когнитивті лингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, социолингвистика сияқты
салалармен тығыз байланысты дамып келе жатқан прагмалингвистиканың пайда болып,
қалыптасуына шолу жасалып, ұғымдық шеңбері анықталды. Қоғамдағы субъектілер арасында
болатын тілдік қарым-қатынас адресант-адресат қостағаны аясында қарастырылды. Біздің
зерттеу нысанамыз – жазбаша формадағы газет мәтіні біріншіден, осындағы адресанттың
прагматикалық ұстанымын жеткізуші көп қырлы, терең мәнді, имплицитті түрде жеткізілетін
астарлы ойға құрылған күрделі прагматикалық бірлік ретінде алынса, екіншіден, социум
мүшесі болып табылатын адресатқа психика-эмоционалды тұрғыдан әсер ететін, сөйтіп
белгілі бір дәрежеде оның әлеуметтік мінез-құлқын реттеуге қатысатын маңызды
прагматикалық құрал ретінде қарастырылды. Өйткені кез келген мәтіннің прагматикалық
аспектісі айрықша маңызға ие. Сөйлеу актісінде бұл тіл ұстанушының тілдік бірліктерді өз түпкі
ниетіне сай етіп іріктей білуі, қай сөзге баса мән беретіндігі, өз сөзінің тыңдаушыға қандай
дәрежеде әсер етуін көздейтіндігі, соның нәтижесінде адресаттың қандай да бір әрекеттерге
баруына түрткі болатындығы, сондай-ақ айналадағы адамдарға өз сөзі арқылы өзін белгілі бір
қырынан таныстыруға, көрсетуге тырысатындығы т.б. барлығы жинала келе оның түпкі
ойының аудиторияға дұрыс, дәл, нақты күйінде жеткізілуін қамтамасыз етеді. Ғылыми тілмен
айтқанда, мұны
мәтінде алуан түрлі тәсілдермен
кодталған ақпараттың адресат тарапынан
Достарыңызбен бөлісу: