Қазақстанның топырақ жүйесі
Қара топырақты зона- республиканың солтүстігінде тараған. Бұл
зон
а Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай
облысының көп
жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік
бөл
іктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын)
алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген
қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін
алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі
қуаң даланың қара
топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы
жағынан алдыңғы екі өңірдің
топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%)
қара топырақ орын
алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара
топырақты зона ылғалмен қамтамасыз
етілген жазық далада тараған,
республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
Қара қоңыр топырақ зонасы -қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан.
Бұл
Орталық Қазақстанның көп жерін,
Каспий маңы ойпатының
солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл –
республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын
90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып
жатқан зона. Қара
қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт
қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі;
шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы
оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі
қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық
қызыл
топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%.
Бұл топырақ зонасының
солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені
мұнда ылғал аз түседі.
Достарыңызбен бөлісу: