылыми сипатқа ие болған «ХІХ ғ. екінші жартысы – ХХ ғ. 
басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 ж.ж.)» 
тақырыбындағы кандидаттық диссертациясы, республикааралық байланыс 
аясында Батыс Қазақстандағы ұлттық экономика мен мәдениет дамуы 
қалыптасуының ерекшелігін және Одақтық Орталықтың аймақтық саясатының 
тиімділігі мен механизмі зерттелген, Қазақстан-Ресей қатынасының 
мемлекеттік-құқықтық негізін және оның 1991-2005 ж.ж. аралығындағы 
шекаралық ынтымақтастығының дамуына ықпалы талданған, Қазақстан және 
Ресейдің зерттеліп отырған кезеңдегі экономика және мәдениет саласындағы 
өзіндік ерекшеліктері мен шекаралық ынтымақтастықтың даму сатылары 
бақыланған «1985-2005 жылдар аралығындағы Қазақстанның Ресеймен 
экономикалық және мәдени ынтымақтастығы (батыс облыстар мысалында)» 
атты кандидаттық диссертациясы, Мухангалиева Жанар Кажмуханбетованың 
Батыс Қазақстанның ауыл-селоларындағы аграрлық өндірісте нәтижелі еңбек 
еткен әйел-қыздардың іс-тәжірибелерін зерделеп, тарихи ой елегінен өткізуге, 
осы тұрғыдағы жетістіктер мен қиындықтарды ашып көрсету басты назар 
аударылған «1966-1985 ж.ж. Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытудағы 
әйелдердің рөлі (Батыс Қазақстан аймағының материалдары бойынша)» 
тақырыбындағы 
кандидаттық 
диссертациясы, 
Дюсенгалиева 
Мерзат 
Губайдуллиевнаның Бөкей Ордасындағы сауда-саттық ісіне, Бөкей, Шығай 
тұсындағы хандықтағы сауда барысына, тасымал, айырбас саудасына, 
жәрмеңкелердің сауда ісінде атқарған рөліне, жәрмеңкедегі сауда айналымына, 
саудадағы кәсіпкерліктің атқарған рөліне ғылыми талдау жасалған «Бөкей 
Ордасындағы 
сауда-саттық 
және 
кәсіпкерлік» 
атты 
кандидаттық 
диссертациясы

Ахметова Ұлжан Төлегенқызының 1887 жылы құрылып, 1918 
жылы жұмысы тоқтатылған, артында қазақ тарихына қатысы бар мыңдаған 
құжаттарды қалдырған Орынбор Ғылыми Мұрағаттық Комиссиясының 
қызметіне жан-жақты тоқталған, кешенді зерттеу жүргізген, сол арқылы 
комиссия мүшелерінің ғылыми мұраларын саралаған, ұлтымыздың жүріп өткен 
жолы туралы жинақталған бай құжаттарға деректемелік талдаулар жүргізген 
«Орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі (1887-
1918 ж.ж.)» атты докторлық диссертациясы, т.б. өлкелік өзекті мәселелердің 
жаңаша пайымдалып, зерттелуіне ықпал еткен іргелі зерттеулер қатарына 
жатады.


201 
Батыс Қазақстан аймағын кешенді жазуға өлкенің өзекті мәселелері 
бойынша үлкен ғылыми ізденіс жұмыстарын жүргізіп отырған ғалымдар, 
өлкенің тарихын, мәдениетін зерттеуге қызыққан өлкетанушылар қомақты үлес 
қосып келеді. Олардың қатарындағы көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының 
докторы, профессор, академик Тұяқбай Зейітұлы Рысбеков Батыс 
Қазақстанның тарихы, Батыс Қазақстан халқының материалдық және рухани 
мәдениеті, ұлттық мемлекеттіліктің дамуы мен оны жетілдіру мәселелері, 
XVIII-XX ғ.ғ. ұлт-азаттық көтерілістер тарихы, XVIII-XIX ғ.ғ. Қазақстанның 
Ресей империясының құрамына ену мәселелері, Қазақстанның кеңес кезеңіндегі 
саяси және әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, өлкенің белгілі тарихи 
тұлғалардың өмірі мен қызметі, өлкедегі жоғары білімнің өзекті мәселелерін 
зерттеп отырып, осы мәселелер бойынша 5 монография, 3 ұжымдық еңбек, 4 
оқулықтың, 20 оқу-әдістемелік еңбектің, 120 ғылыми мақаланың, 32 баяндама, 
тезистің авторы болса, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бақтығұл 
Қабдірұлы Бірімжаров ғылым жолында Батыс Қазақстандағы, оның ішінде Кіші 
жүздің ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы саяси, экономикалық, мәден-рухани 
мәселелері, ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Батыс өлкенің ауыл шаруашылығы 
дамуының тарихы, өлке тарихы, оның ішінде Бөкей Ордасы тарихы, тарихи 
тұлғалар, қызметкерлері т.б. өлке тарихының өзекті мәселелерін зерттеген, 
«Аграрная политика Казахстана в 60-80-ые годы: целевые установки» (1993ж.), 
«Социально-экономическое развитие аулов и сел Казахстана в 60-80-ые годы 
(по материалам западных областей)» (1996ж.), «Батыс Қазақстан ауыл 
шаруашылығы 1946-2000 жылдарда» (2005ж.), «Бөкей Орда» (2017ж.) атты 
монографиялардың, «Бөкей Орда тарихы» (2001ж.), «Батыс Қазақстан 
облысының тарихы» (2002ж.), «Батыс Қазақстан облысының ауыл 
шаруашылық энциклопедиясы» (2006ж.) атты ұжымдық еңбектердің, 
«Қазақстан Республикасының тарихы» (1997ж.), «Қазақстан тарихы қазіргі 
заман» (2000ж.), «Дүние жүзілік тарихы және Қазақстан тарихы қазіргі заман 
кезең» (2001ж.), «Батыс Қазақстан тарихынан 18-19 ғ.ғ.» (2002ж.), «Перзент 
парызы» (2007ж.) атты анықтамалықтың, оқу-әдістемелік құралдардың, 
оқулықтардың, 120-дан астам ғылыми мақалалардың авторы болды.
Өлкенің де, елдің де ғалымдар әлеуеті ортасында, қоғам ортасында 
танымал ғалымдар ішінен тарихшы-ғалымдар И.Н. Кенжалиевті, М.Н. 
Сдыковты, Ә.Қ. Мұқтарды атай аламыз.
Тарих ғылымдарының кандидаты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 
мемлекеттік университетінің профессоры Исатай Нәсекенұлы Кенжалиев талай 
жылғы ізденістер нәтижесінде «Махамбет» (1974ж.), «Исатай Тайманұлы» 
(1975ж.), «Казталовка – байырғы атамекен» (1974ж.), т.б. тарихи-танымдық 
кітаптары, «Батыс Қазақстанның қасіретті жылдары» (2000ж.), «Бөкей облысы» 
(1901-1925 
ж.ж.), «Жеті жыл соғыстың кесапаты» (2001ж.), т.б. 
монографиялары жарық көрген. И.Н. Кенжалиевтің мерзімді басылымдар 
беттерінде жарық көрген мақалалары да Батыс Қазақстан тарихының келелі 
мәселелерін көтеріп, нақты деректерін айқындауға арналған. Ал тарих 
ғылымдарының докторы, белгілі демограф, сондай-ақ, археологиялық 


202 
зерттеулерімен танымал Мұрат Наурызғалиұлы Сдыковтың тарихи-өлкетану, 
тарихи демография, өлкенің археологиясы мәселелері бойынша 7 
монографиясы, 100-ден астам ғылыми басылымдары жарық көрді.
Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар өзін XVIII-XIX ғасырлардың маманы ретінде 
танытқан ғалым. Мұнай өнеркәсібіне жұмысшылар дайындау тарихы, 
Қазақстанның 
батыс 
өлкелерін 
отарлау 
ерекшеліктері, 
Батыс 
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы кезіндегі жанқиярлық еңбегі, XVIII-
XIX ғасырлардағы тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметі оның зерттеу 
аясының мәселелері болып табылады. 3 монография, 200-ден астам ғылыми 
мақалалардың авторы. 
Өлкетанушылардың ортасында беделді, әрі белді өлкетанушы, жазушы, 
Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, өлкенің өзекті мәселелері 
мен тарихи тұлғаларына арналған «Қазақтар», «Жымпитыға 100 жыл», «Сырым 
тағдыры - Ел тағдыры», «Сырым батыр Датулы», «Хан Жангир», «Радуга Ақ 
Жайық», «Ритмы Ақ Жайық», «Нарын-Казахия», «Жанша», «Алшын-от-Ана», 
«Жәңгір хан», «Ерен Ер Сырым» және т.б. еңбектердің, 250 мақала, 
публицистикалық материалдардың авторы, сонымен қатар өлке тарихының 
өзекті мәселелеріне арналып өткізіліп жүрген іс-шараларға, дөңгелек 
үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, ғылыми экспедицияларға 
қатысып, тарих ғылымының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген тұлға - Жайсаң 
Ақбай Досболатұлын, сонымен қатар, өлкетанушы, шежірешілер Тілекқабыл 
Сағыновты, Қайыржан Хасановты, Сара Танабаеваны, Нұртас Набиоллаұлын, 
т.б. атауға болады.
Жалпы, ғылыми мекемелер мен қоғамдық ұйымдар, білім орталықтары 
және ғалым-зерттеушілер өлке тарихының түрлі кезеңдерінің ақтаңдақ беттерін 
саралап, оның жаңаша зерттелуіне оң ықпал етіп, жастарды отаншыл, елшіл 
етіп тәрбиелеуге зор үлес қосып жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет