19
• өзіндік бағалау және өзіндік бақылауды, толеранттылықты,
жауапкершілікті, шығармашылық белсенділікті қалыптастыру;
• жоғары сынып оқушыларында интеллектуалдық пен та-
нымдық қабілеттерді, мұғалімнің көмегімен шет тілдерін өздігінше
және ‰збей ‰йрену арқылы өзін жетілдіру;
• оқушының өзін-өзі тұлғалық анықтауын және әлеумет-
тік адаптациясын қамтамасыз ету;
• оқитын тілін қолдана отырып белсенді шығармашылық
қызметін жетілдіру.
Тәрбиелеу қызметі немесе тәрбие беру жұмысы - өзінде екі
бағытты қамтитын педагогикалық қызметтің т‰рі: тәрбиелеуші
ортаны ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс т‰рлі
қызметтерін басқару. Мектеп оқытушысы, әдетте сабақ оқытушысы
мен сынып жетекшісі функциясынан басқа негізгі мақсатты
төмендегі істерді орындайды: тұлғаның даралық дамуындағы
педагогикалық жәрдем, қолдау, сонымен қатар бала өсіп дамитын
орта ретінде балалар коллективін құру (А.С. Макаренко).
Бұл мәселелердің табысты шешілуі көбінесе мектеп сынып-
тарында балалардың т‰рлі қызметтері мен қарым-қатынасы
нәтижесінде: интеллектуалды-дамытушы, спорттық, көркем-
өнер, құндылық-бағыттаулы, қоғамдық-пайдалы ойындар мен
істер және т.б. байланысты. Әрбір оқушының араласып белгілі
функция атқаруы коллективтің әрбір м‰шесінің тұлғалық гармо-
ниялық дамуын және онда ыңғайлы психологиялық климат
орнатуы тұлғалық қатынастар ж‰йесін құрумен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: