Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген



Pdf көрінісі
бет59/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Эмоцияның ерекшеліктері
Баланың эмоциялық даму аймағын психикалық функциялардың 
дамуынан бөліп қарауға болмайды. 
Сәбилік кезеңдегі қабылдаудың аффективті басымдылығы 
байқалады. Бала өзі қабылдағанына ғана эмоциялық тұрғыда жауап 
қайтарады. Ол дәрігерді көргенде қатты уайымда болады, бірақ біраз 


129
уақыт өткеннен кейін тынышталып, жаңа нәрселерге қызыға бастайды. 
Бала келешекте оны қиындық күтіп тұр деп ренжи алмайды немесе бес 
күннен кейін ол сыйлық аламын деп қуана алмайды. Бала тілегі тез
ауыспалы, тұрақты емес, ол оларды қадағалап немесе ұстай алмайды: 
оларды тек қана үлкендердің жазалуы мен мадақтауы шектей алады. Бар 
тілектері бірдей күшке ие: сәбилік кезеңде салыстыру уәжі болмайды. 
Мұны таңдау жағдайларында байқауға болады. Егер балаға 2-3 жасында 
бірнеше ойыншықтың ішінен өзіне біреуін таңдап ал десек, олар ұзақ 
қарап сұрыптай бастайды. Әйтеуір біреуін таңдап алады, енді сол 
ойыншығыңмен басқа бөлмеге бар десек, өз таңдауынан бас тартады. 
Ойыншықты орнына қойып, оны қызықтыра тартып тұрған заттардан 
алып кетпейінше, сол жерде ойыншықтарды сұрыптап тұра береді. 
Біреуін таңдап, шешім қабылдауға бала әлі қабілетті емес. Эмоциялық 
қажеттіліктер аймағының дамуы үлкендермен және өзімен жасты 
балалармен қарым-қатынас негізінде дамиды. Жақын адамдарымен 
қарым-қатынас жасау арқылы бала «үлкендер әлемін» тани бастайды. 
Махаббаттан, эмоциялық жылылықтан бөлек бала өзінің барлық іс-
әрекетінде үлкендердің қатысуын қалайды.
Сәбилік кезеңде басқа балалармен қарым-қатынасқа түсу пайда бола 
бастайды. Бірақ қарым-қатынастың мұндай түрі тұрақты емес. Сәбилік 
кезеңде бала басқаның тілегін есепке алмайды, ол өз тілегінің қалауы 
бойынша жүреді. Өзімшіл басқа баланы түсінбейді және басқалардың 
көңіл-күйіне ортақтаса алмайды. Баланың эмоциялық механизмі 
кешірек, мектепке дейінгі кезеңнің алдында ғана қалыптасады. Соған 
қарамастан балаға құрбы-құрдастармен қарым-қатынас жасау тиімді
эмоциялық дамуына көмегін тигізеді. Сәбилік кезеңінде баланың тілігіне 
байланысты эмоциясы жарқын сипатта болады. Осы кезде де баланың 
эмоциялық қажеттілігі өзіндік сана-сезіммен тығыз байланысады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет