510 млн км² Құрлықтың ауданы – 149,1 млн км² (29%)


Қазақстанның индустриялды – инновациялық дамуы



Pdf көрінісі
бет94/145
Дата07.03.2023
өлшемі1,52 Mb.
#72350
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   145
Байланысты:
География. ҰБТ дайындық

Қазақстанның индустриялды – инновациялық дамуы 


 
Шаруашылықтың салалық құрылымының бөлінуі – өндірістік және өндірістік емес 
салалар  
Өндірістік сала:
• өндіріс құрал-жабдықтарын өндіреді (электр энергиясы, машина);
• адамдардың материалдық игіліктерін (тамақ, киім);
• тұтынушыға жеткізуді (көлік, байланыс) қамтамасыз етеді.
• Бұған өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, көлік және коммуникация, құрылыс, сауда 
салалары жатады. 
Өндірістік емес сала – адамдардың әлеуметтік және рухани қажетіліктерін қамтамасыз 
етеді. Бұл салаға білім беру, мәдениет, өнер, ғылым, дене тәрбиесі және спорт, демалыс 
мекендері, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық 
шаруашылық, тұрғын үй, қоғамдық тамақтандыру шаруашылығы жатады.
Шаруашылықтың даму жолдары – интенсивті, экстенсивті 
Шаруашылықтың интенсивті даму жолы – өндірістің өнімділігін арттыру үшін 
жұмсалатын қаржы мен еңбектің артуына байланысты ресурстарды анағұрлым тиімді 
пайдалануға негізделген, ғылыми-техникалық прогреске сүйенген өндірісті дамыту. 
Шаруашылықтың экстенсивті даму жолы – шаруашылық қаржыны, еңбекті аз 
жұмсайтын, аз механикаландырылған, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін аз 
пайдаланатын шаруашылық. 
Венчурлық қорлар – ғылыми жетістік нәтижелеріне, әлі практикада қолданылмаған 
белгілі бір нақты қаупі бар технологиялық жаңалықтарға қаражат салу. 
Инновация – жаңалық енгізу, нарықта қажетті өнім немесе үдерістің тиімділігін арттыру 
арқылы сапаны қамтамасыз ету.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет