«Мың бала» олимпиадасына тіркелу жөніндегі Нұсқаулық



Pdf көрінісі
Дата10.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#73002
Байланысты:
Тіркелу жөніндегі нұсқаулық



«Мың бала» олимпиадасына тіркелу жөніндегі 
Нұсқаулық 
 
«Мың 
бала» 
Ұлттық 
олимпиадасына 
қатысу 
үшін 
олимпиаданың 
1000bala.elbasyacademy.kz ресми сайтына өту қажет. Профиль тақырыбындағы «Тіркелу» 
түймесін басыңыз. 
Тіркелу ҰБДҚ деректеріне сәйкес соңғы екі оқу жылында ауылдық мектептерде 
оқитын 5 және 6-сыныптың барлық оқушыларына қолжетімді. Тиісті жолға қатысушының 
ЖСН енгізіңіз. 


ЖСН енгізгеннен кейін оң жақтағы терезеде пайдаланушы туралы ақпарат 
көрсетіледі. Егер ақпарат дұрыс болса, онда «Келесі» түймесін басып, тіркеуді 
жалғастырыңыз. Егер сіздің ЖСН табылмаса, онда сізге тіркеу қолжетімсіз. 
Іздеу жолағын тазалау және ЖСН қайта енгізу үшін «Тіркеуді қайта бастау» түймесін 
басыңыз.. 


Телефон нөмірін растау үшін SMS код келетін қатысушының немесе ата-ананың 
(заңды өкілдің) ұялы телефон нөмірін енгізіңіз. Осы телефон нөмірі жүйеде одан әрі 
авторизациялау үшін логин ретінде пайдаланылады (сәтті тіркелген жағдайда). 
Көрсетілген телефон нөмірін растау үшін сізге қалқымалы терезеге енгізетін SMS 
код жіберіледі. Егер СМС код бір минут ішінде сізге келмесе, «Кодты қайта жіберу» 
батырмасын басыңыз. 
Қосымша деректерді толтырыңыз: 
- Ата-анасының (заңды өкілінің) тегі; 
- Ата-анасының (заңды өкілінің) аты; 
- Әкесінің аты (бар болса); 
- Ата-ананың (заңды өкілдің) ұялы телефоны; 
- Қатысушының немесе ата-ананың электрондық поштасы (бар болса); 
- Тестілеуді тапсыру тілі (олимпиада тесті ашылатын тіл); 
- Құпиясөз (8 саннан тұратын құпиясөз ойлап табыңыз); 
- Құпиясөзді қайталаңыз; 
«Тіркелу» түймесін басыңыз. 


Олимпиадаға қатысуға тіркелуді растау үшін қалқымалы терезе көрсетіледі. 
Тестілеу туралы ақпарат алу үшін Елбасы Академиясының www.elbasyacademy.kz 
сайтындағы, сондай-ақ жеке кабинетте «Хабарламалар» бөліміндегі.жаңалықтарды 
қадағалап отырыңыз,


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет