зерттеулерді барынша үдете түсу керек дейді. Медициналық нснхология саласында Ибн Сина пікірлерінің түйіні —
өткен замандағы беделді ғалымдардың пікірлерін дәріптей бермей, шығыс медицинасынын табыстарына иек артып,
неғұрлым
тәжірибеге, оның жетістіктеріне сүйену қажет дейді. Мұндай ой-тұжырымдарын ол өзінің “Медицина
қағидаларында” кеңінен баян-дайды. Адам психикасының ми қызметіке тәуелді болып отыратын-дығы бұл еңбекте
материалистік тұрғыдак қарастырылады. Ибн Сина зерттеулерінде жанның (психиканың) адамның көңіл-күйіне қатысты
сезімі мен эмоциясының және аффекттің табиғи негізінің іздестірілуі сол замандағы психология іліміндегі жаңашылдық
ба-ғыт еді. Ибн Синаның психологиялық
ой-пікірлері мен зерттеулері, негізінен, тәжірибелік бақылауға жүгінді
Орта ғасырлық араб тілді ғұламалар Закария Разидің ғылымды бақылау нәтижелері мен тәжірибеге негіздеу
жайындағы ой-пікірі, Ибн әл-Хайсамның психофизиологиялық идеялары Ибн Сина зерттеулерімен ұштасып, жан жүйесі
жайындағы ғылымның канат жаюына елеулі үлес қосты.
Орта ғасырлардаш еуропалық жанның мәңгі өлмейтіні, оның денедек бөлек өмір сүретіндігі жайлы психологиялық
ой-пікірлер одан әрі қарай өрістеп, идеалистік көзқарастың дами түсуіне жол ашты. Осы бағытта Фома Акцинский (1225
—1274 жж.) мен басқа да философтардың схоластикалык жүйедегі көзқарастары үдей түсті. Алайда,
мұндай
схоластикалық түсініктсрдік шындықка сай еместігіне көз жеткізген ағылшын оқымыстылары Гроссетест (1175—3263
жж.), оның шәкірті Роджер Бэков ( І214 —1292 жж.) барлық ғылымдар тәжірибеге және математика ғылымына сүйенуі
керек деген тұжырым жасап, жан туралы және оны материямсн бірлікте өмір сүреді дейтін аристотельдік қағиданы
жанғыртты. Психологяяның даму тарихында орта ғасырлық дәуір талас-тартысты оқираларға толы болды.
Психология ғылъшыньщ тарихында XVII ғасырдың алатын орны ерекше. Бұл кезеңде Еуропа халықтары
дамуьшда елеулі өзгерістер болып, психология ілімі жанында жаңаша көзқарастар қалыптаса бастады. Әйгілі ағылшын
ғальшы Френсис Бэкон (1561 —1626 жж.) ғылымды тәжірибелік зерттеулерге
негіздеп, оныц нәтижелерін адамның
құралына айналдыру қажет деп санады. Оның пікірінше, адамның ақыл-ойын жетілдіру үшін оның табиғат жайындағы
білімін өсіріп, күш-қуатын арттыру керек. Бұл орайда, дүнненің сырын тәжірнбелік зерттеу арқылы ашқан тиімді деп
тапты. XVIІ ғасырдағы пснхологиялық он-пікірді дамытуда: а) жанды дененің соның ішінде адамның да жан дүниесін
зерттеп, олардың құпия сырларын ашу: ә) әрбір индивидкс (жеке адамға) тән сананы, оның ішкі дүниесін бакылау
арқылы өзіндік психикалық күй-жайын; б) адамның құмарлығы мен аффектті күйлерін,
оның өз мінез-кұлқын меңгеруін,
жақсы, жаман істерге бой ұруын;
в) денесінің күш-қуатын, жүйке жүйесінің қызметі мен психикалық жағдайлары ара
қатынасының қандай күйде
екендігін анықтауға ерекшс мән берілді. Психологиялық ілімді өрістету жолындағы мұндай
көзқарастарды қолдап, өздерінің еңбектерін жазған ойшылдар — Декарт (1596-— 1650 жж.), Т. Гоббс (1588-1679 жж.),
22
Б.
Спиноза (1632 -1677 жж.), Г. Лейбнии (1646—1716 жж.). Дж Лакк (1612—1704 жж.) сияқты аттары әлемге әйгілі
адамдар болды.
Достарыңызбен бөлісу: