қоғамның экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу
ісіне баса назар аударып, қазақ
халқының жалпы мәдениетін көтеруді көкседі. Ғалым, этнограф, жазушы және ақын Ыбырай
Алтынсарин өз замандастарының арасында аса беделге ие болды. Ол қазақ жастарын ең алдымен,
оқу, өнер-білім, техниканы игеруге шақырды. «Оқысаңыз балалар, Шамнан шырақ жағылылар.
Тілегенің алдыңнан, Іздемей-ақ табылар». Оқымаған, сауатсыз, надандарды сынап, ақ пен қараны
ажырата алмайтын көрсоқыр ретінде суреттеген. Ғылым мен білімді жоғары бағалады. Абай
әрбір ғұлама-ойшыл өзі өмір сүрген заманның тыныс-тіршілігін
айнытпай байқап, болашаққа
көрегендік болжам жасай алатындығымен дараланады. XIX ғасырдағы қазақ топырағындағы
Абай да сондай тұлға болды. (1845-1904 жж). Ол өзі дүниенің, әлемнің объективтік заңдылығын
мойындап, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмай, бейне бір ағып жатқан судай өзгеріп
отырады деп таниды. Абай қазақ халқының ақыны, философ, ағартушысы, оның әлеуметтік-
саяси көзқарасында демократиялық, прогресшіл бағыт басым. Абай халық жыршылары айта
алмаған, бірақ халық бұқарасының санасында жүрген ойларды айтты.
Сондай-ақ Абай
білімсіздіктің, надандықтың әлеуметтік келеңсіздікке апарып соғатынын дұрыс бейнелеп беріп
отырды. Шәкәрім Шәкәрім (Шаһкерім) Құдайбердіұлы – Абайдың немере інісі, Құнанбайдың
Құдайберді деген баласынан туған. (1858 ж, 11.07.) Жасынан жетім қалғандықтан оны Абай
бауырына салып тәрбиелейді. 1905-1906 жылдары Стамбол, Каир, Бағдат, Мекке шаһарларының
кітапханаларында болған. Лев Толстоймен кездесіп хат жазысып тұрған. Оның «Үш анық» деген
еңбегінде қоғам дамуы туралы мәселелер сөз болады. Шоқан, Ыбырай, Абай,
Шәкәрім қазақ
халқының қоғамдық-саяси ой тарихында ағартушылық идеяларының одан әрі өркендеуінің
негізін салды.
Достарыңызбен бөлісу: