3-модуль. АКТ құралдары 23
https://classroom.google.com/
GOOGLE CLASSROOM Google Classroom – оқытуды толығымен онлайнға көшіруге
мүмкіндік беретін платформа: тақырыптар бойынша сабақтар
құрастыру, материалдар қосу, үй тапсырмасын беру және тексеру.
Google-дың арнайы оқыту үшін ұйымдастырылған пайдалы
сервистерін біріктіреді. Платформада келесі әрекеттерді жүзеге
асыруға болады:
▪
өз сыныбын/курсын құру;
▪
оқушылардың курсқа жазылуын ұйымдастыру;
▪
оқушылармен қажетті оқу материалымен бөлісу;
▪
оқушыларға арналған тапсырмаларды ұсыну;
▪
оқушылардың тапсырмаларын бағалау және олардың
жетістіктерін бақылап отыру;
▪
оқушылардың қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Google Classroom артықшылықтары Қарапайым теңшеу Оқытушылар курстар ұйымдастырып, оған оқушылар мен басқа
оқытушыларды шақыра алады. Курс легінде тапсырмалар,
хабарландырулар мен сұрақтар жариялаған ыңғайлы.
Уақыт пен қағазды үнемдеу Оқу үдерісін жоспарлау, курстар құрастыру, тапсырмалар тарату
және оқушылармен сөйлесу – осының барлығын бір сервисте жасауға
болады.
Ыңғайлылық Оқушылар тапсырмаларды лектен немесе курс күнтізбесінен не
болмаса «Істер тізімі» бетінен қарай алады. Барлық материалдар
Google Дисктегі бумаларға автоматты түрде қосылып отырады.
Нәтижелі қарым-қатынас Класста
оқытушылар
тапсырмаларды
жариялап,
хабарландыруларды таратып және талқылауларды бастап отырса,
оқушылар материалдармен алмасып, курс легіне пікірлер қалдырады
және электрондық пошта арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Тапсырылған жұмыстар туралы ақпарат үнемі жаңартылып отырады,