1-сұрақ Молекулалық биология және медициналық генетика пәні, мақсаты және міндеттері. Молекулалық биология



Pdf көрінісі
бет3/28
Дата27.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#76323
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
МБМГ РК 1 ЖАУАПТАРЫ

Плазмалық жарғақша жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды 
заттардан түзілген.
Жасуша плазмалық жарғақша, цитоплазма, ядро және 
органоидтардан тұрады. 
Цитоплазма - жасушаның ішін толтырып тұратын іркілдек сұйықтық. 
Жасуша мен сыртқы орта арасында жүретін зат алмасуды қамтамасыз ететін 
жасушаның қажетті бөлімі. 


Ядро - жасушаның реттеуші орталығы. Пішіні - домалақ, таяқша, 
үрмебұршақ тәрізді, екі жағы қысыңқы және т. б. эритроциттер (қан 
жасушасы) мен тромбоциттерде (қанның пластинкасы) ядро болмайды. 
Хромосома - тұқымқуалау қасиетін сақтайтын жіл, таяқша тәрізді түзіліс. 
Адамның дене жасушаларында хромосомалардың саны тұрақты - 46, жыныс 
жасушаларында 23. Хромосоманың бөліктерін - «ген» дейді. Гендер 
хромосоманың ұзындығына қарай түзу сызық бойымен орналасқан. Олар 
тұқымқуалау белгілерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. 
Ядрошықтар - кейбір жасушаларда пішіні мен құрылымын өзгертіп тұратын 
тығыз түзіліс (денешік). Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде 
ядрошық жойылып, басқа кезеңінде қайта түзіледі. Ядрошық нуклеин 
қышқылының синтезіне қатысады. 
4-сұрақ 
Прокариот жасушаларының құрылымдық ерекшелігі. 
Прокроит жасушаларында мембрана құрылымы болады олар 
микрооргонизмдердің энергетикалық процестерінде қатысады. Мысалы көк – 
жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофил болады және олар 
фотосинтез процесін жүзеге асырады. 
Кей бір микрооргонизмдерде мембрана құрылымдары аэроботты тыныс алу 
процестеріне қатысады

Прокариоттарға бактериялар мен көк жасыл 
балдырлар(цианобактериялар) жатады. Бактериялар микроскопиялық 
организмдер, яғни, біржасушалы. Көптеген бактериялар талшығымен 
қозғалады.
Прокариоттық жасушалардың негізгі компоненттерінің молекулалық 
құрылысы.
• Көлемдері кіші (0,5-3мкн); 
Жекелеген ядросы болмайды
• ДНҚ түріндегі генетикалық материал цитоплазмадан қабық арқылы 
шектелмеген.
Гистон нәруызы болмайтын жалғыз сақиналы 
хромосомадан тұрады. ДНҚның кішігірім молекулалары плазмидалар, 
олар геномды хромосомалардан бөлек,дербес репликациялануға 
қабілетті.
• Жасуша орталығы болмайды.
• Мембрана жүйесі дамымаған; 
Органоидтар болмайды, тек нәруыз синтезін жүргізетін рибосомалар 
болады(бір жасушаға 10000); 


• Гистон нәруызы болмайтын жалғыз сақиналы хромосомадан тұрады. 
ДНҚның кішігірім молекулалары плазмидалар, олар геномды 
хромосомалардан бөлек,дербес репликациялануға қабілетті.
• Жасушаның бетінде қорғаныс қызметін атқаратын тығыз жасушалық 
қабырға орналасады. Ол арқылы су, орг заттардың молекулалары, 
тұздар өтетін каркас болып табылады. Тіректік каркасы гликопептид 
муреин. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет