Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет11/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Пысықтауға арналған сұрақтар:
1. Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
2. Құлдық және орта ғасыр дәуіріндегі саяси ойшылдар көзқарасы туралы не айтасыз?
3. Жаңа заман және қазіргі заманның саяси көзқарастары саясат туралы қандай пікірлерді 
айтады? 
Әдебиеттер. 
1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. М., 1997. 
2. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007. 
3. Жамбылов Д. Саясаттану. – Алматы., 2003. 
4. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006. 
5. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000.
Дәріс 3. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат. 
Дәріс жоспары: 
1. Саясат ұғымы және оның пайда болуы
2. Саясат элементтері: билік, субъектісі, обьектісі 
Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан , 
саясат туралы ғылым (мемлекетті басқару өнері) деген мағананы білдіреді. «Саясат» деген 
түсініктің екінші негізі – ғұлама ғалым Аристотельдің «Саясат» деген еңбегінің атымен 
байланысты. Ол өз заманында лицей оқу орнын ашып,сонда саяси ой-пікірлерді білім ретінде 
жастарға үйретті. Ойшылдың осы қызметінің нәтижесінде «Саясат» деген еңбегі дүниеге келді. 
Саясат дегеніміз – қоғамдағы үлкен әлеуметтік топтар мен таптар, ұлттар мен ұлыстар
олар мен мемлекет арасындағы, қарым-қатынас барысындағы олардың өз мүдделерін 
қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап қалуға бағытталған және оны 
қолдау тәсілдері жайлы әрекеттер жүйесі.
Саясат қоғамның дұрыс қызметі және оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет және сол үшін 
пайда болған. Сондықтан саясат қоғамның қажетті әрі маңызды элементі болып табылады. 
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, басқаруды, оның 
құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі 
мен міндеттері, жеке адамның саяси құқықтық жағдайы, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық 
көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы 


түсінік береді. Ол бір жағынан жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан құбылыстардың 
өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Саясат дегеніміз қоғамның ішіндегі үлкен 
топтар, сондай ақ билікті орнатуға, сақтауға, бөлуге бағытталған қоғамдық ұйымдар арасындағы 
қарым- қатынасты айтады. Саясат гректің «полис» қала деген сөзінен пайда болған. Саясат кең 
мағынада қоғамның саяси өмірін бейнелейді, ал тар мағынасында билік үшін күресті білдіреді. 17 
ғ. дейін саясатты бағыныштыларды қоғамдақ баасқару ретінде қарастырып келді. Ал 18 ғ. бастап 
саясатты билік пен байланысты қатынас ретінде түсіне бастады. Сайып келгенде саясаттану 
денеіміз, саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым қатынастары туралы 
жинақталған ғылым.
«Саясат» ұғымы қоғамның қалыптасуымен, қызметімен, құрылысымен байланыста өмір сүрудің 
айрықша аспектісін білдіреді. Адамдардың ассоциативты негізде бірлесіп өмір сүрулері ғана 
қажетті мәнді кезең ретінде саясатты тудырады. Ол адамдардың мүддесін түйістіретін және қоғам 
тұтастығын сақтайтын қоғамдық өмірдің реттеуші функциясы. Саясаттың осы функциясы оған 
жеткілікті түрде әмбебаптылық сипат береді, өйткені саясат адамдардың тіршілік әрекетінің негізгі 
сфераларындағы қоғамның барлық құрылымдық әрекеттерінің белсенділігін бақылауға және бағыт 
беруге міндетті. Осы негізде саясат әлеуметтік мазмұны бойынша өте кең мағынаға ие. 
Қазіргі қоғамдық өмірде «саясат» термині төмендегідей түсінік береді: Біріншіден, мемлекеттің 
қызметін, адамдардың үлкен ассоциативты топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, 
жас ерекшеліктік және т.б) арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік 
органдарының қызметін көрсетеді, және осынау іс-әрекет топ мүдделерін ескерумен, олардың ортақ 
позициясын жасақтау мен түйістірумен және оны билік құралдарын пайдалану арқылы жүзеге 
асырумен байланысты. 
Еуропалық қоғамдастықтың дамуы мен саяси ойларының отаны болған ежелгі гректерде саясат 
мемлекет пен қоғам істерін басқаруды білдірді. Платонның көзқарасы бойынша, бірігіп өмір сүру, 
адамдар арасындағы теңсіздік (байлық пен кедейлік, әртүрлі дәреже мен кәсіптер), өзара әрекет 
алмасудың қажеттілігі және осы орайда қандай да бір нормалардың сақталу қажеттілігі мемлекет 
пен саясатты, мемлекет пен қоғам істерін басқаруға алып келеді. Саяси ойлардың негізін салушылар 
Платон мен Аристотель пікірлерінде саясат адамдарды басқару ретінде анықталынады. Осыған 
байланысты олардың еңбектерінде мемлекеттік басқарудың формаларына талдау жасалынып, оның 
түрлері бөліп көрсетіліп, оларға салыстырмалы талдау жүргізіліп, ежелгігректік полистің (қала-
мемлекеттер) саяси өмірінің және осы полистің азаматтары – ерікті адамдардың мемлекеттік 
басқарудағы саяси іс-әрекеттерінің барлық негізгі аспектілері қарастырылған. 
Екіншіден: азаматтардың мемлекеттік биліктің қалыптасуы мен қызмет атқаруының және 
мемлекеттік құрылыс пен қоғамды басқарудың формаларын анықтауға, басқарудың тиімді әдістері 
мен амалдарын білуге, оның шешімдері мен акцияларының заңдылығын мойындауға қатысуын 
көрсетеді. 
Үшіншіден, мемлекеттік шешімдер, мемлекеттік билік пен саяси қатынастардың басқа да 
субъектілерінің акциялары, олардың қоғамдық өмірдің әртүрлі аспектілеріне ықпалын талдау мен 
бағалау және оларға ықпал ету мақсатында оларды тиісінше реттеуді көрсетеді. Мемлекеттік 
биліктің, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың қабылдаған барлық 
құжаттары саяси мазмұнға ие болғандықтан, олар да саяси шынайылықтың, саясаттың элементтері 
болып табылады. 
Төртіншіден, басқару өнерін, керекті нәтижелерге қол жеткізуді, осы іске қажетті ресурстарды 
(материалдық-заттай және рухани) жұмылдыра білу қабілеті мен билік өкілеттіктерін қолдана 
білуді, оларды кеңейтуге қол жеткізуді, билік өкілеттіктерін іске асыруда мейлінше тиімді күштер 
мен әдістерді анықтауды, басқару мәдениетін көрсетеді. Саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен 
қозғалыстар тарапынан биліктің саясаты мен іс-әрекетіне өзгерістер енгізу мақсатында оған қысым 
жасау өнерін, және қажетті жағдайда билікті алмастыруды білдіреді. 
Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мәселесіне байланысты болуында. Саясаттың 
басты мәселесі билік, ал мазмұны – билік үшін күрес. Саясаттың элементтері: саяси сана; саяси-
құқықтық нормалар; билік институттары; билік қатынастары. 
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән – мағынасын түсініп білу үшін бірталай 
әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. 


1. Салыстырмалы әдіс – әр түрлі елдегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың 
ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді. 
2. Жүйелеу әдісі – саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі ретінде қарап, 
оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін басқа құбылыстармен 
байланысын зерттейді. 
3. 
Социологиялық әдіс – саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік құрылым, т.б. 
жағдайына байланысты анықтайды. 
4. Тарихи әдіс – саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, қазіргі және болашақтың 
байланысын айқындай отырып анықтайды. 
5. Бихевиористік әдіс – жеке адамдар мен топтардың іс – әрекетін, адамның өзін қалай ұстауын 
талдап анықтайды. 
6. 
Нормативтік әдіс – қоғамдық игілік ең мол қамтамасыз ететін немесе адамға әуелі бастан 
тән ажыратылмас табиғи құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың 
түрін іздейді. 
2) Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен бірге тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың 
бәрінің зерттеу объектісі – ол қоғамдық өмір. Олар бірталай қоғамдық ұғымдарды да 
пайдаланады. Бірақта әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. 
Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты. Ол тіршіліктің түпкілікті 
себептерін, рухани байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с. ашып, дүниеге тұтас 
көзқарас тудырады. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді. 
Саясаттану экономиклық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді 
экономилық тұрғыдан дәледей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың 
өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық 
саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми 
түрде негіздейді. 
Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы 
қатынастары мен тәртібін, жүріс- тұрысын зерттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске 
асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен 
институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қалыптастырады. Құқық К. Маркс заңға 
айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған. 
Саяси экономия– әлеуметтік ғылымдардың бірі, оның зерттеу пәні – нарық пен мемлекет, жеке 
адам мен қоғам арасындағы байланыс. Саяси экономия таза экономикалық әдістерден басқа 
философиядан, саясаттанудан және әлеуметтанудан алынған әр түрлі әдістерді қолданады. 
Саясаттың тек экономикамен емес басқада қоғамдық салалармен байланысын білдік. 
Сонымен қатар саясат жүрген жерде құқық ұғыма қоса жүреді. Өз құқықтарын білген адам 
саясатта ғана емес қоғамда өз сөзін қорғай алады, өз талаптарын қоя алады. 
Компромисс - [латынша Соmрrоmissum - өзара келісім, тіл табысу] - екі жақтың бір-біріне жол 
беріп, келісімге, ортақ ымыраға келуі; саясатта - өзара шарттарға көніп, қабылданған шешім. 
Оның негізінде екі жақтың талаптары толық орындалмаса да, ортақ, жоғарғы мақсатқа жетуі 
айқын. 
Консенсус (лат. consensus — келісім, бірауыздық, ынтымақтылық) — келіссөздер барысында 
қандай да бір мәселе бойынша дауыс берусіз ортақ шешімге келу. 
Консенсус саясатта саяси басқару мен ықпалдасудың құралдары мен әдістерін қоғамдық 
мойындау тәсілі. Саяси консенсус арқылы саяси үстемдікті шынайы, іс жүзінде заңдастыру 
жүзеге асырылады. Келісім деңгейі неғұрлым жоғары болса, саяси жүйе соғұрлым тұрақты. 
Консенсустың субъектілері, деңгейі және мазмұны әркелкі, оны қалыптастыру әдістері
тұрақты және тұрақсыз қоғамдық жүйелерде қолдау табуы дәл солай ажыратылады. Әдетте, 
азаматтардың ықтимал келісімдер мен мүмкін болар шиеленістерінің үш нысанын бөліп 
көрсетеді: көзқарастар жүйесінің құрылымын құрайтын соңғы мақсаттары; "ойын ережелері" 
немесе процедуралар; нақтылы үкіметтер және үкіметтік саясаттар. Бұл нысандар өз кезегінде 
консенсустың үш деңгейіне өзгеруі мүмкін: 
1) қауымдастық деңгейіндегі консенсус (яғни, негізгі консенсус); 


2)тәртіп 
деңгейіндегі 
консенсус 
(процедуралық 
консенсус); 
3) үкімет және оның саясаты деңгейіндегі консенсус. Бірінші нысан немесе консенсус 
деңгейі негізгі әрі құндылықты болып табылады: бұл осы қоғамның біркелкі құндылықты 
көзқарастар мен мақсаттарды қаншалықты бөлісетіндігінің көрінісі. Негізгі құндылықтарда 
келісімге бірден келмейді, бірақ оған мақсатты нәтиже түрінде қол жеткізуге болады. Екінші 
нысан немесе консенсустың деңгейі, процедуралық - ол «ойын ережелерін» орнатады. 
Әдетте, олар конституцияда, заңнамалық актілерде, келісімді құжаттарда және т.б. көрініс 
тапқан. Билік бүтақтарының өзара қарым-қатынас ережелерінің және олардың артында тұрған 
саяси күштердің ең бастысы қақтығыстарды шешуші тәртіпті анықтайтын ережелер болып 
табылады. Бұл іс жүзінде демократияның алғышарты, оның шынайы бастамасы, қажетті шарты. 
Үшінші нысан немесе консенсус деңгейі - үкімет пен оның саясатының келісімділігі - саяси 
шешімдер қабылдау мен өңдеу процесіне байланысты және ең әлсіз әрі жағдайға тәуелді болады. 
Мықты саяси тұрақтылық консенсустың тек осы үш түрінің бірдей болған кезінде орнайды. 
Демократиялық ережелер мен процедураларды қолдану саяси консенсус аймағын кеңейтуге 
мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет