Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет34/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты 
жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты 
ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан кезде табанына 
алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, 
тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу 
реакциясына айналады. 
Бала туған күннен бастап белгілі бір шартсыз рефлекспен туады, 
ол шартты рефлекске айналады. Кейінгі жылдары кейбір рефлекторлық 
реакциялар туғанға дейін де пайда болады деп дәлелденген. Мысалы, 
18 аптадан соң бала жатырда жатқан кездің өзінде сору рефлексі 
пайда болғаны анықталған. Өйткені ол өзінің ырықсыз қозғалыстары 
мен әрекеті нәтижесінде кеңістіктегі заттарға көңіл аудара бастайды. 
Баланың миының қалыпты жетілуіне әсер ететін бірден бір шарт – 
анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Оның ішінде дәм сезу (1-2 
күндік бала ащыға қарағанда тәттіні жақсы көреді), иіс сезу (әр түрлі 
иіске басын бұрады, оның дем алуы мен жүрек қағысы өзгереді), дыбыс 
естуі (1 апталық бала анасының дауысын естиді), көру анализаторының 
қалыптасуы (2 айлық кезде анасын көргенде, бала көңілденіп күледі). 
Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайында болса, онда оның дамуы 
баяулайды. Бұл кезде даму ерекшелігі, баланың денесінің дамуына 
қарағанда анализаторлардың іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, осыған 
байланысты түрлі шартты рефлекстік байланыстар жасалады. Өмірінің 
бірінші айының соңында алғашқы шартты рефлекстер көрінеді. 
Көбінесе бала, тамақтану ыңғайына реакция көрсете бастайды: анасы 


83
қолға алғанда емшек іздеуі, көтергенде тынышталуы пайда болады. 
Тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекстер, тәулік мезгілін 
ажырату, жаңа туған балада ұйықтау және ояну сергектік кезеңдері 
ажыратылмаса, 2-3 айлық кезде олар мазмұнды, белсенді сипат алады.
Нәрестенің түйсігі ажыратылмаған және эмоциямен байланысты. 
Баланың психикалық өміріндегі маңызды оқиға есту және көру 
түйсігінің шоғырлануы. Естудің шоғырлануы 2-3 аптада пайда болады. 
Тосын дыбыс, бала әрекетін тежейді, ол тоқтап тыңдайды. Соңынан 3-4 
аптада осындай реакция адамның дауысында пайда болады.
Нәресте дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-
құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама 
шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың 
өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, 
сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену 
рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т.б. жатады. Олардың бәрі 
баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде 
дамып жетілетін жұлын және ми қабығы асты нерв орталықтарымен 
реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары 
мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. 
Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв 
клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдары сақтағыш 
миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне 
және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. 
Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы, баланың 
әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа 
тәжірибені игерудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің 
мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа туған кезеңдегі ми қалыпты жетілуінің қажетті шарты- 
анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық 
оқшаулану жағдайына түссе, оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған 
баланың дамуының айырықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) 
қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, 
соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың 
іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау 
рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар 
жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн 
ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. 
Алғашқы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер 
жасалады.


84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет