Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Балабақша тәрбиешісінің балаларды зерттеуі



Pdf көрінісі
бет17/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Балабақша тәрбиешісінің балаларды зерттеуі
Балаларды зерттеуді тек ғалымдар – психологтар ғана жүргізбейді. 
Балабақшаның әрбір тәрбиешісі өз түлектерін зерттей білуге, олардың 
даму ерекшеліктерін қадағалауға тиіс. Балаларды тәрбиешілердің 
зерттеуінің ғылыми-психологиялық зерттеуден айырмашылығы бар. 
Тәрбиешінің алдына қойған мақсаты бөлек. Ол баланың психикалық 
дамуының жалпы заңдылықтарын белгілемейді, оның орнына өзіне 
жеке жол табудың тиімді әдісін іздестіруге мүмкіндік беретін әрбір 
баланың дара психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.
Соған қарамастан баланы зерттеудің тәрбиеші пайдалануға болатын
әдістері ғылыми-психологиялық зерттеу әдістеріне ұқсас болады.
Тәрбиешінің балаларды зерттеуді ойдағыдай жүргізуінің негізгі 
шарты – балалардың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын 
анық білу, дамудың себептері мен шарттарының жас шағына 
байланысты кезеңдерін білу. Бұларды білу тәрбиешіге неге, баланың 
қандай қылығына алдымен көңіл аудару керектігін көрсетеді, әр балаға 
қай тұрғыдан келуді үйретеді, жекелеген балалардың дамуындағы 
кейбір ауытқушылықтардың себептері туралы болжам жасауға және 
осы ауытқушылықтарды жоюға бағытталған тәрбиелік әсер етудің 
жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Балаларды балабақша жағдайында зерттеу өзара байланысты 
әдістермен, бақылаулар жасаумен, іс-әрекеттердің нәтижесін 
зерттеумен, әңгімелесумен бір мезгілде жүргізіледі. Бақылау балаларды
балабақшада зерттеудің негізі болып табылады. Бақылау үдерісіне 
эксперимент әдістері де енгізілуі мүмкін. Бақылау үдерісінде сұрау 
элементтері де қолданылады. Балаға берілетін сұрақтар оның осы 
кезде орындалып жатқан іс-әрекетіне байланысты болғаны абзал. 
Баланың дамуын зерттеудің нәтижесі психологиялық мінездеме болып 
табылады. Балаларды балабақшада зерттеуде балаларды зерттеудің 
көпшілік әдістері – тесттер әдісі мен әлеуметтік өлшем әдісі белгілі рөл 
атқарады. Алайда, оны пайдалану міндетті түрде маман-психологтар 
басшылығын талап етеді.


32
Бақылау кезінде зерттеуші баланың психикалық қасиеттерін 
жоспарлы түрде табиғи жағдайда алдын ала мақсат қою арқылы 
ұйымдастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет