Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу



Pdf көрінісі
бет52/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу
Заттық іс-әрекеттен алынып жинақталған әсерлер баланың тілін 
дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері 
тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру 
нәрестелік шақтан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай 
дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан 
қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті 
сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда 
болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып ала отырса, онда 
оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады.
Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең 
болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер 
бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамытудың қажетті 
жағдайларынан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің 
орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың 
тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет. Үлкендермен бірлескен 


120
іс-әрекет үстінде балалар ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер 
мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы 
байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен 
іс-әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі 
мен іс-әрекеттерінің ара-қатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, 
оның өмірінің бірінші жылында қалыптасады. Үш жасқа қарай сәбидің 
үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде 
жекеленген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша 
заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қана қоймайды. Сәби 
үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға 
тыңдай бастайды. Үлкен адаммен баланың тікелей қарым-қатынас 
жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды 
жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің 
өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға 
мүмкіндік жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет