Мінез-құлықтың негізгі стильдері. Әрекеттесу мінез-
құлығында ‰ш стильді бөліп қарастыруға болады.
Салт-дәст‰рлік стиль – белгілі бір мәдениетпен байла-
нысты және әрекеттесуде табысты болу ‰шін серіктестің
мәдениетінің ерекшеліктерін білуін талап етеді.
Манипулятивтістиль – жағдайға байланысты серіктестің
біреуінің өзінің мақсатына басқасының ойын ескермей, өз
шешімін ең дұрыс деп санап кез келген жолдармен жетуі.
Гуманистикалықстиль – ынтымақтастықтағы басқасы-
ның сезімдеріне көңіл аударатын, оны тыңдауға дайын серікте-
стің позициясы; қарым-қатынастың диалогтылығымен, ізгі ниет-
шіл, бір-біріне сенімділік, ашықтық, өз көзқарасын, позиция-
сын, басқалармен бөлісе отырып талдай алуымен сипатталады.
Педагогикалық әрекеттесудің модельдері. Педагогтар мен
оқушылардың берілген педагогикалық жағдайдағы мақсаттары
мен міндеттері қарама-қайшылықтары негізінде құрылатын
педагогикалық әрекеттесудің ‰ш моделін бөліп қарастырады.
Оқу-тәртіптілік моделі субъективті-объективті байла-
ныстар негізінде құрылған. Негізгі қимыл іс-әрекет тұлғасы –
педагог, ол – қоғамдық тапсырысты, білім беру, тәрбиелеу
бағдарламасын іске асырушы рөлін орындаушы.
Субъект-субъектілік байланыстар негізіндегі модель бі-
лім берудің тұлғаға бағытталған технологияларымен құрасты-
рылған. Педагог және тәрбиеленушілер педагогикалық процес-
тің тең шамадағы субъектілері ретінде қабылданады, сондықтан
олардың қызметтері өзінің "Мен"-ін таңдауы және іске асыруы
негізінде құрылады.
Объект-субъект негізіндегі байланыстар моделі еркін
тәрбиелеу педагогикасының негізін құрайды, онда субъект
ретінде оқушы, ал педагогқа пассивті рөл бөлінеді. Негізгі
қайшылықтар көндіру арқылы жеңіп алынады.