аталатын мұндай Х-субъектілер «Өзім –Өзге» бинарлы концептісінің екінші сыңарының мәнін
жан-жақты ашуға бағытталады.
3.4
«Газет мәтініндегі концептілердің берілу ерекшелігі» деп аталатын тармақта қазіргі
қазақ баспасөзіндегі саяси концептілерге көбірек көңіл бөлінді. Бұқаралық коммуникациядағы
саяси дискурсты құрайтын негізгі концептілер тізбесін:
Билік – Президент – Заң – Оппозиция
–
Халық түрінде көрсетуге болатындығы анықталды. Осы тізбек прагматикалық аясы аса кең
«өзім/өзге» бинарлы концептісі шеңберінде қарастырылды. Себебі аталмыш терминдер қазіргі
қазақ басылымдарында жиі қолданылатын, әртүрлі мән-мазмұнда танылатын өзекті базалық
ұғымдарға айналып отыр. Сондай-ақ олардың мазмұндық ерекшелігі ұлттық, мәдени, ғылыми,
тарихи, жалпы энциклопедиялық білімдер негізінде танылады.
Жұмысымызда қазақ газеттеріндегі
билік концептісінің вербалдануы нақты мысалдар түрінде
көрініс тапты:
«Билік – үлкейткіш шыны… Онда сиқырдың элементі бар», «Билік –
орынтақ», «Билік – мемлекет деген алып машинаның тетіктерін іске қосу», «Биліктің
бөденесі» (Е.Ертісбаев), «Билік пен оппозиция – Алаш деген арбаның қос тертесі», «Билік
бір адамның, оның отбасының және олигархтың қолында», «Билік – ашса алақанында,
жұмса жұдырығында ұстау» т.б.
Медиа-мәтінге
Достарыңызбен бөлісу: