3-модуль. Акт құралдары 1



Pdf көрінісі
бет17/33
Дата21.03.2023
өлшемі1,62 Mb.
#75640
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33
Байланысты:
КашыктанИнфОкыту (1)

3-модуль. АКТ құралдары
24 
мұның өзі оқытушылардың тапсырмаларды жылдам тексеріп, бағалар 
қоюына және пікірлер қалдыруына мүмкіндік береді.
Танымал сервистермен ықпалдастық 
Класста Google Құжаттармен, Күнтізбемен, Gmail, Дискпен және 
Формалармен жұмыс жасауға болады. 
Қолжетімділік және қауіпсіздік 
Класс – бұл тегін сервис. Онда жарнама жоқ, ал оқушылардың 
материалдары 
мен 
мәліметтері 
маркетинг 
мақсатында 
қолданылмайды. 


#шебердіңқолыалтын 
3-модуль. АКТ құралдары
25 
 
https://padlet.com/ 
 
PADLET 
 
Padlet (-let – бұл ағылшын тіліндегі кішірейткіш жұрнақ, pad – 
мағыналарының бірі – «блокнот, планшет») желілік сервисі бүгінгі 
таңда виртуалды тақталар жасауға арналған ең танымал онлайн-
құралдардың бірі болып табылады. Аталмыш сервис әр оқушыға 
жұмысын тақтаға шығару, ал оқытушыға әр қайсына пікір қалдыру 
және баға қою мүмкіндігін береді. 
Бұл әдеттегі тақтаның онлайн түрі. Оған ескертпелер, суреттер, 
фотосуреттер (соның ішінде Сіздің құрылғыңыздағы веб-камерадан), 
файлдар мен сыртқы ресурстарға сілтемелер бекітуге болады. Ол жай 
қабырға жобасы, виртуалды қабырғаны ақпаратпен толықтыратын 
бірнеше қатысушының модельдеген қабырғасы немесе кез келген 
қолданушы оқи және редакциялай алатын ақпарат алмасу алаңы 
болуы мүмкін. 
Тақтаны сонымен бірге оқу-әдістемелік, бақылау-өлшеу және 
басқа да материалдарды орналастыру үшін оқытушы да пайдалана 
алады. Осылайша, тақтаға электрондық үлгідегі кез келген 
материалды орналастыруға болады. 
Әдетте сервисті де, ондағы жұмыстың нәтижесін де 
«падлет/падлеттер» деп атайды. Сервис – тегін, орыс тілді нұсқасы 
бар, меңгерілуі қарапайым және ешқандай бастапқы даярлықты 
талап 
етпейді. 
Сайтқа 
кірген 
кезде 
қолданушы 
сервис 
мүмкіндіктеріне бірден ие болады және оның функцияларын 
тіркелусіз-ақ пайдалана бастайды. 
Padlet сервисін қолданудың артықшылықтарына мына 
мүмкіндіктерді де жатқызуға болады: 
▪ 
виртуалды тақта дизайнын таңдау мүмкіндігі; 
▪ 
нақты режим уақытында ұжымдық қызметті және визуалды 
контентпен жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі; 
▪ 
материалдарды кез келген тасымалдағыштан, сонымен қатар 
Интернет желісінен де (фото-, бейне-, аудиофайлдар) 
орналастыру мүмкіндігі.


#шебердіңқолыалтын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет