Бүгінгі таңда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген


Сәбидің зейінінің ерекшелігі



Pdf көрінісі
бет58/131
Дата22.03.2023
өлшемі1,4 Mb.
#75714
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131
Байланысты:
Дүйсенова, Ж.Қ., Нығметова, Қ.Н. Балалар психологиясы (2)

Сәбидің зейінінің ерекшелігі
Сәбилік кезеңде баланың зейінінің шоғырлануы әлсіз және жаңа 
уақытқа өтеді, өйткені жоғарғы жүйке жүйесінің қозуы тұрақсыз әрі 
қысқа мерзімде болады. Зейіннің үнемі тұрақсыздығынан бір объектіден 
екінші объектіге ауысып отыруының себебі осы. Мысалы: олар ойнап 
отырған ойыншығын 12 минөттің ішінде сегіз рет ауыстырады. Сонда 


128
баланың әрбір ойыншықпен әрекет етуі екі минөттен аспайды. Себебі: 
бала өзінің зейініне басшылық жасап меңгере алмайды. Бұлардың зейіні 
көбінесе ырықсыз болады да, зейінін ашық түсті затқа, қатты дыбысқа 
ерекше түске аудара береді. 
Сәбилік кезеңде олардың зейінінің көлемі тар болады. Мысалы, 
үстел үстінде бір неше ойыншық тұрса, соның екі-үшеуін ғана қабылдап 
есте сақтап қалады. Сондай-ақ осы кезде бала екі бірдей әрекетке зейінін 
бір мезгілде шоғырландыра алмайды. Баланың жасы өскен сайын ойын 
әрекетімен шұғылдану нәтижесінде зейін тұрақтала түсетінен көруге 
болады. Осы кезде бала әдемі ойыншықпен ойнап отырса да, одан да 
ашық түсті дыбысы жақсы қызықтыратын ойыншықты көрсетсең, 
қолындағысын тастай салып, жаңа ойыншыққа ұмтылады. Бұл да 
зейіннің тұрақсыздығына байланысты. Сәбилер бір мезгілде екі бірдей 
әрекетке зейінін бір мезгілде бөле алмайды және ұзақ уақыт зейінін 
шоғырландыруы да қиын.
Баланың жасы өскен сайын ойын және оқу әркетімен 
шұғылдануының нәтижесінде зейіннің тұрақтала түсетінін көруге 
болады. 
Баланың жасы өскен сайын есте сақтауының көлемі арта түседі. 
Мысалы, бір жасар бала көргенін екі аптаға дейін ұмытпайды, ал 
үш жасар бала көргенін бір жылға дейін ұмытпайды. Бала есінің 
дамуы жүрумен және айналасындағыларымен тіл арқылы қарым-
қатынас жасаумен байланысты, сонымен қатар ойын әрекетімен де 
шұғылдануының маңызы зор. Сәбилік кезеңнің өзінде бала тілімен 
мазмұны жағынан түсінікті өлең, тақпақ, ертегілер сияқты ұйқасы, 
ырғағы жақсы келетін мәтіндерді тез ұғып алады. Үш жастағылардың 
есте қалдыруларының негізгі ерекшелігі жаттайтын материалдардың 
сыртқы түріне, аз көптігіне көңіл бөлетіндігі, есінің нақты бейнелі 
келетіндігінде. Үш жаста балада еріксіз есте сақтау күшті дамиды. 
Мысалы, тақпақты, өлеңді тез жаттап алғанымен оның мән мағынасына 
түсінбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет