(кешігуші) тізбек негізінде қысқа, 1500
нуклеотидтерден тұратын ДНҚ
фрагменттері синтезделінеді. Оларды Оказаки фрагменттері деп атайды.
12-сұрақ
Теломералық ДНҚ-ның репликациясының ерекшеліктері. ДНҚ
ұштарының репликациясында теломера мен теломеразаның рөлі
ДНҚ-ның теломерлік бөлімдерінің репликацияланбайтындыгын,
алғаш рет
1971ж. А.М. Оловников айтқан болатын. Мұның мәні мынада: жоғарыда
сипатталған ДНҚ полимеразалык жүйе аналык ДНҚ молекуласының
жіішіелерінің 3' ұшын толық репликацияламайды, яғни жанадан
синтезделген ДНҚ тізбектері 5' ұшы жағынан қысқа болады.
Себебі әрбір
жаңа ДНҚ тізбегі кыска «РНҚ - ұйытқыдан» (праймер) басталады. Кейін ол
ерекше нуклеазалар аркылы алынып тасталады, бірак
босаган учаске
дезоксинуклеотидтермен толтырыла алмайды, себебі ДНҚ полимеразалар өз
бетінше («РНҚүйыткысыз») ДНҚ синтезін бастай алмайды, ол тек
полинуклеотидті 3' ұшынан ұзартады.
ДНҚ молекуласының
бір тізбегі ұзын, екіншісі қысқа ұшын үшкір ұшы
немесе оверхенга деп аталады.
Бұл жағдай эукариоттарға тән сызықтық ДНҚ
молекуласының репликациясы кезінде артта қалған тізбектің синтезделуі
нәтижесінде байқалады. ДНҚ-ның үшкір ұшы тұрақсыз болады,
себебі
экзонуклеазалар ұзын ұшындағы артық нуклеотидтерді бір-бірлеп алып
тастап, ДНҚ ұшын тұйықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: