Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісі



Pdf көрінісі
бет15/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісі. Бұл әдіс балалар 
арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасты, құрдастар тобындағы 
әр баланың орнын зерттеген кезде қолданылады. Мектеп оқушыларын 
зерттегенде, әдетте оларға: «Сенің туристік жорыққа кіммен бірге 
барғың келеді?»; «Сенің кіммен бір шатырда тұрғың келеді?»; 
«Сен туған күніңе кімді шақырар едің?»; «Сен кіммен бір партада 
отырғың келеді?»; және т.б. сұрақтары бар анкета таратады. Мектеп 
жасына дейінгі балаларға мұндай сұрақтар беру дұрыс болмайды. 
Әдетте олардың өзара қарым-қатынасын «іс-әрекетті іріктеудің» 
көмегімен айқындайды. Бала бақша және мектептегі сыныптарда 
балалар арасындағы қарым-қатынасты социометриялық әдіс арқылы 
анықтайды. Интеллектуалды дамуы түрлі әдістер арқылы зерттеледі, 
ал ең бастысы - ол тесттер стандартталған болуы керек. Балалар ісінің 
қорытындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады. 
Баланың іс-қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, 
ұлдардың жасаған мүліктеріне, т.б. негізделеді. Балалардың осы іс-
қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшелігін дәл 
байқауға болады.
Сыйлық бөлу ерекше таблицаны – социограмманы жасауға негіз 
болады. Бұл кестеден қай бала топ ішінде беделдірек екені (сыйлықтың 
көбірек берілуіне қарап) кімнің қадірі төмендігі, ал қайсысының 
құрдастары арасында беделі жоғарылығы немесе жоқтығы көрінеді. 
Социограмма, сондай-ақ таңдаудың өзара байланыстылығын көрсетеді 
және балалар арасындағы достық туралы немесе осындай қатынасқа 
деген ұмтылыс жайлы болжам жасауға мүмкіндік береді. Ақыл-ой дамуы 
саласында социограмма, тесттер сияқты, балалар арасындағы қарым-
қатынастың сыртқы көрінісін ғана береді. Пайда болған үйірсектік пен 
ұнатпаушылықтың себептері зерттеудің басқа әдістерінің көмегімен 
анықталады.


30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет