Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Сәбидің ойлауының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет57/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Сәбидің ойлауының ерекшеліктері
Сәбилік кезеңнің өзінде баланың заттар мен әрекет етуінен 
ойлауының дамығандығын көруге болады. Мысалы, шашылып жатқан 
ойыншықты біріктіріп, олар мен өздігінен әрекет етуді үйренуі әлде 
қайда маңызды іс, бірақ әлі де болса, мәселені өздігінен шеше алмайды 
да, үлкендердің өздеріне үлгі көрсетіп, басшылық жасауын талап етеді. 
Соның нәтижесінде әрекетті дербес орындауға тырысады. Алғашқы 
кездің өзінде баланың тәжірибе жүзінде ойланып, әрекет етуі кенеттен 
болмайды. Екі жастағы бала үстелден тысқары отырғанда үстел үстінде
өзін қызықтыратын бір ойыншық тұрса, оған зейіні ауып, алғысы келеді.
Бірақ, қолын созып көріп жетпеген соң, жанында жатқан таяқшаны алып 
ойыншықты қозғайды. Ақырында таяқшамен қозғалған ойыншықтың
қозғалысына зер салып, әрекетті бір неше рет қайталайды да, соның 
нәтижесінде өзінше белгілі бір қорытындыға келеді. Баланың сыртқы 
бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен орындалатын ойлауын көрнекі іс-
әрекеттік ойлау деп аталады. Бала көрнекі әсерлік ойлауды айнала 
қоршаған ортадағы әртүрлі заттар мен құбылыстардың байланыстарын
зерттеу үшін қолданады. 
Сәбилік кезеңде бала мәселені қарапайым тар көлемде көрнекі 
бейнелік ойлау жолымен шешеді. Неғұрлым күрделі мәселені шеше
алмайды немесе көрнекі бейнелік жастарда ғана шешеді. 
Қандай болмасын көрнекі бейнелік әсер етудің қорытындысынан 
шығатын мәселені іштей шешуді баланың көрнекі бейнелік ойлауы 
дейміз. Мысалы: таяқшамен әрекет етуді үйренгеннен кейін өзінің 
диванның астына домалап кеткен ойыншығын алуға болатынын 
түсінеді. Баланың ойлауының дамуына тілінің шығуы негіз болады. 
Өйткені бала тұтас сөзді құрастыра алмай тұрып сөз тізбектерін 
байланыстырып айтады. Заттың нақты сапасын және амалын 
көрсететін сөздерді пайдаланады. Осы кезден бастап, бала заттар мен 
құбылыстар арасындағы өзара қарым-қатынас байланыстарды білуге 
деген қызығушылығы артады, үлкендерге көптеген сұрақ қоя бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет