Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



Pdf көрінісі
бет44/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53
Байланысты:
медиамәтін прагматикасы

4.1.3 
тармақта 
Газет мәтіні тақырыпатының прагматикасына арналды. 
Кеңес кезеңіндегі таптаурындық, эмоционалдық бояуы солғын, қатаң стильдегі 
тақырыпаттардан үлкен айырмашылығы бүгінгі газет бетіндегі тақырыпаттар 
мағыналық 
кернеуінің күштілігімен, жоғары мәнерлілігімен ерекшеленеді. Әсіресе бағалауыштық, 
экспрессивтік, жарнамалық мән арқалаған ойнақы да қызықты тақырыпаттардың 
прагматикалық рөлі зор. Олар ә дегеннен оқырмандарға газет материалы жайында түсінік 
беріп, оны мақаланы белгілі бір бағдармен қабылдауға дайындайды. Осы мақсатпен қазіргі 


қазақ баспасөзінде контрастқа құрылған тақырыпаттардың көбірек кездесетіні байқалды. 
Мұның өзі бүгінгі газет мәтіні тақырыпатының айрықша ақпараттық және прагматикалық 
бағытта дамып қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Қазіргі тақырыпаттың бағалауыштық 
сипаты әсіресе оның эмотивтік қызметінде көрініс табады. 
Газет мәтіні тақырыпатының мағынасын түсінуде адресат пресуппозицияға сүйенеді, ол 
(пресуппозиция) газеттің тұрақты оқырмандарында қалыптасады. Осы пресуппозиция мәтін 
тақырыпатының эксплицитті элементтерінің семантикалық мазмұнын 
анықтайды. Мысалы: «Жеңгесіндей сырласты» (Е.Қ., 06.03.04). Бұл тақырыпаттан адресат 
мақалада сөз болатын мәселе (әңгіме тақырыбы, болған жері, уақыты, оған қатысушылар т.б.) 
туралы толық ақпарат ала алмайды, бірақ қазақы менталитетке тән етене жақын болу, ойын 
бүкпесіз ашық айту сияқты жақын, пікірлес, бір-біріне жаны ашитын, қамқорлық 
танытатын адамдардың арасында болатын жылы қарым-қатынас сипаты аңғарылады. 
Жеңгесін анасындай көретін қазақ ұғымында одан ешқандай сыр жасыруға болмайды, яғни 
бұл мақаладағы кейіпкерлер арасында барынша ашық әңгіме болғанын білдіреді. Осындай 
аялық білімге ие адресатқа бұл тақырыпат ерекше әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан мақаланың 
атауын оқыған сәтте оқырман санасында «жақындық», «жанашырлық», «сенімділік», 
«достық», «қамқорлық» сияқты ассоциациялар туындап, адресаттың мақала мазмұнымен 
танысуға деген қызығушылығы оянады. Дегенмен, мақаланы оқып шыққанда аталғандардан 
мүлдем басқаша ассоциациялар туындауы да мүмкін. Тақырыпаттың мұндай түрін мақала 
мазмұнымен толықтай емес, ішінара байланысты болатын, прессуппозицияға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет