Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


§ 3, Орта гасмрлардағы жан туралы ілім



Pdf көрінісі
бет13/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   124
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 3, Орта гасмрлардағы жан туралы ілім
Ежелгі дүниеиін, құл иеленушілік коғамның іргесі қаусап, тарнх сахиасынан кеткен соң оның орнына бірнеше
ғасырларға созылған феодалдық қоғам орнады Бұл дәуірдід тарихи даму сяпаты ғылыми идеялар мен жеке адамның
даралык өсу қасиеттерін тоқырауға ұшыратты. Ерте дүниеден бері қалыптасқан адам психикасы жай-ындағы ілім
мистикалық және діни көзқарастар ықпалына көшті. Жан екі турлі сипатта өмір суреді деп уағыздалды. Псикика туралы
ертеден қалытасқан тәжірибелік зертіеулер схоластикамен алмасты. Жан жайындағы аристотельдік ілім өмірден
шеттетілді.
Алайда, VIII—XII ғасырларда араб тілді Шығыс елдерінде философиялық ой-пікірлер өркен жайып, ғылы-ми
зерттеулер және адамның жан дүниесі жайыидағы ілім жанданып, жаңа сипатка ие болды. Араб тілді Шығыс елдеріндегі
мәдениет пен ғылымның орта ғасырларда Еуропа мен басқа да елдерге тарап, кең қанат жаюы жалпы адам баласы
мәдениетінің өркендеуіне әсер етті VII ғасырда Халифат мемлекетінің құрылып, араб тілінін мемлекеттік тілге айналуы,
ислам дінінің таралуы, Халифат астанасы Бағдат пен өзге шаһарлардың өсуі оны дүниежүзшк мәдениеттің орталығына
ай-налдырды. Жаратылыстану, медицина, математика мен адамтану ғылымдары өркен жайып, ежелгі дүние ғұламалары
Платон мен Аристотельдің, Гален мен Архимедтің еңбектері араб тіліне аударылды. Сөйтіп, бұл еңбектер Кіндік Азия
елдеріне, Үндістаннан бастап сонау Пиреней түбегіне дейін таралды, сол елдерді мекендегсн халықтардың төл
мәдениетінін, философия мен өзге де шлымдардық қарқынды дамуына өз шарапатын тигізді.
Аристотельдің және баска да ғалымдардын. идеялары, ашқан жаңалықтары, ой-пікірлері жақа сипат алып, біздің
аты әлемге әйгілі ғүлама бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби (870—950 жж.), Әбу Али ибн Сина (Авиценна) (980—1037
жж.), Ибн Рошд (Аввероэс) (1126— 1198 жж } сияқты орта ғасырлық ғұламалардық зерттеулері арқылы адамның жан
дүниесі жайындағы ілім өркендеді. Араб ғалымы Ибн әл-Хайсам (Әлгазен) (965— 1039 жж.), Иранның медик ғалымы
Закария Рази (865— 925 жж.) өз еңбектерінде адам жан жүйесі жайлы сол замандардағы ғылым жетістіктеріне сүйеніп,
әр алуан зерттеулер жүргізді
Әбу Насыр әл-Фараби — саи алуан еңбектер жазып, “Әлемнің екінші ұстазы” атанған данышпан ғалым. Оның
адам жан дүниесінің қыр-сырын ашып көрсететін бірнеше шығармалары бар. Солардың ішінде “Ізгі қала тірғындары”,
20


“Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің өнегелі сөздері” тәрізді басқа да шығармаларында ол бүкіл
философиялық жүйені метафизика мен психологиядан бастап, әдеп пен социологияга дейінгі ғылым жетістіктерін
кеңінен талдайды, сонымен қатар әрбір мәселенің мән-жайына анықтама түсініктер берелі Әл-Фараби Аристотельдің
еңбектерін, әсіресе, оның “Жан туралы” деп аталатын шығармасын жете зертгеп, араб тіліне аударды. Жан жүйесінің
сырын зерттеуде Әл-Фарабидің Аристотель ықпалында болғандығы — шындық фактор
Ұлы ойшыл Әл-Фараби психология гылымы туралы айткан бір пікірінде дүние материядан құралады, ол жойылып
кетпейді, бір түрден екінші түрге көшіп өзгере береді, жан тәннен бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет