Нәрестенің эмоциялық сезімі
Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие
жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып
отырады.
Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім
реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты
қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс
рефлексі жылау түрінде көрінеді.
Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету тоқталса, бала
аяқ-қолын қатты қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп
айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап
үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.
98
Ең алғаш сезімнің пайда болып көрінуі, баланың барлық
органикалық қажеттіліктерімен қанағаттандырылуы дені сау, тамағы
тоқ, төсек орны жайлы, киімі құрғақ, өзіне шақ болса бала сергек
көңілді болады, жағымды эмоция туғызады. Ал, керісінше, ашықса,
суыққа тоңса, қажеттіліктерімен қанағаттандырылмаса, жағымсыз
эмоциялар байқалады. Неғұрлым мейірімді үнмен сөйлеп жақсы
қарым-қатынас жасасақ көңілденеді, жағымсыз эмоция ащы дәрі ішкен
кезде де байқалады.
Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері
күрделенген сайын сезіміде қиындап күрделене түседі.
2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі
байқалады. Мұның пайда болу себебі, үлкендер баланы барлық
қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп, мейірімділікпен еркелетсе анық
көрінеді. Мысалы, әдемі ашық түсті ойыншық сазды музыкалық әуен
болады. Жағымды сезім тудырушы әсіресе өзінің ең жақын адамдары
анасына деген сүйіспеншілік ықылас ниетінен сезімін жақсы көреді.
Ол күлсе, күледі, бетін басып жыласа, қоса жылайды. Сондай-ақ
айналасындағылардың талап тілектерін орындау негізінде де байқалады.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1.
Нәрестелік
кезеңдегі
бала
психикасының
даму
ерекшеліктеріне тоқталыңыз
2. Нәрестенің қимыл-әрекеттерінің туған кездегі әрекеттерімен
салыстыра отырып талдаңыздар.
3. Нәрестенің зейінінің дамуы ерекшелігін атап көрсетіңіз.
4. Нәрестенің есін дамытудың жолдары.
5. Нәрестенің эмоциялық сезімі неден көрінеді?
6. Нәрестенің қоршаған ортамен қарым-қатынасы қалай
қалыптасады?
1-тапсырма
Ғалымдар мынадай зерттеу нәтижелеріне сендіреді: жаңа туған
бала аштықты сезінгенде магнитафонға жазып алынған шешесінің
жүрек соғуын естісе, бірден тынышталады. Бұл жайттың себебі неде
екенін түсіндіріңіз.
2-тапсырма
Алғашқы шартты рефлекстер деген не? Олар немен байланысты?
Бала бойында зиянды әрекеттің пайда болуына шешесінің нендей
әрекеттері ықпал еткен?
|