Реферат тақырыбы: Туған жер топырақтары түрлеріне сипаттама және өңірдегі рекультивация жұмыстары (Атырау)



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата27.03.2023
өлшемі260,27 Kb.
#76389
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дидар Рафхат топырақ Атырау

 
 


Қазақстанның топырақ жүйесі 
Қара топырақты зона- республиканың солтүстігінде тараған. Бұл 
зон
а Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп 
жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік 
бөл
іктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) 
алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген 
қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін 
алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара 
топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің 
топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын 
алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара 
топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, 
республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады. 
Қара қоңыр топырақ зонасы -қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. 
Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының 
солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл – 
республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 
90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып 
жатқан зона. Қара 
қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт 
қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; 
шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы 
оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі 
қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық 
қызыл топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының 
солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені 
мұнда ылғал аз түседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет