18
Оқытушы қызметінің ерекшелігі – оның оқу процесін ұйым-
дастыруында және оқушылардың танымдық қызметін басқаруында.
Оқыту – оқушымен оқытушының бірлескен қызметі болғандықтан,
оқытушы-оқыту
процесінде орталық фигура емес, ол оқушының
дамуын қолдаушы көмекші.
Мазмұн т‰зуші жетекшілік қызмет ретінде ‰йрету болып
табылады, өйткені оның болмауы немесе жеткіліксіз нәтиже
беруі, оқыту процесінің ж‰рмегені болады, ал оқытушы қызметі
мағынасын жойған.
Педагог өзінің қызметінің көмекшілік
және қызмет көрсе-
тушілік сипатын, оқушылар қызметін оның ұйымдастыру қабі-
летінің рөлі мен мәнінің байланыстылығын, оларға ‰йренуде,
көмек көрсетуде екенін естен шығармауы қажет (2-кесте).
2-кесте
Қызметтік оқытудың және
‰йретудің салыстырмалы сипаттамасы
Т‰рлер
Сабақ беру
‡йрету
Субъект
Мұғалім
Оқушы
Рөл
Көмекшілік
Мазмұнт‰зуші
Мінез
Ұйымдастырушылық,
басқарушылық
Танымдық,
зерттеушілік
Сонымен,
оқыту – бұл педагогтың оқушыларды жаңа та-
нымдық мәселелерді шешуге бағытталған
белсенді танымдық
процесін ұйымдастыруы.
Педагогикалық қызметтің басты мақсаты – оқушылардың
мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарына сай оқушыда
оқытылатын пән бойынша құзыреттілігін (компетенттілігін)
қалыптастыратын және бір мезгілде олардың тұлғалық дамуы
мен қалыптасуын қамтамасыз ету.
Мысалы, орта мектептегі шет тілі бойынша шет тілі мұға-
лімінің педагогикалық қызметінің міндеттері мен нәтижелеріне
жалпы орта білім беру стандарты төмендегі талаптарды қояды:
• бітірушіде шет тілдер бойынша құзыреттілігі мен оның бар-
лық құраушылары (сөйлеу, тілдік, әлеуметтік-мәдени, компен-
саторлық, оқу-танымды) туралы білім қалыптастыру;
• д‰ниеге эмоционалды-бағалаушылық қатынасты дамыту;
19
• өзіндік бағалау және өзіндік бақылауды, толеранттылықты,
жауапкершілікті, шығармашылық белсенділікті қалыптастыру;
• жоғары сынып оқушыларында
интеллектуалдық пен та-
нымдық қабілеттерді, мұғалімнің көмегімен шет тілдерін өздігінше
және ‰збей ‰йрену арқылы өзін жетілдіру;
• оқушының өзін-өзі тұлғалық анықтауын және әлеумет-
тік адаптациясын қамтамасыз ету;
• оқитын тілін қолдана отырып белсенді шығармашылық
қызметін жетілдіру.
Тәрбиелеу қызметі немесе тәрбие беру жұмысы - өзінде екі
бағытты қамтитын педагогикалық қызметтің т‰рі:
тәрбиелеуші
ортаны ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс т‰рлі
қызметтерін басқару. Мектеп оқытушысы, әдетте сабақ оқытушысы
мен сынып жетекшісі функциясынан басқа негізгі мақсатты
төмендегі істерді орындайды: тұлғаның даралық дамуындағы
педагогикалық жәрдем, қолдау, сонымен қатар бала өсіп дамитын
орта ретінде балалар коллективін құру (А.С. Макаренко).
Бұл мәселелердің табысты шешілуі көбінесе мектеп сынып-
тарында балалардың т‰рлі қызметтері
мен қарым-қатынасы
нәтижесінде: интеллектуалды-дамытушы, спорттық, көркем-
өнер,
құндылық-бағыттаулы, қоғамдық-пайдалы ойындар мен
істер және т.б. байланысты. Әрбір оқушының араласып белгілі
функция атқаруы коллективтің әрбір м‰шесінің тұлғалық гармо-
ниялық дамуын және онда ыңғайлы психологиялық климат
орнатуы тұлғалық қатынастар ж‰йесін құрумен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: