Жетекші іс-әрекеттер және оның бала психикасының
қалыптасып дамуындағы маңызы.
Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын қалыптастыруда,
психологияны дамытуда ойын, оқу, еңбек сияқты әрекеттердің маңызы
зор. Ойын мектеп жасына дейінгі негізгі іс-әрекеті. Ол балада ұжымның
қалыптасуына көмектеседі және ойын барысында бала өз құрбыларының
ықыласымен санасуға үйренеді. Бала ойын кезінде үлкендерден көрген
әркетін айнытпай салып, оларға еліктейді. Өзін қоршаған ортаны
терең түсініп, адамның өмірі мен еңбегімен танысады. Ойын үстінде
баланың ойы мен қиялы дамиды. Мысалы – ойын. Ойын барысында
бала ойынының талабына сай қиын міндеттер мен тапсырмаларды
орындайды және ойын тәртібіне байланысты бағынуға мәжбүр
болады. Бұл баланың ерік сапасын қалыптастырады. Мектеп жасына
дейін қызығып ойнайтын ойынының бірі –қимылдық ойын. Оның
кейбіреулері спорт ойынына жақын. Ойын – денсаулықты жақсартады.
Баланы батылдыққа, ұстамдылыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Бала сүйіп
ойнайтын ойын сюжеттік рөлді ойнайды. Бала бұл ойында күнделікті
өмірде өзінің байығанын үлкендерден немесе құрбыларынан көргенін
тұтастай бейнелейді. Әр қайсысы бір мамандық рөлін алып ойнайды. Бұл
баланың қиялы арқылы дамиды. Балалар көбіне заттарды пайдаланбай
өзінің ойдан шығарған сезіміне байланысты ойнайды. Ойын барысында
ұжым мен қарым-қатынасы, тілдік қоры молайып қоршаған ортадағы
заттар мен құбылыстарды қабылдауы кеңейеді.
Баланың психологиялық дамуына аз да болса жанұяда және
бала бақшада ұйымдастыратын баланың шамасы келетін қарапайым
еңбектің маңызы зор. Бала еңбегі үлкендердің жеңілдетеді. Және оның
өзіндік пайдасы болады. Мысалы, түскі ас кезінде ыдысты жасау,
жинау. өзіндік ойын бұрышын жинау, қуыршақ киімін жуып, үтіктеу.
Табиғат бұрышындағы гүлдерді күту, төсек салу, жинау т.б. өзіне-өзі
қызмет ету еңбектері үлкендер әрекетін жеңілдетеді. Баланың өздері
51
еңбек дағдысына үйренеді. Бұл еңбектер үлкендер үшін қарапайым
болғанымен, балалар үшін күрделі болып есептеледі. Еңбегіне қарап
үлкендер баланы мақтап басқаға үлгі етіп отыруға тиіс. Кейде кішкентай
балалар әрекетін орындаған кезде өзімшілдікке байланысты үлкендерге
оны мадақтап, басқаларға үлгі етсін деп орындайды. Бірте-бірте
балалардың өсіп жетілуіне байланысты еңбек ету себептері өзгереді.
Өзін үлкен санап, еңбекті саналы түрде орындауға тырысады. 6-8 жасқа
келгенде еңбектің қоғамдық мәнін түсінеді. Бания маңын тазалағанда
тазалығы үшін және ата-аналар мен кездесу жасауға дайындығы үшін,
тіпті қағаздан макулатура жинауда қайтадан қағаз жасау үшін керектігін
түсінеді. Еңбек баланың ақыл-ойын, еркін сапасын зиянын, дене қимыл-
қозғалысын адамгершілік қасиетін дамытуға көмектеседі. Сонымен
қатар қабылдаудың ашықтығы қимыл-қозғалысты орындаудағы
сезімталдығы және басқа психологиялық қасиеттің дамуы орындалады.
Балалардың жеке басын дамытуда оқыту әрекетінің де маңызы
зор. Кейбір буржуазиялық психологтар оқыту түгелдей дамытуға
байланысты деп санайды. Бұл қате пікір. Олар «балалардың дамуы
өзінен-өзі, бас миының дамып жетілген кездерде болады, оқыту әрекетін
ұйымдастыру үшін соны күту керек» дейді. Ал кейбір буржуазиялық
психологтар даму тек қана оқумен байланысты деген. Егер оқу әрекеті
өз мағынасында жүйелі түрде жүргізілсе, баланың ақыл-ойыда жоғары
болады. Осы теріс концепциялар өзгеше баланың жеке басының
дамуына психологиялық жан-жақты қалыптасуына көптеген факторлар
жанұя мектеп, айналасындағы адамдардың тәрбиенің ықпалы оқыту,
ойын, еңбек әрекеті әсер етеді деген. Соның ішіндегі ең бастысы «оқыту»
әрекеті «оқу» әрекеті деп есептеген. Баланы ұйымдастыру, бағыт беру
түгелдей үлкендерге байланысты. Бала өзінің бүкіл өмір жолында
әрекеттің барлық түрін үлкендерге еліктеп үйренеді. Ол тек қана жүріп-
тұруда емес, заттарды пайдаланудың, ойлау мен сөйлеуді, қабылдау
мен есте сақтауды үлкендерден үйреніп өз қылықтарында істеген іс-
әрекеттерді пайдаланады. Бір сөзбен айтқанда, үйрену нәтижесінде
балаларда тек қана практикалық әрекет емес психолгиялық үдеріс
қалып-қасиет пайда болады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға үлкендер көптеген нәрсені
стихиялы түрде үйренеді. Бірақ та оны өздері байқамайды. Бала ешкімнің
көмегінсіз сурет салу, оқу, математикалық есептеуді өз бетімен үйренді
деген пікір пайда болады. Бірақ бұл пікір дұрыс емес. Бала жан-жақты
дұрыс даму үшін немен қамтамасыз ету керек? Балаларға не керек
екенін белгілі бір мақсатқа бағыттап, түсініп, жоспарлы түрде ойланып
әрекет ету керек. Ол үшін даму мен үйретуден өзара қарым-қатынаста
52
танысып білу керек және сол қарым-қатынасты ажырата отырып, әрбір
жас кезеңде қалай оқытып үйретуге болатынын анықтауға болады.
Күнделікті өмірдегі бақылаудан да бала неғұрлым кішкентай болса,
соғұрлым (білімін) ептілікті ұйымдастыру қабілеті қарапайым үстірт
болып. Келетіні байқалып жүреді. 3 жастағы балаға адамның суретін
қалай салу керектігі туралы сөздік әдісін пайдалана отырып түсіндірсе
бала қанша түсіндіргенмен өз мағынамасында ойлайды. Адамдардың
өзін суреттерін қойса шамасы келгенше бейнелеп береді.
Психологиялық дамуда оқыту әрекеті негізгі рөл атқарады.
Бала жаңа әрекетті меңгерген кезде алғашқы кезде үлкендердің
басшылығымен, одан кейін барып өз бетімен орындайды. Баланың
өз бетімен орындаған әрекетімен үлкендердің басшылығымен
орындаған әрекетінің айырмашылық баланың жеке басының даму
ерекшелігін байқатады. Балаларға сөйлетуге үйретіп, үлкендерге еліктеу
арқылы: есту, көру, қабылдау мүмкіндіктерін дұрыс қалыптастырып
қадағалаймыз. Баланың дұрыс сөйлеуі психологиялық дамуға айқын
өзгерістер енгізеді. Баланы ары қарай оқытудың жаңа түрін меңгеруге
мүмкіндік береді.
Баланың жасы өсіп, денесінің дамуына байланысты психологиялық
дамуда да өзгешеліктер байқалады. Іс-әрекеттің жекелеген түрлерін
игеру мақсатында психологиялық процестер мен сапалық дамуында
бұдан да зор айырмашылықтар болуы мүмкін.
Кейбір балалар 4 жасқа келгенде ешкім түсініп болмайтын шимай-
шатпақ сурет салса, екінші біреуі үй жанында тұрған адам суретін өз
мүмкіндігіне қарай мазмұнды етіп дұрыс бейнелейді. Біреуі зейіннің
тұрақсыздығын, алаңғасырлығын көрсетсе, екінші біреуі зейінін ұзақ
уақыт шоғырландырып, өзінің сүйікті ісімен айналысады. Баланың
жасы өскен сайын даралық айырмашылықтар мен қоса психологиялық
үдерістер мен сапасы қызығушылығы, шапшаңдығы байқалып
ортырады.
Жас өскен сайын білуге құмар, ойлау қабілеті белсенді, әр түрлі
тақырыпта көптеген сұрақ қоятын ақыл-ойы жүйрік бір нәрсе болса,
осыған керісінше белсенділігі аз, енжар ашуланшақ, мінезі жақсы
балаларға үнемі қарсы шығатын мейірбан балаға қарама-қарсы да
негізделеді. Кейбір мектеп жасына дейінгі балаларда музыкалық
ырғақты сезу ерте қалыптасса кейбіреу 5-6 жасында күрделі
математикалық есептерді шеше бастайды. Мектеп жасына дейінгі
баланың бір-бірінен табиғи ерекшелігін тез ажыратуға болады. Өйткені
мектепке дейінгілердің температуралық типтері таза болып кездеседі.
Жаңа туған балада шартсыз рефлекстер әр қайсысында әр түрлі көрінеді.
53
Ал шартты рефлекстер әр түрлі жылдамдық пен пайда болады. Сол
сияқты олардың сезгіштіктері де әр түрлі. Біреу жарықты тез ажыратып
тітіркенсе, екінші біреуінде тері түйсігі жақсы дамиды. Балада болатын
кейбір қабілет ерекшеліктері анасының құрсағында жатқанда тұқым
қуалаушылық жолмен берілуі де мүмкін. Аяғы ауыр ана жүктіліктің өту
барысында мейлінше көңіл-күйі жоғары, жүйке жүйесі тыныш, барлық
гигиеналық талаптарды дәрігердің кеңесіне сүйене отырып дұрыс
ұйымдастыруы қажет. Себебі салауатты өмір салтын ұстану – дүниеге
дені сау бала әкелу деген сөз. Мысалы, кейбір бала дүниеге келгенде
ақыл-ойы кеміс болып туады. Мұның да әр түрлі себептері бар. Кейбір
тұқым қуалайтын аурулар баланың дұрыс жетілмей тууы, туған кезде
нерв системасының зақымдалуы баланың психологиялық дамуын
тежеуге әкеп соқтырады және баланың психологиялық дамуына кедергі
келтіреді. Осыдан келіп өте тез айқын көрінетін психологиялық даму
шамадан тыс қабілеттің пайда болуына баланың миының іштен туа
біткен ерекшелігіне байлынысты болады деп есептейді.
Бала психологиясының дамуының әр түрлі болуы, қабілеттің
қалыптасуына тұрмыс жағдайына тәрбие мен оқытуға байланысты.
Баланың жек басының даму өзегшелігіне әлеуметтік ортаның, оның
іс-әрекетінің де шешуші рөлі бар. Психологиялық даму саласында
да баланың арасындағы айырмашылықтар әр түрлі болады. Олар
тұрмыс, тәрбие процесінде пайда болып дамып отырады. Тұтастай
іштен туа қалыптасатын бірде-бір психологиялық үдеріс жоқ. Бірақ та
оның психолгиялық сапалық қалыптасуы белгілі бір жағдайда табиғи
ерекшелігі тәуелді болуы мүмкін, оқу тәрбие жұмысында әрбір баланың
жеке басының психологиялық дамудың жоғарғы сатысына көтерілуін
қамтамасыз ете отырып тәрбиелік қызметті соған ыңғайлап, баланың
дамуына батыл араласу қолайсыз мінез-құлықтарды түзету деген сөз.
Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру үдерісі баланың
белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады:
Баланың қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған
деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді игеру, олармен
әрекеттену тәсілдерін үйрену.
Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының
ерекшелігінен:
а) бала өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас
арқасында адам ретінде дамиды;
ә) бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие;
б) үлкендер балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның іс-
әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді.
54
Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші
шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті
болып табылады.
Сонымен:
1) баланың психикалық үдерістері алдын ала анықталмаған, дайын
түрде берілмеген;
2) бұл үдерістердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-
әрекетінсіз мүмкін емес еді.
Достарыңызбен бөлісу: |