Танымдық дүниенің дамуы. Дүниеге келген кезде көру және есту
анализаторлары толыққанды қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму
үстінде болады. 2-3-ші аптада есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.
Эмоционалдық дүниенің дамуы. Үштен жеті аптаға дейінгі жаста
балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын
адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.
«Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген
әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл
баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.
Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуы бір қалыпты
болмайды. Бұдан біз жас кезеңдерінің біршама баяу, бірте-бірте
өзгеретінін және балада ұзақ уақыт бойына ылғи бір психикалық
кейіптің ерекшеліктерінің сақталатынын, сол кезеңде секірмелі
өзгерістің болатынын, сонымен қатар бұрынғы психикалық
ерекшеліктер жойылып, жаңа бір психикалық ерекшеліктердің
қалыптасуына байланысты кейде баланың қоршаушы орта үшін
танымастай өзгеретінін байқауға болады.
Бір кезеңнен екінші кезеңге бұлайша секірмелі өтуді дағдарысты
даму дейміз. Осы жас дағдарыстары шамамен жас мөлшері бірдей
ұқсас жағдайда өмір сүретін балаларда пайда болады және осыған
қарап нақты жас кезеңдеріне бөлуге болады.
Осы уақытқа дейін баланы жас кезеңіне бөлу әр түрлі жүзеге
асырылған. Мысалы, педалогия ғылымының өкілдері баланың жас
кезеңін биологиялық факторлар бойынша ажыратқан мысалы, тісінің
ауысу сипаты, тіс жаруы, тіс шығуы, т.с. әрине бұл негізінде дұрыс емес.
Қазіргі кездегі педагогтар мен психологтар туғаннан бастап нәрестенің
тіршілік етуіне байланысты өзгеріс дағдарыстарды санамағанда
баланың туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтағы кезеңдерін 3
дағдарысты кезеңге бөлуге болады.
1 жас, 3 жас және ең ақырғы - 7 жас. Бұл кезеңдерін өзін жас
ерекшеліктеріне байланысты 3 кезеңге:
1. Нәрестелік кезең туғаннан 1 жасқа дейін, бұның ішінде алғашқы
1 айға дейінгі уақыт, бөбектік кезең, жаңа туған кезең;
2. Сәбилік кезең 1 жастан 3 жасқа дейін;
63
3. Мектеп жасына дейінгі кезең, 3 тен 7 жасқа дейінгі;
4. Бастауыш мектеп кезеңі, 7-12 жасқа дейінгі;
5. Жас өспірім 12-15 жас;
6. Жастық кезең 15-18 жас.
Мұндай жас кезеңдерінің өзі жас мөлшеріне қарай бөлінеді. Бірақ
балалардың жас көрсетікіштері тұрақты болмайды. Жас шамасымен
жас кезеңінің арасында мынадай байланыс бар. Қандай болмасын
тіршілік иесі: өзіміз бақылап көретін өсімдіктер насекомдар, құстар,
сүтқоректілердің өсіп дамуына бақылау жүргізсек, белгілі бір
уақыт аралығында бір жүйелілікпен көптеген сапалы өзгерістердің
болатындығын атап өту қиын емес. Мысалы, жерге еккен дән белгілі
бір уақыт аралығында өседі, сабағы пайда болады, кешікпей гүл түйсігі
пайда болады. Бұнда жаңа кезең осыдан белгілі бір уақыт аралығында
гүлдің қауызы ашылып, одан гүл шығады, бұнда өсімдіктің жаңа кезеңі
басталады. Сол гүл белгілі бір уақытқа жеткен соң солып қалады да,
жапырақтары солып жеміс пайда болады. Өйткені барлық тірі организм
осылайша бірдей даму жолынан өткен соң әрі қарай өзінше дами
береді. Ғалымдар баланың да даму үдерісін тура осындай белгілі бір
кезеңдерден жүйелі түрде өтетіндіктерін анықтап ғылыми тұрғыда
дәлелдеді. Мысалы, белгілі бір кезеңдердегі сөйлеуі мен қабылдауының
дамуын психолог В. Штерн, ойлаудың дамуын Ж. Пиаже, ақыл-ойының
дамуын П. Я. Гальперин т.б.анықтаған. Осы кезеңдердегі дамуының бәрі
оқу әрекетінің негізінде қалыптасады. Бала жасын кезеңдерге бөлудің
жобасы, біріншіден, жабайы өмірден алынған, екіншіден, психология
ғылымы тұрғысынан дәлелденген болатын. Жасты кезеңдерге бөлуді
жабайы өмір тұрғысынан дәлелдеген Г. Гете мен Л. Н. Толстой болды.
Л. Н. Толстой бөбек пен жеткіншек балалардың балалық және ересек
туралы әдейі кітап жазып, сол кітабын балалардың есеюіне арнаған
болатын.
Әдетте, жасты кезеңдерге бөлу мынадай деректерге сүйенеді. Әр жас
кезеңдеріне жататындардың бәріне тән өзінше психикалық қасиеттер
бар деген шешімге келеді. Өзінше психикалық қасиет деп отырғаны,
сол жас кезеңдеріне тән ақыл-ой жағынан белгілі бір дәрежеге жетуі.
Осыны ғылым дамымай тұрғанда көптеген елдерде жақсы білген. Азия
мен Африканың кейбір елдерінде бала бір жас кезеңінен екінші жас
кезеңіне өтерде той жасап, оны жігіттік дәрежеге көтеретін болған.
Осындай ғұрыптың бір жақсы жері бала осы мейрамды алдын-ала
күтіп, жұрттың алдында өзінің ептілігін көсету үшін әдейі даярланады.
Той өтіп, баланы жігіт деп атағаннан кейін, оған сенім білдіріп,
үлкендермен бірге игілікті істерді өндіруге не жауға қарсы шығуға
бірге аттанатын болыпты.
64
Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген.
Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде
болып келді. Кейбір тайпалардың қоғамдық қатынасы мен мәдениеті
төменгі дәрежеде болды. Мұнымен қатар, осы даму сатысындағы
тайпаларда балаларды материалдық игіліктерді өндіруге ерте жасынан
жекті. Осыған сүйене отырып есеюді әлеумет жасына және әр баланың
өзіне тән хронологиялық жасына бөлуге болады. Әлеумет жасы
дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі.
Демек, әркімнің өзіне тән хронологиялық жасынан басқа әлеумет жасы
кездеседі. Әлеумет жасы мен хронологиялық жастың арасында едәуір
айырмашылық бар. Себебі әлеумет жасы деп отырғаны кәдімгі әркімнің
туғаннан кейінгі жасы емес, заманның талабына қарай есеюдің әр түрлі
болып келеді.
Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балаларды қай
жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне
орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі (бесік жасына
0-7 және еңбектеу жасына 7-12 ай );
1-ден 3 жасқа дейінгі кезді – бөбектер жасы;
3-тен 7 жасқа дейін – сәби жасы;
7-ден 11 жасқа дейін – періште жасы;
11-ден 15 жасқа дейін – бозбала жасы;
15-тен 20 жасқа дейін – үлкендер жасы
Осы мағлұматтар баланың өз жасынан басқа әлеумет жасының
кездескеніне дәлел бола алады.
Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Себебі
білім мен психикалық дамуы бір емес екенін біз ілгеріде ескерттік.
Егер ілгеріде аталып кеткен психиканың дамуына оқыту әсер етпейді
дейтін Ж. Пиаженің пікірін басшылыққа алсақ, онда психиканың
дамуы баланың қай жаста екеніне тәуелді келеді дейміз. Әрине, бала
психикасының қандай болып келуіне оның хронологиялық жасының
тікелей қатысы бар. Бала психикасының әр жаста қандай болып келуіне
әлеумет ортасының едәуір ықпалы бар. Себебі балаға әсер ететін
бүгінгі әлеумет ортасы бұрынғыдан мүлде өзгеше: қазірі техника мен
өндіріс саласына ие болу үшін жасөспірімдер жасының көбін оқуға
арнауы тиіс. Сондықтан да балалық кез қазір көпке дейін созылады.
Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән
баланың есеюіне әсер ететін себептері: үлкендердің балаға қоятын
талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық
65
дағдарыс кез кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді
зерттеп жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады.
1. Жаңа туған бала – 1 күннен – 10 күнге дейін;
2. Емшек жасындағы бала – 10 күннен – 1 жасқа дейін;
3. Ерте балалық шақ – 1 жастан-3 жасқа дейін;
4. Бірінші балалық шақ – 4 жастан – 7 жасқа дейін;
5. Екінші балалық шақ – 8 жастан-12 жас (ер балалар), 8-11 жас
(қыз балалар);
6. Жеткіншек шақ – 13 жастан 16 жасқа дейін (ер балалар), 12
жастан 15 жас (қыз балалар);
7. Жас өспірімдік шақ – 17 жастан 21 жасқа дейін (ер балалар), 16-
20 жақа дейін (қыз балалар);
Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі өзгермейтін
нәрсе емес. Заманның өзгеруіне, соның ішінде әлеумет ортасының
жағдайына сай жастарды топтастырудың азды-көпті өзгерістері болып
отырады.
Баланың дамуы психологиялық заңдылықтарды қамтитынын
төменгі бағыттар бойынша түсіндірді:
- бала дамуының күрделі құрылымы бар – баланың уақыты басқа
уақытпен сәйкес келмейді. Өзінің ритмі, уақыты бар. Баланың өмір
ритмі басқа өмір ритімімен сәйкес келмейді. Баланың психикасында
сапалық өзгерістер болады;
- дамудың сапалық өзгерістері бар – жаңа қасиеттер дамып
толықтырылып отырады;
- біркелкі емес баланың дамуы – әр кезеңге қарай әр түрлі керекті
қызметтер дамиды. Баланың дамуы санамен байланысты. Сананың
құрылымы жүйелі және мағыналы болады;
- жоғарғы заң психикалық функциясының дамуы – баланың дамуы
сыртқы әрекеттің ішкі әрекетке айналуымен байланысты болады.
Сонымен қатар бала дамуының параметрлерін өлшеу келесі
бағыттарды қамтиды: Оларға, даму жолы; талаптары; қайнар көздері;
даму формасы; даму спецификациясы; дамуға итермелейтін күші.
Осы мәліметтерді негізге ала отырып Л. С. Выготский жас ерекшелік
кезеңдерін жоғарыда көрсеткен топтарға бөлді.
Л. С. Выготский психикалық дамуды кезеңдерге бөлу мәселесіне
ерекше мән берген.
Берілген мәселені талдау жас кезеңдерін бөлу үшін негіздерді
анықтаудағы түрлі ықпалдарды қарастыруды ұйғарады. Бала дамуының
кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л. С. Выготский үш топқа
бөледі:
66
1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес
онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С. Холл).
2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері
ретінде қандай да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий
ұсынылады және де бұл бір кезеңде көрсеткішті және мәнді болған
белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады, себебі даму барысында
бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке ығыстырылады.
3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің
мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар
дамудың эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай
жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана
өсіп, ұлғаяды).
Л. С. Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз үдерісі
ретінде анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда
болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін
сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың
мәнін сипаттайтын жаңа құрылым болады.
Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке
алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы – тұлға мен оны қоршаған
әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу.
Достарыңызбен бөлісу: |