102
Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды.
Бала өмірінің алғашқы жылында өзінің
денесінің мөлшерімен ғана
органикалық саналы өзгешеліктерімен, сондай-ақ мінез-құлықтарымен
ерекшеленеді.
Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі
ұзын, аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды.
Сүйегінің көптеген бөлігі әлі шеміршек болады және оның сүйекке
айналуы да кейінірек болады. Бала өмірінің алғашқы жылында жүрегі
жылдам соғады. Жүрегінің жиырылу көлемі де шамалы болады.
Қан қысымының көлемі үлкендермен
салыстырғанда төмен және
кең болуына байланысты олар үлкендерден 3 есе жылдам дем алады.
Осы кезде бала организмі ерекше қарқынмен дамиды. Бірақ та ішінің
бұлшық еттері баяу жетіледі. Сондықтан да үлкендерге қарағанда ас
қорыту организмінің жұмысы әлсіз болады.
Бала өмірінің алғашқы жылында
көбіне сұйық тамақпен
тамақтанады. Алғашқы жылмен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы 3 есе
артады. Екі жасқа келгенде салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай
сайын 1 см өсіп, балаларда 20 сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды.
Тыныс алуы баяулап бірқалыпты ырғаққа келеді.
Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г
болады. осы кезде ай сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста
миының салмағы 1100-1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың
салмағының артуы баяулайды:
7 жасқа келгенде 1250 г болады.
8-9 жасқа келгенде 1300 г болады.
15 жасқа келгенде 1350 г болады.
21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады.
Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте
тез дамиды. Дегенмен мұның да өзіндік ерекшелігі болады.
1.
Шартты рефлексінің схемасы да, тез қалыптасады,
бірақ
бекітілуі баяу болады.
2.
Алғашқы 2-3 жылда, әсіресе, екі жасында жоғарғы жүйке
жүйесінің жұмыс істеу қабілеті тез артады. Әйтсе де ересек балалармен
салыстырғанда жүйке жүйесінің жұмыс істеу қабілеті төмен болады.
Сондықтан да олар тез шаршағыш келеді.
3.
3 жастағы баланың жүйке жүйесінің төзімділігі ересектермен
салыстырғанда аз болады. Балалар ұзақ уақыт бір қоздырғымен жалығып
кетеді, тез шаршайды. Қүшті қоздырғыш әсеріне төзе алмайды.
4.
Сәбилік кезеңдегі баланың жоғарғы жүйке жүйесі екі негізгі
жүйке процесінің қызбалылығын бейнелейді. Осы кезде қозу үдерісі
103
тежелу үдерісінен басым болады. Бос отырғанда баланы жалықтырып
жібереді.
5.
Бала өмірінің алғашқы жылынан бастап барлық мінез-құлық
бас ми қабығының қатысымен жүзеге асып отырады. Мысалы: бала бар
ынтасымен әңгіме тыңдап отырған кезде өзінің қарны ашып отырғанын
және сөйлеп тұрып укол салса денесінің ауырғанын сезбейді. Баланың
осы ерекшелігі оның мінезінде ағзасының қажеттілігі мен қанағатына
қатысының бар екенін көрсетеді.
6.
Жүйке үдерісінің қабылдауының алғырлығының әлсіз
болуынан бала іс-әрекетіне тез жауап бере алмайды және іс-әрекетті тез
орындай алмайды.
7.
Осы кезде балаға сыртқы кедергілер тез әсер етеді. Мысалы,
бала тамақ ішіп отырғанда сырттан біреу келіп сөйлесе, ішіп отырған
тамағын тастап, сөзді тоқтатады. Сыртта
біреу сөйлегенде баланың
зейінін сабаққа шоғырландыру қиын болады.
Достарыңызбен бөлісу: