86
Терінің сезімталдығы. Бұл теріге тиюден (сезіну) жылу немесе
суықтан, аурудан тітіркенгеннен болатын күрделі қабылдау. Бұл
тітіркенудің бәрі теріде орналасқан сезімтал нервтердің арнаулы
ұштары арқылы қабылданады.
Сезім тіпті ең кішкене балаларда да болады. Олардын алақаны,
табаны мен беті өте сезімтал келеді. Терінің температураны сезінуі
ауруды
сезіну сияқты, жақсы дамыған.
Сезім мүшелері сыртқы ортадан орталық нерв жүйесіне сигнал
беретін бірінші сигналдық жүйені құрайды. Бұл жүйе жануарларда да
бар. Адамда, бұдан басқа, екінші сигналдық жүйе бар. Сөйлеуді осылай
атайды. Екі жүйе де өзара әрекет үстінде болады. Адамдағы шартты
рефлекстер көру, есту немесе басқа қабылдағыш мүшелердің тікелей
тітіркенуінен ғана емес, сондай-ақ оларды
белгілейтін сөздерден
де пайда болады. Сөйлеудің қалыптасуы – бала өмірінің алғашқы
айларында-ақ басталатын күрделі үдеріс.
Баланың жетілуіне қарай сезім мүшелерінің қызметі жетіледі;
ми қабығының қыртысы дамиды, жоғарғы нерв қызметі мен баланың
сөйлеуі барған сайын күрделене түседі.Бұл процестер бір мезетте
жүреді, алайда недәуір дәрежеде баланың жетілуі,
оны қоршаған
сыртқы ортаға, оны тәрбиелеуді үйымдастыруға байланысты.
Толық жетіліп туған балада тері астындағы май қабаты өмірінің
алғашқы 6 айында күшті ұлғаяды. Алайда тері астындағы майдың
шамадан тыс шөгуі бала денсаулығының көрсеткіші болмайтын артық
зат.
«Жандану кешені» танымдық дүниенің дамуы.
Дүниеге келген кезде көру және есту
анализаторлары толыққанды
қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму үстінде болады. 2-3-ші аптада
діріл түйсігі арқылы есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.
Эмоционалдық дүниенің дамуы. Үштен жеті аптаға дейінгі жаста
балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын
адамды көргенде күлу,
қозғалыс реакциялары, вокализация.
«Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген
әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл
баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.
Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері
көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың
қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде
қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты
(жадырау комплексі)
жандану кешені деп аталатын, арнайы эмоциялы-
87
қимыл реакциясы қалыптасады.
Жандану кешені қол мен аяқтың екпінді
қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле
қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің
жандану кешені
пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы нәрестелік кезеңнің басы деп
есептеледі. Бала өмірге әлсіз және қауқарсыз болып келеді. Ол анасынан
физикалық тұрғыда ажыратылғанымен биологиялық тұрғыда тікелей
байланысты. Ол өзінің қажеттілігін дербес қанағаттандыра алмайды.
Нәресте оған қамқор болатын
анасының дауысына еліктейді, оның
бетін көріп, көзін анасының жүзіне тақатып қарайды, қолын созады,
аяғын қозғалтады, қатты дыбыстар шығарады және күле бастайды.
Бұл эмоционалды реакция
жандану кешені деп аталады.
Жандану
кешені адамдық ерекшеліктерге ие, яғни күлу, қарым-қатынасқа түсу
қажеттілігін көрсету. Балада туған бойда ересек адамға тән мінез-
құлық түрі болмайды. Дегенмен, мінез-құлықтың кейбір қарапайым
формалары - шартсыз рефлекстер балаға туа бітеді де,
олар баланың
аман өсіп жетілуі, онан әрі психикалық дамуы үшін де өте-мөте қажет.
Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін
баса білуден көрінеді.
Нәрестенің 2-айдан 1 жасқа дейінгі нәрестелердің анатомиялық
физиологиялық дамуының негізгі жетістіктері физикалық дамуы. Олар
төмендегідей:
1. Қамту және манипуляциялау.
Қамту – бұл заттарды қармап ұстап алу, манипуляциялау – бұл өз
ыңғайына қарай заттармен әрекет жасау. Қамту мен манипуляцияның
рөлі жаңа жетекші іс-әрекет – заттық-қарулық іс-әрекетке дайындалу.
2. Еңбектеу – бұл баланың алғашқы өз бетінше қозғалу түрі;
оның рөлі – жаңа әсерлерді қамтамасыз ету.
Дамудың әлеуметтік жағдайы – үлкендерге толықтай тәуелділік,
ол баланың органикалық қажеттіліктері мен жаңа әсерлерге деген
қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Нәрестенің жаңа құрылымы – қарым-қатынасқа деген қажеттілік.
Жетекші іс-әрекет - эмоциялар, мимика көмегімен эмоционалды,
тікелей қарым-қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: