Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет35/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінің 
жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар 
тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы 
және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған 
кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, 
белсенді сипат алады.
Организмнің сыртқы орта ықпалына жасайтын реакциясы шартсыз 
немесе шартты рефлекстер түрінде болады.
Жаңа туған балада тек шартсыз рефлекстер, мәселен, ему рефлексі 
болады. Бала туған соң егер оның еріндеріне қол тигізсек, бірден еме 
бастайды; өткір жарыққа көзін жыпылықтатып, сығырайтады; егер 
оның табанын қытықтасаң тартып алады (қорғаныш рефлексі).
Шартты рефлекстердің шартсыз рефлекстерден айырмашылығы 
туғаннан болмайды, ол белгілі бір қайталанып отыратын жағдайларда 
қалыптасады. Алғашқы шартты рефлекстер ерте пайда болады. Емшек 
еметін 2 апталық бала еметін уақытында қолға алынса, ему қимылдарын 
жасай бастайды.
Егер баланың ему кезіндегі қалпын өзгертсе, мәселен оны алдыға 
отырғызып, емізсе, онда біршама уақыт өткеннен кейін кеудеде 
жатқанда ему қимылдары болмайды.
4-6 апталық шақта барлық рецепторлардың шартты рефлекстері 
қалыптасуы мүмкін. Шартты рефлекстер уақытша сипатқа ие, олар 
организмге қажет болған кезге дейін ғана өмір сүреді. Шартты 
рефлекстер бас миының қабығында пайда болады, демек ол қашан 
жеткілікті дамыған кезде қалыптасуы мүмкін.
Сезім мүшелері
Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім мүшелері арқылы 
қабылданады (рецепторлар) және орталық жүйке жүйесіне беріледі. 
Шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бас миы қыртысының 
толысуынан басқа, есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, мен түйсіну балада 
жеткілікті түрде даму қажет екені түсінікті.
Көру. Жоғарғы жүйке қызметінің дамуына көру зор рөл атқарады. 
Баланың жаңа туған кезеңінің өзінде өткір жарыққа қорғаныш рефлексі 
болады (көз қарашығын сығырайту) және көзге қол тигізгенде көзін 
жыпылықтатады немесе жұмады) Көз қимылдататын бұлшық еттерінің 
әлсіздігі әсерінен көздің қылилығы байқалады, ол 3-4 аптада жойылып 
кетеді. Затты жақын қашықтықта екі көзбен қарау қабілеті балада 
өмірінің алғашқы жарты жылының аяғына қарай пайда болады.
Көз гигиенасы. Көздің қылилануын болдырмау үшін баланың 
назарын тартатын ойыншықты дәл кеудесінің үстіне іліп қоюы керек. 


85
Баланың кереуеті жарық алдыңғы жақтан түсетіндей болып қойылуы 
тиіс, бұл да көздің қыли болуынан сақтайды.
Баланың көзін аурулардан, жарақат пен шаңнан сақтау қажет: оның 
өз сүлгісі мен жастығы болуы тиіс, Көзді қолмен немесе пайдаланған 
бет орамалмен ешуақытта сүртуге болмайды. Егер тәрбиеші-күтуші 
баланың көзін сүрткенін байқаса, қабағы қызарса немесе көзі іріңдесе, 
көзді калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен, бор қышқылымен 
немесе қайнаған сумен жуып, баланы дәрігерге көрсету керек.
Есту. Жаңа туған баланың есту қабілеті әлсіз, бірақ өте қатты 
дыбысты естиді және егер күшті шу шықса емуін тоқтата қояды. Есту 
дабыл қуысындағы шырышты сүйықтың таралу дәрежесі мен оның 
ауамен толуына қарай біртіндеп жақсарады. Есту мен көздің арасындағы 
үйлестік біршама ерте пайда болады. Тіпті 2 айлық бала басы мен көзін 
дыбыс шыққан жаққа бұра бастайды.
Құлақ гигиенасы. Баланың сыртқы дыбыс саңылауы шеміршекті 
және тері бөліктен тұрады, ол нәзіктігімен ерекшеленеді, онда тітіркену 
мен жарақат тез пайда болады. Мұндағы бездердің бірі құлақты шаңнан 
қорғайтын құлық бөліп шығарады, оны әлсін-әлсін кептіріп отыру 
керек.
Жұтқыншақ мұрынмен жалғасатын евстахи түтігі қысқа әрі кең 
болады, соның салдарынан балаларда көбіне ауыз қуысы арқылы 
иңфекцияның енуінен ортаңғы құлақтың қабынуы пайда болады. 
Осыған орай тамақтан кейін баланы ауыз шаюға үйрету, ал өте 
кішкентайларға жиі-жиі қайнаған су ішкізу қажет.
Үнемі болатын шу балалар құлағының естуіне зиянды әсерін 
тигізеді, өйткені күшті дыбыс дабыл жарғағына недәуір қысым 
жасайтындықтан, ол өзінің икемділігін жоғалтады. Бұл дыбысты 
қабылдаудың әлсіреуіне әкеп соғады.
Режимді ұйымдастырғанда шулы ойындарды ақырын, тыныш 
ойындармен кезектестіріп отыру қажет.
Дәм. Дәм сезімі ауыз қуысынын, шырышты қабығындағы ең 
алдымен тілдегі бүршіктер арқылы қабылдайды. Дәм сезу тіпті жаңа 
туған баланың өзінде недәуір жетілген, олар тәттіні ынталана сорады, 
ал керісінше қышқыл мен ащыға бет-аузын тыжырайтады, соруын 
қояды, жылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет