Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


  «БАҚ құралдарында PR-ақпаратты тарату тәсілдері (газет мәтініндегі тілдік



Pdf көрінісі
бет40/53
Дата23.03.2023
өлшемі0,59 Mb.
#75784
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
Байланысты:
медиамәтін прагматикасы

3.3.2 
«БАҚ құралдарында PR-ақпаратты тарату тәсілдері (газет мәтініндегі тілдік 
манипуляция)» атты тармақшада медиа-мәтіндегі тілдік манипуляция тәсілі кеңінен сөз 
болады. Бұқаралық коммуникацияда алдына қойылған прагматикалық мақсатына жету үшін 
автордың үнемі жақсы, дұрыс тәсілдерді қолдана бермейтіні байқалады. 
Яғни 
адресант аудиторияны өз пікірінің дұрыстығына сендіру үшін оқырманның когнитивтік 
санасында бұрыннан қалыптасып орныққан ғаламның тілдік бейнесіне белгілі бір өзгерістер 
енгізуге тырысады. Автор мүддесіне сәйкес қолданылатын осындай тілдік тәсілдерді екі топқа 
бөліп, оларды: 
1.  
Тілдік амал-тәсілдер; 
2.  
Тілдік айла-тәсілдер деп атадық. 
Мұндағы бірінші топқа бұрыннан белгілі, авторлар актив қолданатын, адресатқа жағымды әсер 
ету үшін пайдаланылатын тілдік бірліктер, екінші топқа реципиентке жасырын түрде әсер ету 
үшін, авторлардың немесе жекелеген бір топтардың теріс ниеттегі мүдделерін жүзеге асыру 
үшін қолданылатын тәсілдерді жатқыздық. Осы соңғы топқа байланысты мәселелер 
лингвистикалық әдебиетте 
«тілдік манипуляция» деп аталып жүр. 
Қазіргі қоғамымызда манипуляция тәсілі (шындықты бұрмалау) саяси дискурсқа байланысты 
кеңінен қолданылатынына көз жеткіздік. Әсіресе сайлау қарсаңында және сол науқанның 
барысында қазақ баспасөзінде сананы бұрмалаудың, яғни когнитивтік сананы түрлі 
тәсілдермен өзгертуге тырысатын ақпараттардың баспасөзді жаулап алатыны анықталды. 
Бір сөзбен айтқанда, адам баласының өзін қоршаған орта туралы ақпаратты табиғи таза 
күйінде емес, медиа-сүзгіден өткізілген, өңделген, автор көздеген мүдделерге сай құрылған 
күйде алуы осы бұрмалаудың түрліше тәсілдер арқылы жүзеге асырылуына кеңінен жол 
ашады. Баспасөз бетіндегі сайлау қарсаңындағы үгіт-насихаттық материалдарда 
манипуляция вербалды және бейвербалды тәсілдер арқылы кеңінен көрініс табады. Ондағы 
түрліше амал-тәсілдер жинала келіп индивид санасында когнитивтік қақтығыстың орын 
алуына әкеледі. Бұл негізінен газет материалдарының әсерін күшейтуге бағытталған тәсіл 
болып табылады. 
Жұмысымызда қазіргі қазақ газеттеріндегі тілдік манипуляция тәсіліне құрылған мәтіндер жан-
жақты талданып, оған қатысты мынадай тұжырымдар жасалды: біріншіден, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет