27. Каучук және резеңке өндірісін сипаттаңыз. Силиконды резинаның медицинада қолданылуы. Каучук — эластикалық, су жəне электр өткізбеушілік қасиеттерімен сипатталатын табиғи немесе
синтетикалық эластомерлер, оларды вулканизациялау арқылы резеңкелер мен эбониттер алуға болады.
Резеңке — каучукты вулканизациялау арқылы алынған эластикалық материал.
Каучук түрдері: Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында болады. Табиғи
каучукты, негізінен, Бразилияда өсетін гевея ағашынан алады. Каучук алу үшін өсімдіктің қабығын кертіп
тіледі. Сол тіліктен ағатын сүтті шырынды (латексті) — каучуктың коллоидті ерітіндісін жинап алады. Сосын
ерітіндіге электролитпен əсер етіп немесе қыздырып коагуляциялап (ірілендіріп) каучук жасайды. .
Қазақстанда каучук өсімдіктері – көк сағыз жəне тау сағыз өседі.
Жасанды каучук алу мақсатымен 1826 ж. ағылшын физигі М.Фарадей каучуктың молекулалық құрылысын
анықтады. Жасанды каучук, этил, метил спирті, мұнай, табиғи газ, бутадиен, стирол, изобутилин сияқты
органикалық заттарды полимерлеу арқылы алады. Елімізде жасанды каучукты көбінесе дивинилден алынады.
Дивинил торф, ағаш сияқты органикалық заттардан алынатын спирттерден өндіріледі.
Каучук — қатты зат. Молекулалық массасы 150000—300000 шамасында. Каучуктың аса маңызды қасиеті —
оның майысқақтығы. Каучук суды, газды өткізбейді жəне электроқшаулағыш. Ол этил спиртінде аздап ериді,
ал бензин мен хлороформ сияқты еріткіштерде əуелі ісініп, сосын ериді. Температура жоғарылағанда —
каучук жұмсарып жабысқақ, ал температура төмендегенде — қатайып морт сынғыш болады. Ұзақ
сақтағанда, каучук қатайып кетеді.
Резеңке – майға, əртүрлі агрессивті орталарға, үйкеліске берік, созылғыш изолятор, тербелісті тұту қабілеті
күшті, беріктік шегі жоғары органикалық зат. Сондықтан резеңке басқа материалдармен салыстырғанда
құнды материал болып табылады.