1. Химиялық технологияның негізгі ұғымдары мен анықтамаларын сипаттап, мысалдар келтіріңіз. Технология, химиялық технология, шикізат, реагент, мақсатты өнім, жанама өнімдер, қосымша материалдар, қалдықтар. Технология



Pdf көрінісі
бет53/63
Дата09.03.2023
өлшемі1,56 Mb.
#72650
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63
Байланысты:
1. Õèìèÿëû òåõíîëîãèÿíû íåã³çã³ ûìäàðû ìåí àíûòàìàëàðûí ñèï

Жартылай қатқыл пластиктер —кристал құрылымы бар, серпінділік модулінің орташа шамасы бар, созу 
кезіндегі ұзаруы жоғары болатын қатқыл серпінді материалдар (полиэтилен т.б.). Бірақ бұл пластикалардың 
ұзаруы қыздырған кезде бастапқы қалпына келеді 
Жұмсақ пластиктер — бұл аморфты құрылымы бар, серпінділік модулі төмен жұмсақ жəне эластикалық 
материалдар (поливинилхлоридтій пластикат, полиизобутилен, пенополиуретан жəне т.б). Оның созылуы 
жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Қайтымды деформациясы нормальді температурада баяу жүреді. Міне, 
олардың эластиктерден айырмашылығы осыда. Өйткені эластиктерде қайтымды деформация жылдам жүреді. 
Термикалық қасиеттеріне қарай пластмассаларды термопластикалық және термореактивті деп бөледі. 
Термопластикалық пластмассалар (термопласттар) деп қыздырылған кезде тез жұмсарып, бұйымды оңай 
пішіндеуге мүмкіндік беретін, ал тоңазытқан кезде қатып қалатын пластимассаларды айтады. Олардың 
қасиеті осы кезде қайтымды түрде өзгереді. Өте ұзақ термикалық əрекеттерде қайтымсыз өзгеруі мүмкін. 
Термопласттарға полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол, полиамидті, полиакрилді жəне 
пластикалардың кейбір түрлері жатады. Термопластикаға эфироцеллюлозды пластмассаларды 
(нитроцеллюлоза, ацетилцеллюлоза т.б.) да жатқызуға болады. 
Термореактивті пластмассалар (реактопластар) деп бұйымды жасау кезінде ғана жұмсарып, бірақ 
химиялық реакция нəтижесінде термикалық əсер негізінде осы қасиетін жоғалтатын пластиктер аталады. 
Мұндай пластмассаларға феноальдегидті аминоальдегидті жəне кейбір басқа шайырлар негізінде жасалған 
пластмассалар жатады. 
Полимерленген шайырдың ең көп қолданылатындары полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид, 
полиметилметакрилат, фторпластар жəне т.б. 
Өндірісте полиэтиленді үш түрлі әдіспен алады: 
1. Комплексті төртхлорлы титан TiCl4, үшэтилалюминий Al(C2H5)3 катализаторы қатысында 0,5-0,8МПа 
төмен қысымда 70-800С темпера- турада этиленді полимерлеп алады. 
2. Хром, ванадий жəне т.б. катализатордың қатысуымен 130-1700С температурада 3,5-4,0МПа қысымда 
еріткіш қатысуымен полимерлеп алады. 
3. Жоғары қысымда (130-250МПа) 200-2700С температурада аз мөлшерде оттектің (0,005-0,05) немесе 
сутектің асқын тотығының қатысуымен полимерленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет