Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет30/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:
1. Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторларды атаңыз
2. Л. С. Выготский «жақын даму аймағы» деген жаңа ұғымы туралы.
3. Оқыту мен даму проблемасы
4. Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.
5. Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас 
кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер
1-тапсырма
Төменде келтірілген мысалдардың сипатына сай іс-әрекет түрлерін 
талдап, олардың мән-жайын анықтаңыз.
а) психиканың даму шарттары;
ә) әрекетті орындау тәсілдерін меңгеру жолдары;
б) барлық психикалық сезімдердің айқын байқалуы;
в) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін 
қанағаттандыру және олардың нәтижелі болуына бағытталған іс-
әрекет түрлері;
г) ұғымдар жүйесін меңгеріп, оларды теруге және қолдана білуге 
бағытталған іс-әрекет түрлері.
2-тапсырма
Мынадай жағдайларға сүйене отырып, басты мақсатты табыңыз.
1. Ержан мектепке барар жолда өзіне қажетті дәріні алу үшін 
дәріханаға жиі кіреді. 
2. Ержан сабаққа дейін де,сабақтан соң да ойынға беріліп, үй 
тапсырмасын толық орындай алмады.
Ержан мектепке барар жолда кітапханаға кіріп, біршама уақытын 
сонда өткізеді. Төменде қандай дағдарыстық кезең сипатталып тұр: 


73
Бала өз «менін» түсінеді, жеке дара адам екенін ұғынады. Бұл кезеңде 
бала бәрін біледі, әрі дербестігін талап етеді:
3-тапсырма
Кейбір отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде балалардың 
заттармен әрекет етуі кешеуілдеп дамитыны байқалады. Мұның себебі 
не?
4-тапсырма
Кейбір отбасында баланы өзбетінше отыруға дағдыландыру үшін 
жан-жағын жастықпен қоршап қояды. Осы әдісті қолдану дұрыс па?
Тест сұрақтары:
1. Балада алғашқы қыңырлық әрекеттердің пайда болуы, қай 
жастағы дағдарыста көрініс береді:
А) үш жастағы дағдарыс.
В) он үш жастағы дағдарыс.
С) бір жастағы дағдарыс.
Д) жеті жастағы дағдарыс.
Е) жаңа туғандағы дағдарыс.
2. Бала психикасы дамуының қайнар көзі:
А) адамдардың әлеуметтік тәжірибесі
В) өмір мен тәрбие жағдайлары
С) бала мүмкіндіктері
Д) баланың қажеттіліктері
Е) табиғи жағдай
3. Қазіргі заманғы жағдайларда Л. С. Выготскийдің оқыту мен даму 
тұжырымдамасы қалайша дамуда:
Аүздіксіз дамыта оқыту тұжырымдамасында (Д. Б. Эльконин мен 
В. В. Давыдовтың және т.б)
В) «перспективтік жоладар» жүйесінде А. С. Макаренконың
С) бағдарламалық оқытуында Т. В. Кудрявцев
Д) тұлғалық бағдарланған дидактикасында (В. А, Петровский мен 
т.б).
Е) қызметтестік педагогикасында (Ш. Амонашвили т.б)
4. Қазіргі кездегі балалар психологиясында қандай идея басты 
(жетекші)орын алады?


74
А) өзін-өзі бағалауы, балалық шақ ерекшелігі
В) ақыл ой-әрекеттерінің кезекпен дамуы
С) баланың ересектермен бірлескен әрекетіндегі дамуы (субъект-
субъектілік қатынастар)
Д) дамудың ішкі себептерге байланысты болуы
Е) ойната оқыту
5. «Дамудың таяудағы аймағы» ұғымының авторы:
А) Л. С. Выготский.
В) С. Л. Рубейнштейн.
С) Д. Б. Эльконин.
Д) М. И. Лысина.
Е) А. Н. Леонтьев.
6.»Оқыту, дамудан кейін жүрмей оның алдына түсіп, соңынан 
жетелеуі тиіс»- деген ой кімге тиесілі?
А) Л. С. Выготскийге
В) Г. Я. Гальперинге
С) А. Н. Леонтьевке
Д) Ы. Алтынсаринге
Е) Аристотельге
7. Нәрестелік кезеңнің қай айында қарым-қатынас іріктегіштік 
сипатына ие болады?
А) 4 айда
В) 1 жасқа қарай
С) 2-2,5 айда
Д) 1 айға қарай
Е) 5-6 ай
8. Нәрестелік кезеңдегі негізгі психологиялық жаңа құрылымды 
ата:
А) сенсорлық даму
В) еркінің дамуы
С) қиялының дамуы
Д) ес процесінің дамуы
Е) тілінің дамуы
9. Баланың негативизмі қай кезде анық байқалады?
А) негізсіз теріске шығаруға тырысу


75
В) ересек болғысы келуі
С) еркелегенде
Д) қыңырлық
Е) ойланбай орындаған әрекеттерінде құрастыру
10. Жаңа туған нәрестенің жануарлардың төлінен қандай басты
айырмашылығы бар?
А) мидың үлкен жарты шары қабығының қарқынды дамуы
В) қимыл-қозғалысының дамуы
С) есту және көру органдарының тез жетілуі
Д) динамикалык стереотип
Е) шартты рефлексінің пайда болуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет